«Стратегия «Казахстан 2050»: укрепление здоровья нации средствами физической культуры и спорта»


күшейіп, қатысушылардың саны артуда



Pdf көрінісі
бет70/95
Дата13.12.2021
өлшемі8,46 Mb.
#125670
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   95
Байланысты:
3-2014
АнтикорТест, varr10rady (1), varr19rady
күшейіп, қатысушылардың саны артуда.

Жасампаз «ЖАСЫЛ ЕЛ» жасай бер!

Биыл  да  бұл  шара  жоғары  деңгейден  көрінді.  Байқауда 

1-курс  студенттері    Асыл  Көкеева,  Айзада  Қуан,  Нұржайнат 

Ахмет, Жаңылсын Батыргереева, Мейрамгүл Тасқали, Ақсана 

Жұмабаева сынды аруларымыз қатысса, ал 2-курс студенттері  

арасынан Динара Бекешева, Ботакөз Файл, Асылзада Насипова, 

Гүлзада Амангелдиева атты бұрымды қыздарымыз өз өнерлерін 

ортаға салды. Сайыстың барысына тоқталсақ, байқау негізі 6 

бөлімнен  тұрды.  Әр  бөлім  өзіндік  маңызымен  ерекшеленді. 

Байқау барысында қатысушы аруларымыз өздерінің өнерлерімен 

қоса, ұзын қос бұрымымен барша көрерменді тәнті етті. Алғашқы 

«Шолпысы сылдырлап» сайысында қатысушыларымыз қазақи 

ұлттық  киім  үлгісімен  шығып,  әдемі  жүрістерімен  көрермен 

көзайымына  айналса,  «Зерделі  болса  үкілім»  атты  бөлімде 

аруларымыз асқан ақылдылығымен көпшіліктің көңілінен шықты. 

Ал «Әдемі көйлек – сән келбеті» бөлімінде қатысушылар кешкі 

сән көйлектерімен сайыстың ажарын аша түсті. Бір қуантарлық 

жағдай, қазіргі таңда көптеген аруларымыз шаштарын өсіруді 

сәнге айналдырғанын байқадық. Бұл қыздарымыздың көркіне 

көрік қосып, арулардың сұлулығын айқындай түседі.  

Сайысты  қорытындылай  келсек,  «Көрермен  көзайымы» 

номинациясын      Динара  Бекешева  иеленсе,  «Өнерлі  ару» 

номинациясы  Гүлзада  Амангелдиеваға  табыс  етілді.  Айзада 

Қуан  «Инабатты  ару»  номинациясымен  марапатталды.  Ал 

байқаудың  бас  жүлдесін,  яғни  «Бұрымды  ару-2014»  атағына 

Жаңылсын  Батыргереева  лайық  деп  танылды.  Байқау 

жеңімпазына  өткен    жылғы  бұрымды  аруымыз  Әйгерім 

Қәуен  дәстүрлі ауыспалы тәжді табыс етті, қалған қатысушы 

аруларымыз алғыс хаттармен марапатталды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет