Жедел панкреатиттің белгілерін анықтау.
Мондор триадасы: ауырсыну, тоқтаусыз құсу, метеоризм.
Мондор симптомы – бет аймағындағы цианоз (панкреанекроз белгісі);
Калликреин беті – бастапқы беттегі цианоздың гиперемияға ауысуы;
Грея-Тернер симптомы - іштің бүйір бетіндегі цианозды дақтары;
Мейо-Робсон симптомы – сол жақ бел қабырға-омыртқа бұрышын басқанда бірден ауырсыну;
Воскресенский симптомы – іш бөліміндегі аорта пульсациясының жоғалуы;
Щеткин-Блюмберг белгісі- қабыну процесінің іш қуысына тарауы.
Асқазан және 12-елі ішек жарасының перфорациясының белгілерін анықтау.
1 Пышақ сұққандай ауырсыну – науқас эпигастрий н/е орта сызықтан оңға қарай ештеңемен салыстыруға келмейтін ауырсыну нүктесін дәл көрсетеді;
2 тақтай тәрізді іш – іштің тік бұлшықеттерінің қатюы, мұндайда пальпация жасау мүмкін емес;
3 тимпанит дыбысы – оң бұғана орта сызығымен бауыр үстін перкуссиялағанда бауырдың тұйық дыбысының тимпанитке ауысуы;
4 орақ белгісі – іш қуысының жалпы шолу Р-графиясында бауыр мен диафрагма арасында ақ сызық (ауаның) пайда болуы;
Достарыңызбен бөлісу: |