Студент: Ильясқызы Әсел


Редакторлық талдау және оның негізгі қағидаттары



бет3/4
Дата10.12.2023
өлшемі20,92 Kb.
#196179
1   2   3   4
Байланысты:
Ильясқыз Әсел 8-билет

3.Редакторлық талдау және оның негізгі қағидаттары
3.Редакторлық талдау және мәтін. Логика мен психологияда «анализ», яғни «талдау» термині, ойлау процесін білдіреді, ал оның басты мақсаты: обьектіні бірнеше бөлікке бөліп қарастыру арқылы жан-жақты талдау. Шығарманы бағалауда да редактор оны бөлшектер мен элементтерге бөлу арқылы саралайды. «Анализ» сөзі ғылымда кең мағынада зерттеу дегенді білдіреді.
Сонымен, редакторлық талдау дегеніміз не? Ол не үшін қажет? Редакторлық талдау мәтінді толыққанды зерттеу үшін қажет. Көзі қарақты әр оқырман өз оқығанын әр қилы бағалайды. Мысалы, кітап оқи отыра, адам әлде бір сезімдерді бастан кешіреді. Бір кейіпкерлердің ренішіне бірге ортақтасса, бірде бірге қуанады. Ал кітап пен оқырман арасындағы байланысты жсауда редактордың да біршама үлесі бар. Өйткені редактор дайындалмаған материалмен жұмыс жасағанда, былайша айтқанда мәтінге жан бітіргенде, ол ең алдымен оқырманның талғамын ескереді. 
​Шикі материал оқырманның кәдесіне жарай ма? Ол тек автордың өзі және редакторға ғана белгілі жайт. Редактор жұмысы автор үшін таптырмас қолғабыс, көмек болатыны сөзсіз. «Сырт көз - сыншы» дегендей, автор өз жұмысын редакторға тапсырады.
​Ал редактор мәтіндегі кемшіліктерді ашып көрсетіп, түзетулер енгізу арқылы мәтінге ерекше реңк береді. Редактор мамандығының басты құндылығы міне, осында.
​Осы орайда, редактор мәтінге ең алдымен оқырман көзімен қарайды, алайда редактор мен оқырман арасындағы айырмашылық жер мен көктей.
​Редактор редакторлық талдау процесі барысында баспаға жіберілетін материалдың мазмұнымен жете танысады. Сонымен қатар, оқырманға қалай әсер ететінін де алдын-ала болжайды.
​Қолжазбаға өзінің тарапынан баға беріп, түзетулер ұсынады. Яғни, редакторлық талдауды, оқығаннан кейін жасалатын қорытындылар болжамының зерттелуі деп те қарастыруға болады.
​Бұл болжаулар редакторға белгілі негіздерге ғана сүйеніп жасалады. Редактор алдында тұрған мәселелерді дұрыс шешукде бірнеше қадамдарға басымдық береді. Яғни, редакторлық талдау процесі бірнеше сатыдан тұрады. Жалпы, редакциялауда түзетудің төрт түрі де пайдаланылады. Грек тілінен аударғанда «analysis» сөзі бөлу, бөлшектеу дегенді білдіреді. Талдау сөзі кезегінде, үш басты кәсіби міндеттердің шешілуін меңзейді, олар мәтінді зерттеу, оған баға беру және авторға ұсыныс білдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет