Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет43/147
Дата01.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#107529
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   147
Байланысты:
44 СН РК 3.02-13-2014
9 апта тапсырма
ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
 
24 
5.4.6.26  Балшықпен  емдеуге,  күкіртсутекті  және  радон  ванналарына  арналған  үй-
жайларды палата бөлімдерінің тікелей астына орналастыруға жол берілмейді. 
5.4.6.27 Барлық металл аспаптар мен заттар қорғаныстық жерге тұйықтауға жатады. 
Кабиналардың металл конструкцияларын қабырғалар және еденнен оқшаулау керек. 
5.4.6.28  Электрлік  ұйықтау  кабинетін  дыбыс  оқшаулау  талаптарын  ескере  отырып 
орналастыру  керек.  Кабинетте  бақылауға  арналған  қарау  терезесі  бар  өтпелі  аппараттық 
болуы тиіс. Сонымен қатар жарық пен дыбыстан қорғайтын перделерді қарастыру керек. 
5.4.6.29  Балалар  емдеу-профилактикалық  ұйымдарында,  емханаларда  және 
профилакторияларда топтық процедураларға арналған фотариийді қарастыру керек.  
5.4.6.30 
Рефлексотерапия  кабинеті  реттік  нөмірлермен  белгіленген  жеке 
кабинеттерге  орналастырылатын  дәрігер  және  процедуралық  кабинеттен  –  іргелес-
оқшауландырылған үй-жайлардан тұруы тиіс. Креслоларға және кушеткаларға орналасқан 
науқастарға қызметкердің екі жағынан жақындау мүмкіндігін қарастыру керек. 
5.4.6.31  Жылумен  емдеу  кабинеті  парафин  және  озокеритоемдеу  процедураларын 
жүргізуге арналған. Кабинет жанында сору-тарту шкафымен жабдықталған, парафин мен 
озокеритті жылытуға арналған қосалқы үй-жайды қарастыру керек. 
5.4.6.32 Жылумен емдеу кабинетінің едені линолеуммен жабылуы тиіс.  
5.4.6.33 Омыртқаны 
созуға 
арналған 
үй-жайдың 
жанына 
кушеткалармен 
жабдықталған демалу бөлмесін орналастыру керек.  
5.4.6.34  Балшықпен  емдеу  залы  жеке  кабиналардан  және  оларға  жалғасатын  киім 
ілуге  арналған  кабиналар  бар  душ  кабиналарынан  тұруы  тиіс.  Науқастардың  киім  ілуге 
және душқа арналған кабиналар арқылы кіруі қарастырылған. 
5.4.6.35 Электр балшықты процедуралар үшін электр жарықпен емдеу үй-жайларына 
қойылатын  талаптарды  сақтай  отырып,  балшықпен  емдеу  үй-жайының  құрамында  жеке 
оқшауланған үй-жай қарастыру керек. 
5.4.6.36  Балшықтарды  сақтау  үшін  тек  таза  балшықты  қолдану  үшін  есептелген 
бірнеше бассейнді қарастыру керек. 
5.4.6.37  Еңбек  терапиясы  үй-жайлары  медициналық  ұйымдардың  (бөлімдердің) 
қалпына  келтіріп  емдеу  бөлімінің  құрамында  қарастырылған,  еңбек  терапиясы 
психиатриялық, наркологиялық емдеу процесінің бөлігі болып табылады. 
5.4.6.38 Үй-жайлар құрамы жұмыс орындарының санына және еңбек терапия түріне 
байланысты анықталады. 
5.4.6.39  Қан  құю  бөлімін  инфекциялық  бөлімдерден  және  қосымша  қызметтерден 
(асхана,  кір  жуу  орны,  қазандық)  мүмкіндігінше  алыс  жеке  ғимарат  шетіне  орналастыру 
керек. 
5.4.6.40 Қан  құю  бөлімінің  қуаты  қан  компоненттерінің  және  препараттарының 
қажеттілігіне байланысты анықталады, ол өз кезегінде емдеу-профилактикалық мекемелер 
түріне, палата бөлімдерінің профиліне және олардағы төсектер сыйымдылығына, сонымен 
қатар  емдеу-профилактикалық  мекемеге  «жедел  жәрдеммен»  жеткізілген  науқастар  мен 
зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету көлеміне байланысты. 
5.4.6.41 Қан  құю  бөлімін  бұрынғы  инфекциялық  корпустарға,  санитарлық-
эпидемиологиялық  станцияларға,  сот-медициналық  және  патология-анатомиялық 
бөлімдерге орналастыруға тыйым салынады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет