Омыртқа жотасы сынғанда алғашқы көмек көрсету.
Мойын омыртқалары сыңғанда алғашқы көмек.
Мойын омыртқаларының сынуы травматикалық шокпен, жұлынның зақымдануымен, тыныс пен жүректің тоқтауымен сипатталады.
Науқасты Еланский шинасына жатқызып басын фиксациялау. Шина жоқ кезінде мойнына Шанс жағасын салу.
Шоққа қарсы шаралар жүргізу:
Ауырсыздандыру: наркотикалық анальгетиктер еңгізу: промедол 2 % - 1 мл + натрий хлориды 0,9%-5 мл к/т еңгізу;
Гемодинамикалық қаналмастырғыштар қолдану: рефортан 500 мл, стабизол 500 мл, полиглюкин 400 мл к/т тамшылатып құю;
Преднизолон 60-90 мл к/т, кордиамин 2 мл к/т;
Контрикал 30000 ЕД + натрий хлориды 0,9%-200 мл к/т тамшылатып құю;
Майлы эмболияның алдын алу мақсатында эссенциале 5 мл + 5 мл науқастың қанымен к/т еңгізу;
Ылғалды өттегі беру;
Ауызына ауа өткізгіш салу.
Жандандыру бөлімшесіне тасымалдау.
Омыртқа жотасының сынуы травматикалық шоктың дамуымен, жұлынның зақымдануымен сипатталады.
Науқасты қатты зембілге немесе тақта үстіне дұрыс жатқызу: көкірек омыртқалары сынғанда – ішімен, басын солға бұрып жатқызамыз, бел омыртқалары сынғанда – шалқасынан, сынған жерге жастықша қойып жатқызамыз, сегізкөз бен құйымшақ сынғанда ішімен, басын шетке бұрып жатқызамыз.
Шокқа қарсы шаралар жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |