Студент: Шадыбек Елжас 213жм №4 практикалық сабақ. Таным философиялық мәселе ретінде. Сұрақтар


Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр



бет3/3
Дата16.02.2022
өлшемі46,29 Kb.
#132091
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
4-семинар Шадыбек Елжас

3. Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр.


Рационалды деп бір жүйеге келтірілген, логикалық заңға бағынатын, теориялық деңгейде құрастырылатын ілімдік көзқарасты айтамыз. Рационалды көзқарас дами келе рационализмдік- ілімдік көзқарасқа айналады. Рационализм ақылға, парасатқа, парасаттылық бейімділіктің ақиқаттылығына, дəлелдік күшіне сенуді білдіреді.
Рационалды көзқарастың елеулі ерекшелігі — «жоқтан бар» болмайтындығында. Материалдық дүние «жоққа айналмаулығы», материалдық дүние сан жағынан сақталып, сапа жағынан өзгеріп отыратындығы, рационалдық көзқарастың негізі деп қарастырамыз. Мұндай көзқарастың логикалық жалғасы — «бар нəрсе» жоққа айналмауы. Мұндай көзқарас дами келе, философиялық көзқарасты туғызды. Қандай бір философиялық ілім болмасын, рационалдық көзқарасқа негізделеді. Мысалы, діни көзқарас бойынша, Құдай жоқтан барлық көрініп тұрған нəрселерді жасады десе, философия немесе бірінші философ (натурфилософ) Фалес, барлық нəрсе судан шықты (жаралды) деп дəлелдеді. Философ Демокрит болса, барлық нəрсе атомнан тұрады деді.
Адамзаттың тану қабілетінің дамуына байланысты мифтік көзқарас саралау халге жеткеннен бастап көзқарас сакральді (қасиетті) жəне «жергілікті» болып бөлінді. Сакральді діни-сенімдік болып табылса, жерлік ақылдық, реалді рационалдық болып түсіндірілді. Реалды рационалды көзқарас рационализмды тудырса, сакральді қасиетті иррационализімді тудырды. Діни көзқарастың шығуына байланысты иррационалдық көзқарастың негізі наным мен сенім болып қарастырылса, ал философияның шығыуына байланысты рационалдық көзқарастың негізі ақыл, ес, парасат болып қарастырылды.
Фрэнсис Бэкон (1561-1626) – Англиядағы эмпиризмнің егізін қалаушы. «Жаңа Органон» трактатының авторы, онда ғылымның міндетіне жаңа түсінідірмені жасап, ғылыми индукцияның негіздеді. «Жаңа Атлантида» шығармасында саяси көзқарастары тұжырымдалып, утопиялық көзқарастары берілді, гүлденген идалды мемлекет бейнеленді, онда өмір ғылымның рационалды негіздері арқылы ұйымдастырылып, техниканың дамуы қарастырылған, бірақ онда басқарушы мен бағынушы класстар сақталған.
Ғылыми дәстүрді қалпына келтірудің логикалық негіз ретінде индукция теориясын алды. Индукцияның алғышартын тәжірбиені аналитикалық тұрғыдан ұғыну құрайды. Бэкон бұрынғы түсіндіруді теріске шығарудың мәнін аша отырып, оған қарсы болды, оны негативті (теріс) интенция деп атады. Оның ойынша, онымен шұғылдану қателіктерге ұрынудың, суеверия мен ақылға сиымсыз көзқарастардың пайда болуының басты себебі. Ғылыми дәстүрді қалпына келтіру арқылы бос елестерден, қателіктерден тазарту керек деп тұжырымдады. Осыған байланысты ол төрт түрлі қателікті, таным жолына кедергі келтіретін – төрт түрлі «елестер» (қате бейнелер) немесе себептерді көрсетті. Олар «тектік елестер» (адам табиғатына тән ой қабілеттерінен), «үңгір елестер» (ғалымдардың жекелеген топтарына немесе жеке адамдар тобына тән қателіктерден туады), «алаң елестер»(түсіндіру барысында тілдің шикілігі мен дәлелсіздігінен сөздер арқылы кеткен қателіктер) и «театр елестер» (ақылды қате көзқарастарға тәуелді етіп, бөтен біреулердің пікіріне сын көзбен қарамай қабылдау). Жалған көзқарасты жойған соң шынайы әдістің негізінде жаңа ғылым жасауға болады. Бэкон бойынша, ғылым тәжірбие фактілерінің ұтымды түрде өңделіп – пысықталуы болуы тиіс, яғни оның тұжырымдарының индукция арқылы жинаған ұғыидарға негізделген қағидалар болды.
Бэконның философияны дамытудағы маңызды жақтары: жаңа ғылыми дәстүрді қалпына келтіріп, өткен кезеңнің философиялық ілімдеріне баға берді; табиғатқа материалистік түсініктерін қалыптастырды, материяға – бөлшектердің жиынтығы, табиғат – денелердің жиынтығы ретінде қарауды ұсынды; қозғалыстың материяның ажырамас бөлігі ретінде қарап, механикалық қозғалыспен шектеліп қалмай, 19 түрін тапқан; жаңа қажетіліктерді, Англиядағы алғашқы капиталистік қор жинау дәуірінде ғылымға қойылған талаптарды көрсетті.
Ғылыми танымның екі деңгейін-эмпириялық таным мен теориялық танымды бөліп көрсетуге болады.
Эмпириялық таным - бұл эксперимент, бақылау, баяндау, салыстыру, өлшеу. Бұл деңгейде объект алғашқы ізденістен өтеді, онық сыртқы ерекшеліктері мен кейбір заңдылықтары анықталады. Теориялық деңгейде объект түсіндіріледі, оның түпкі, негізгі, ұдайы қайталанып отыратын заңдылықтары ашылады. Бұл екі деңгей бір-бірімен тығыз байланысты. Эмпириялық таным ғылыми заңдардың қалыптасуының бастауы, негізі болып табылады, теория эмпириялық материалды түсіндіреді.
Зерттеудің теориялық деңгейі жоғары деңгейдегі жинақтаумен, идеализациялаумен, объектінің заңдылықтары мен ішкі байланыстарды бейнелеумен ерекшеленеді. Ғылыми танымда арнайы методтар қолданылады. Метод дегеніміз - зерттелетін нәрсені ойша қайта жаңғыртудың, қойылған ғылыми мақсатқа жетудің тәсілі. Эмпириялық деңгейде бақылау, өлшеу, эксперимент, баяндау, ал теориялық деңгейде тарихилық пен логикалық, аксиоматикалық метод, формальдау, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу сияқты тәсілдер қолданылады. Кейбір тәсілдер (жіктеу мен біріктіру, индукция мен дедукция, модельдеу) эмпириялық және теориялық деңгейде де кеңінен қолданылады. Бақылау - сыртқы дүниені мақсатты да жүйелі түрде қабылдау. Ол танымның алғашқы дерек беретін көзі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет