Студент: Тазабек Марал Семинар сұрақтары



Дата07.02.2022
өлшемі20,43 Kb.
#96402
түріСеминар
Байланысты:
тарих 5


Студент:Тазабек Марал
Семинар сұрақтары:
1. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі.
2. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу. Өнеркәсіп, аграрлық және қаржы-банк секторлары сияқты экономиканың шешуші салаларының даму басымдықтары мен келешегі.
3. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары.
1. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсәп салалары ауыр индустрия , жеңіл өнеркәсіп біртіндеп тоқтай бастады . Материялдық ресурстардың жоқтығынан кәсіпорындар қаржының жетіспеушілігінен дағдарысөа ұшырады. Халықтың тұтынатын тауары күрт азайып,мұнай мен көмір өндіру қысқырды.металлургия өнеркәсібінде шойын,болат құю азайды. Құрылыс және ауыл шаруашылығы техникасын шығару кеміді.Өндірістің құлдырауының себебі, одақ бойынша бұрынғы қалыптасқан шаруашылық қатынастың үзілуіне және дайын тауар өндіретін,машина жасау салаларының жоқтығында.Бұл қиыншылықтар мен кемішіліктерді жою үшін 1999жылдан бастап қаз. Үкіметі елдің өнеркәсібін жақсартуда шаралар жүргізді. Жеңәл онеркәсіпті дамыту бағдарламасы жасалып, хими өнеркәсібі мен машина жасау саласын дамыту бағдарламасы жасалды.Өтпелі кезеңде 90жылдары ауыл шаруашылығында дағдарыс болды.себебі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдердің арасындағы үлкен алшақтық еді.Және колхоз бен кеншарларда тез арада жекешелендіру науқанының зардабы тиді.Егіншілік өнімдірі азайып, егін егетін жер көлемі қысқарды, осыған байланысты мал басы да азайып кетті. Осыған байланысты халықтың арасында жумыссыздық қаупі туындады. Халықтығ тұрмыстық жағдайының нашарлауына алып келді. Әлеуметтік салада тұрмыс деңгейінің нашарлауы,әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы,күнделікті тіршіліктің бұрмалануы, ұлтаралық қатынастардық шиеленісуі, маскүнемдік пен нашақорлық, ұрлық,парақорлық жағдайлары экономикаға кері әсерін тигізді.


2. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу. Өнеркәсіп, аграрлық және қаржы-банк секторлары сияқты экономиканың шешуші салаларының даму басымдықтары мен келешегі.


Басқа республикалар сияқты Қазақстанның да нарыққа бағытталған экономика құруға бет алғанына он жылдан да асты. Бұрынғы жоспарлы экономиканы нарықтық экономика түріне алмастыру экономиканың барлық салаларында дерлік жүргізілді. Көлемі мен тереңдігі жөнінен бұрын болып көрмеген әлеуметтік – экономикалық және саяси дағдарыстан елімізді алып шығу жолында күрделі істер атқарылуда. Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты нарыққа бет алған экономика жолына 1992 жылдың қаңтарында аяқ басты. Нарықтық экономикаға өту барысында Қазақстанға өзара тұтасып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:


— экономиканы тұрақтандыру және оны тамыры тереңге кеткен дағдарыстан шығару;
— нарықтық қатынастарды құру және дамыту;
Экономикада нарықтық қатынастармен нарық тетіктерін құлашын кеңге жайған дағдарыс жағдайында дамыту өте күрделі еді, сондай-ақ экономикалық дағдарысты жеңу де қиын еді, өйткені шаруашылық жүргізудің ескі тетіктері оған жарамайтын, ал жаңалары тек енді ғана қалыптаса бастаған болатын.
Қазақстанның бүгінгі экономикасы нарықтық экономикаға әбден ұқсайды, бұдан былай жоспарлы экономикаға қайтар жол жоқ. Нарықтық экономикаға өту барысында экономикамызда төмендегідей бағыттар бойынша құрылымдық өзгерістер жүргізілді:
-мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл-шаруашылық бірлестіктерін жекеменшікке беру;
-экономика құрылымында өнеркәсіптің әсіресе өңеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру. Өнеркәсіптің артта қалған салаларында өнімділікті арттыру үшін және жаңа техникамен технологияларды пайдалану үшін шетел инвестицияларын тарту;
-ҒТР нәтижелерін экономиканың барлық саласында кеңінен пайдалану;
-жеке кәсіпкерлікті дамыту;
-отандық тауардың сапасын жақсарту рақылы дүние жүзілік нарықтағы бәсекелестігін арттыру;
-экономикадағы қажетсіз салаларды басқа салалармен ауыстыру, орта және ұсақ кәсіпорындардың санын көбейту;
-Әлемдік шаруашылыққа интеграциалану, яғни халықаралық еңбек бөлінісіне қатысып, сыртқы сауда құрылымын өзгертіп, экспортқа тек шикі-затты ғана емес, сонымен қатар дайын өнімді шығару.

3. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары.


Қазақстан Республикасын индустрииялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) «Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының «Экономиканы әртараптандыруды жеделдету» деген түйінді бағытын іске асыру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI-ші пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген.


Бағдарлама Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі – ҮИИДМБ) қисынды жалғасы болып табылады және оны іске асыру тәжірибесі ескерілген. Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі болып табылады әрі күш-жігер мен ресурстарды секторлардың шектеулі аясына, өңірлік мамандануға шоғырландыра отырып, кластерлік тәсілді қолдану арқылы өңдеу өнеркәсібін дамытуға және тиімді салалық реттеуге бағытталған.
Көрсеткіштер:

  • 2020 жыл деңгейінен өңдеу өнеркәсібінің өндіріс деңгейі 43 пайызға

  • Өңдеуші өнеркәсіптің жалпы қосылған құны 1,4 есеге

  • Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1,4 есеге

  • Шикізаттық емес экспорт көлемі 1,1 есеге

  • Өңдеу өнеркәсібінде энергия жұмсалуы 15 пайызға төмендеді

  • Өңдеу өнеркәсібінде жұмыспен қамту 29,2 мың адамға көбейді.

700-ге жуық ақмолалық жаңа цемент зауытында жұмысқа орналастырылады; 24 қазанда үдемелі индустриалды дамуы бойынша өткізілген Үйлестіру кеңесінің отырысында Шығыс Қазақстан облысында 11 жоба бекітілген; индустриалды - инновациялық даму бағдарламасы аясында 2015 жылы Таразда полиэтилен пленкаларын шығаратын «Поллиэтилен Агро» зауыты іске қосылған болатын; Жамбыл облысында 4,6 млрд теңгеге ИИДМБ-нің 4 жобасы жүзеге асырылды, т.б жұмыстар іске асырылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет