1.3 Пәнді оқытудың мақсаты: «Тарихты оқыту әдістемесі» курсының негізгі мақсаты келешек мамандардың тарихи танымын дәйекті түрде қалыптастыру және оларға орта мектеп оқушыларының тарихи танымын қалай жүйелеп, нендей жолмен өнегелілікке баулуды үйрету.
1.4 Пәнді оқыту міндеттері:
Келешек мамандарды тарих пәнін жүргізу әдістерінің қазіргі кезеңдегі ең озық дерлік теориялық негіздермен қаруландыру;
Оқушыларға биік өрелі тарих таным қалыптастырып, әрі олардың иманды да инабатты ұрпақ боп өсіп қалыптасуын бағыттай алуы үшін болашақ ұстаздарға тарихты оқытудың ең тиімді жолдарын нұсқаумен қатар, бұл мақсаттарды жүзеге асыру әдістерін іс барысында бойына сіңіру;
Студенттерді – болашақ мұғалімдерді алдын-ала өз оқушыларын тарихи ілімі арқылы ізгі ниетке баули алуға бейімдеу, әрі тарихты оқытып үйрету барысында өзі жүзеге асырған тәрбиелік жұмысын өз бетінше талдап-тарқатып, өздігінше жетілдіре білуге баулу.