Студенттерге арналған бағдарлама (Syllabus) Базалық орыс тілі



Дата17.06.2018
өлшемі370,5 Kb.
#42292
Студенттерге арналған Түрі

бағдарлама (Syllabus) Ф СО ПМУ 7.18.3/37




Қазақстан Респубикасы білім және ғылым Министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Орыс филологиясы кафедрасы

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

(Syllabus)

Базалық орыс тілі (Бастауыш – В2, В2 – жалғастырушы)

5В020700 «Аударма ісі» мамандығы бойынша

сырттай орта кәсіби білім негізінде оқитын студенттерге арналған

Павлодар

Студенттерге арналған Түрі

бағдарламаның (Syllabus) Ф СО ПМУ 7.18.3/38

бекіту парағы






БЕКІТЕМІН

ФЖжӨФ деканы

________Сарбалаев Ж.Т.

«___»____________ 20 _ж.
Құрастырушы: ф.ғ.к. аға оқытушы ______________Шахметова Н. А.

Орыс филологиясы кафедрасы



Студенттерге арналған бағдарлама (Syllabus)



«Базалық орыс тілі (Бастауыш – В2, В2 – жалғастырушы)» пәні бойынша
5В020700 «Аударма ісі» мамандығы бойынша

сырттай орта кәсіби білім негізінде оқитын студенттерге арналған


Бағдарлама «____» _________20 _ ж. бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған
Кафедра мәжілісінде ұсынылған

«___» ___________ 20 __ ж., № ____ хаттама


Кафедра меңгерушісі ________ Кенжебалина Г.Н.
Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды

«___» ___________ 20 ___ ж., № ____ хаттама


ОӘК төрайымы ________________ Жуманкулова Е.Н.


1 Оқытушы туралы мәлімет

Аты-жөні Шахметова Назира Ахановна

Ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы филология ғылымдарының кандидаты аға оқытушы

Орыс филология кафедрасы бас оқу корпусында орналасқан (Ломов к., 64 үй), № 454 аудиториясы, байланыс телефоны 673623 (ішкі 1287).


2 Пән туралы мәліметтер

«Базалық орыс тілі» курсын оқу 5 кредит санын құрайды, Бастауыш – В2 деңгейі - 1-ші семестрде, В2 – жалғастырушы деңгейі – 1-ші және 2-ші семестрде. Бақылау түрі – емтихан.
3 Пәннің жұмыс көлемі

Семестр

Кредит саны

Аудиториялық сабақтар түрлері бойынша

сағат саны

СӨЖ


сағат саны

Бақылау

түрі


барлығы

дәріс

тәж.

зерт.

студ.

жеке

барлығы

СӨЖӨ

1

5

225




30










195

30

Э

1,2

5

225




30










195

30

Э


4 Пәннің мақсаты:

«Базалық орыс тілі» курсының мақсаты  студенттердің мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыру. Коммуникативтік мәдениет тануға бағытталған оқып үйренудің мақсаты – лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу), мәдениәлеуметтік және стратегиялық компоненттерден тұратын күрделі интегративтік тұтастық болып саналады.

Пәннің міндеттері:

- орыс тілінің лексикалық, грамматикалық құбылыстарымен және сол тілдің кәсіби коммуникативтік әрекетінде қолданылатын заңдылықтармен таныстыру; - нақтылы мәдени-әлеуметтік контексте берілетін тілдік және тілдік емес құралдармен таныстыру;

- орыс елінің дәстүрін, тарихын, мәдениетін, заң ережелерін сипаттау және тіл өкілдерінің әлеуметтік мінезқұлық ережелерімен таныстыру;

- әртүрлі коммуникативтік мақсаттарды нақтылы қарым-қатынас жасау жағдаятында ең нәтижелі стратегияларды таңдау және оларды қолдану іскерліктерін енгізу;

- орыс тілін шетел тілі ретінде меңгерудің жалпы еуропалық құзырын қалыптастыру.

5 Студенттің білім алуына қойылатын талаптар:

«Базалық орыс тілі» курсын оқығаннан кейін студент төмендегідей оқу іскерліктерін меңгереді:

- маңызды нақтысын атап көрсетіп, күрделі үлкен мәтінді тез қарап шығу;

- мақаланың мағынасын тез шолу және жаңалықтың, мақаланың немесе мәліметтің тақырыптары бойынша өзектілігін анықтап, оларды егжей-тегжей оқуға қажеттісін белгілеу;

- қажетті анықтама материалдарды қолдана отырып мәтіндерді өздік оқу және түсіну (идиомалық сөз тіркестері қиыншылық туғызуы мүмкін);

- газеттерде және журналдарда берілетін мақалалардың ең маңызды фактілері мен оқиғаларын белгілеу;

- басты ойды, идеяны белгілеу;

- мәтіннің мазмұнын дәл түсіну;

- таным емес сөздердің мағынасын контекст және сөз құрылымына қарап анықтау (контекстуалдық және тілдік болжам);

- мәтіннің ақиқаттық және ұлттық-мәдени мағыналы компоненті бар сөздерді табу;

- мәдениеттанымдық маңызды ақпаратты іріктеу;

- алынған ақпаратқа сын көзбен қарау, фактілермен оқиғаларды бағалау;

- өтіп жатқан оқиғаларға және кейіпкерлер әрекетіне өз қатынасын, пікірін білдіру;

- қажетті ақпарат іздену барысында күрделі үлкен мәтінді қарап шығу;

- белгілі бір ақпаратты, соның ішінде анықтамалық сипаттағы ақпаратты табу;

- көңіл аударатын сұрақтар бойынша корреспонденция (газет, журнал хабарларын) оқу және қиындықсыз негізгі мағынасын байқап түсіну;

- деректі және дерексіз тақырыпқа байланысты тілдік және мағыналық жағынан күрделі сөйлеудің негізгі желісін түсіну;

- оқу-кәсіби ауқымына байланысты тақырыбы және тіл жағынан күрделі дәрістердің, әңгімелердің, баяндамалардың тағы басқа сөз сөйлеудің негізгі бағыттарын түсіну;

- теледидар арқылы берілетін жаңалықтарды және күнделікті оқиғалар туралы бағдарламаларды түсіну.


6 Пререквизиттер:

- орыс тілі

- базалық орыс тілі (А1, А2, В1).

3 Постреквизиттер:

- орыс елдің әдебиеті және аударма мәселелері

- тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум

- жазбаша аударма практикасы



8 Пәннің тақырыптық жоспары (Бастауыш – В2)




Тақырып атауы

Студенттердің ОЖЖ бойынша жұмыс көлемі

дәр.

тәж.

зерт.

студ.

жеке

СӨЖ

1

Жас жанұя проблемалары




2










15

2

Жастар сәні мен жеке стиль үлгісі




3










20

3

Денсаулық және салауатты өмір салты




3










20

4

Заң. Адам құқықтары және оларды қорғау




2










15

5

Табиғат және адам




2










15

6

Мәдениет пен өнердің адам өміріндегі орны




3










20

7

Саяхат. Демалыс. Транспорт




3










15

8

Бұқаралық ақпарат құралдары. Байланыс құралдары. Байланыс түрлері




3










20

9

Мерекелер




3










20

10

Менің болашақ кәсібім




3










20

11

Менің университетім




3










15

БАРЛЫҒЫ:




30










195


8.1 Пәннің тақырыптық жоспары (В2 - жалғастырушы)




Тақырып атауы

Студенттердің ОЖЖ бойынша жұмыс көлемі

дәр.

тәж.

зерт.

студ.

жеке

СӨЖ

1

Диалог сөз. Диалогтық түрде сөйлеудің функционалдық түрлері




10










65

2

Монолог сөз. Композициялық сөз түрлері




10










65

3

Жазба сөз. Композициялық сөз түрлері. Сөз шығармасының түрлері




10










65

БАРЛЫҒЫ:




30










195


9 Пәннің қысқаша аннотациясы:

«Базалық орыс тілі» курсы дүние жүзіндегі интеграциялық үрдістердің үдейі білім берудің ортақ, жалпы дүние жүзілік парадигмаларына көшу қажеттігіне, оның мазмұнының жалпылығына себепші болады. Шетел тілінде білім алуды дүние жүзілік стандарттық үлгіге сәйкестіру мақсатымен бұл курс болашақ аудармашы маманын даярлаудың мақсаты мен міндеттерін анықтайды. Аталмыш курс білім беру жүйесінің ерекшеліктерін және Еуропалық одақ елдерінде қабылданған шетел тілдерін меңгерудің жалпы еуропалық құзырлығын ескерген.
10 КУРСТЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ:

10.1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ (Бастауыш – В2):

1 тәжірибе тақырыбы: Жас жанұя проблемалары.

Некеге тұру. Ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар. Киіну. Тамақтану. Сатып алу. Ақша шығыны. Қазіргі қоғамдағы демографиялық проблемалар: туудың төмендеуі. Статистика. Жанұя түрлері.

2 тәжірибе тақырыбы: Жастар сәні мен жеке стиль үлгісі.

Қазіргі жастар сәні. Сәнді жасаушылар. Екі елдің жастар сәніндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар. Сәндегі жаңа бағыттардың туындауына себепкер факторлар. Сән өмірдің әр түрлі стильдерінің бейнесі ретінде.

3 тәжірибе тақырыбы: Денсаулық және салауатты өмір салты.

Қазақстандағы және орыс еліндегі десаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру түрлері. Медициналық мекемелер. Ғасыр індеттері. Денсаулыққа әсер ететін факторлар (өмір сүру салты, гигиена, тамақтану, спорт, экология). Көңіл-күй. Денсаулық және спорт. Медицинаның дамуына үлес қосқан қайраткерлер.

4 тәжірибе тақырыбы: Заң. Адам құқықтары және оларды қорғау.

Орыс еліндегі және Қазақстандағы адам құқықтарын қорғайтын ұйымдар.

5 тәжірибе тақырыбы: Табиғат және адам.

Адам және қоршаған орта. Қоршаған ортаны қорғау. Табиғаттағы және климаттағы өзгерістерге әкелетін қауіп-қатерлер, олардың салдары. Фауна және флора.

6 тәжірибе тақырыбы: Мәдениет пен өнердің адам өміріндегі орны.

Музыка мен әндер әлемі. Әлемге әйгілі әншілер мен музыканттар. Театр және кино. Бейнелеу өнері: түрлері мен жанрлары. Басты бағыттары мен өкілдері.

7 тәжірибе тақырыбы: Саяхат. Демалыс. Транспорт.

Орыс еліндегі және Қазақстандағы ең көрнекті туристік орындар мен сапар желістері. Қалалар және көрнекті орындар: мұражайға, театрларға және киноға бару. Транспорт түрлері: қоғамдық және жеке бас көлігі. Келу / кету. Құжаттар, оларды дайындау. Каникул және демалыс кезінде тұратын орынды, тамақтануды және көлікті ескерту.

8 тәжірибе тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдары. Байланыс құралдары.

Қазіргі адам өміріндегі бұқаралық ақпарат және байланыс құралдарының рөлі мен орны.

9 тәжірибе тақырыбы: Мерекелер.

Орыс елінің және Қазақстандағы басты ұлттық және діни мерекелер. Оларды өткізу дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.

10 тәжірибе тақырыбы: Менің болашақ кәсібім.

Кәсіпті таңдау себептері. Осы кәсіпті меңгеруге қажетті білімдер, іскеліктер, моральдық-этикалық қасиеттер. Орыс елінде және Қазақстанда осы мамандықтың алатын орны.

11 тәжірибе тақырыбы: Менің университетім.

Біздің елдегі және шетелдегі студенттер өмірі мен оқуы. Оқу ісінің тәртібі. Сүйікті оқу пәндері. Электрондық оқулықтар мен интернеттің қолдануы. Студенттердің бос уақыты: әуесқойлық пен қызығушылық, жеңіл-желпі жұмыс істеушілік.

10.2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ (В2 - жалғастырушы):

1 тәжірибе тақырыбы: Диалог сөз.

Диалогтық түрде сөйлеудің функционалдық түрлері: әңгімелесу, сұхбат, дискуссия.

2 тәжірибе тақырыбы: Монолог сөз.

Композициялық сөз түрлері: әңгімелеу / хабарлау, талқылау. Дискурс түрлері: анықтама, түсіндірме, бағалау, резюме, интерпретация, түсініктеме жасау.

3 тәжірибе тақырыбы: Жазба сөз.

Композициялық түрлері: әңгімелеу, талқылау. Сөз шығармасының түрлері: телефакс, ресми хат, баяндама, мақала, эссе, қысқаша пікір.
10.3 СӨЖ ТҮРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ:

СӨЖ мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп

түрі

Бақылау

түрі

Сағат

көлемі

1

Тәжірибелік сабақтарға дайындық: сабақтардың тақырыптары бойынша материалдарды оқу, үй жұмыстарын орындау

Жұмыс

дәптері


Сабаққа

қатысу


90

2

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына енбеген материалдарды өз бетінше оқу

Монологтар

Сөз шығармалары



Тапсыру

100

3

Бақылау шараларына дайындық

КБ1, тест жұмысы

қорытынды бақылау



Тест

жұмыстарын тексеру; емтихан



5

БАРЛЫҒЫ:







195


10.3.1 Өз бетінше жұмыс істеуге арналған тақырыптардың тізімі (Бастауыш – В2):

1 тақырып: Жас жанұя өмірі.

Жас жанүя өмірі. Жанұяда сәби дүниеге келуі. Жанұя бюджеті: киім, тамақ сатып алуға, транспортқа отыруға және басқа қажеттіліктерге байланысты ақша шығындары.

2 тақырып: Қазіргі жастар сәні.

Шет елдегі сән орталығы. Сәнге еліктеу. Стиль улгісі. Макияж өнері (косметиканы және парфюмерияны пайдалану).

3 тақырып: Салауатты өмір салты.

Бүгінгі күннің бәлесі – нашақорлық. СПИД-тің алдын-алу шаралары. Әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау түрлері.

4 тақырып: Заң қызметкерлерінен кеңес алу.

Студенттердің демалыс кезінде уақытша жұмысқа орналасуы. Жұмысқа қабылдануы және еңбек шартының ескерілуі.

5 тақырып: Адамзаттың қоршаған ортамен үйлесімі.

Жануарлар және өсімдіктердің бір-бірімен қарым-қатынасы. Қаланың экологиялық проблемасын «Если я буду...» деген ойын рөлінде талқылау.

6 тақырып: Адам өміріндегі музыка және өнердің орны.

Қазіргі музыкалық жанрлар мен музыканттар, танымал әншілер. Жеке адамның рухани дамуындағы классикалық музыка рөлі. Бүгінгі театр мен театр өмірі (театралдық шолуларды, бағдарламаларды талқылау). Әр адамның өміріндегі театр мен киноның рөлі. Қазіргі бейнелеу өнерінің басты даму тенденциялары мен бағыттары.

7 тақырып: Саяхат. Демалыс.

Демалыс орындарын, сапар желісін, бағасын таңдау. Туристік көрнекі орындардың суреттері мен иллюстрациялары берілген жарнамалық проспектілердегі, анықтамалардағы ақпараттарды талқылау.

8 тақырып: Бұқаралық ақпарат құралдары. Байланыс түрлері.

Прессаның біздің күнделікті өміріміздегі орны. Қазақстандағы ең танымал басылымдар. Қазіргі білім беру жүйесіндегі интернет рөлі. БАҚ дамуына үлес қосқан атақты адамдар.

9 тақырып: Ұлттық және діни мерекелер.

Ұлттық мерекелерді өткізу дәстүрлері. Наурыз мерекесіне сценарий дайындау.

10 тақырып: Болашақ мамандық.

Болашақ мамандықты таңдау себептері. Таңдалынған кәсіп иелермен кездесу.

11 тақырып: Студенттің өмірі.

Студенттің оқуы. Электрондық оқу залында жұмыс істеу. Электрондық оқулықтың артықшылығы. Әр адамның өміріндегі оқу және білім беру саласының алатын орны. Студенттік өмір: проблемалар және оларды шешу жолдары.

10.3.2 Өз бетінше жұмыс істеуге арналған тақырыптардың тізімі (В2 – жалғастырушы деңгей):

1 тақырып: Диалог сөз.

Оқу-кәсіби тақырыптарға диалогтар құрастыру.

2 тақырып: Монолог сөз.

Радиодан берілетін студенттік өмір жайлы хабарлар дайындау.

3 тақырып: Жазба сөз.

Кәсібіңіз туралы эссе жазу. Газеттер мен журналдардағы мақалаларды оқып, оларды орысшадан қазақшаға және қазақшадан орысшаға аудару.

11 «Базалық орыс тілі (бастауыш – В2, В2 – жалғастырушы)» пәнінің саясаты:

- Сіздің біліміңіз балл-рейтинг жүйесі негізінде бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша бағаланады.

- Сырттай оқитын студенттің білімі КБ1 және қорытынды бақылау негізінде бағаланады.

- Егер Сіз сабақтарға белсенді қатыссаңыз, тапсырмаларды уақытында орындасаңыз, Сізде ең жоғарғы балл жинауға мүмкіншілігіңіз бар.

- Егер Сіз уақытында тапсырмаларды орындамай, сабақ босатсаңыз, онда баллдарыңыз 30 % пайызға төмендейді.

- Егер Сіз сабақтарды немесе бақылау шарасын белгілі бір себептермен босатсаңыз, онда Сізге жеке түрде белгіленген бір уақытта тапсыруға мүмкіншілік беріледі.

- КБ1 шарасы 100 балл көлемінде бағаланады.

«Базалық орыс тілі (Бастауыш – В2, В2 – жалғастырушы)» пәні бойынша КБ1 шарасы тест түрінде өтеді.

Студенттің «Базалық орыс тілі (Бастауыш – В2, В2 – жалғастырушы)» пәнінен рейтингісі ағымдағы үлгеріммен (АҮ) КБ1 қосындысынан тұрады. Балл жинағы мынадай формула бойынша есептеледі:

Р = АҮ * 0,7 + КБ *0,3

Егер Сіз КБ1 шарасына қатыспаған болсаңыз, Сіздің рейтингіңіз 0-ге тең болады.

Емтиханға кіруге рұқсат алу үшін КБ1 шарасында алған баллдарыңыз 50-ден төмен болмау керек.

Қорытынды бақылау жабық тестілеу түрінде өтеді.

Егер Сіз емтиханда 50 баллдан төмен алсаңыз, Сіздің рейтингіңіз анықталмайды, ведомоске «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.

Ағымдағы, кезеңаралық, қорытынды бақылау баллдары төмендегідей мөлшерге сай болу керек:

50-74 балл «қанағаттанарлықсыз», 74-89 жақсы, 90-100 өте жақсы. Сәттілік тілеймін!

12 Әдебиет тізімі:

Негізгі:

1 Абдыкулова К.Е., Ким Г.В., Павленко В.К. Русский язык. Практический курс (Учебное пособие). – Алматы: Санат, 1995. – 208 с.

2 Жаналина Л.К., Сарбаева Т.М. Практический курс русского языка. – Алма – Ата: Рауан, 1992. – 173 с.

3 Мотина Е.И. Язык и специальность: лингвометодические основы обучения русскому языку студентов-нефилологов. – М.: Русский язык, 1983. – 68 с.



Қосымша:

4 Папина А.Ф. Текст: его единицы и глобальные категории/А.Ф. Папина. – М.: УРСС, 2002. – 367 с.

5 Петрищева Е.Ф. Стилистически окрашенная лексика русского языка. – М.: Наука, 1984.  125 с.

6 Пособие по обучению профессиональной научной речи. – М.: Высшая школа, 1984.  243 с.

7 Текст как явление культуры / Г.А Антипов, О.А. Донских, И.Ю. Морковкина, Ю.А Сорокин; Отв. ред. А.Н. Кочергин, К.А. Тимофеев; АН СССР, Сиб. отд-ние Ин.-т истории, филологии и философии. – Новосибирск: Наука, Сиб. отд-ние, 1989. – 194 с.

Словари:

8 Александрова З.Е. Словарь синонимов русского языка. – М.: 1975.  224 с.

9 Быстрова Е.А. и др. Учебный фразеологический словарь русского языка. – Л.: Просвещение, 1984. – 271 с.

10 Словарь русского языка: Ок. 57 000 слов / Под ред. чл.-корр. АН СССР Н.Ю. Шведовой. – 20-е изд. – М.: Рус. яз., 1988. – 750 с.

11 Толковый словарь современного русского языка. Языковые изменения конца 20 столетия / Под ред. Г.Н. Скляревской. – М.: Астрель: АСТ, 2001.  894 с.

12 Толковый словарь современного русского языка начала 21 века. Актуальная лексика: около 8 500 слов и устойчивых словосочетаний под ред. Г.Н. Скляревской. – М.: ЭКСМО, 2006. – 1136 с.



13 Казақша-орысша сөздік / Р.Ғ. Сыздықова, Қ.Ш. Құсайын.  Алматы: Дайк-Пресс, 2007.  1008 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет