Пунктуациялық қателердің түрлері: 1) тыныс белгісін қоймай кету, 2) тыныс белгісін артық қою, 3) тыныс белгісінің қайсысын қоярын білмеу, яғни бірінің орнына екіншісін қойып шатастыру. Кейде сонымен қатар қатенің төртінші тобы кездеседі. Тыныс белгісін тиісті жерге қоймай, басқа жерге қою. Тыныс белгісін артық қою мектепте ең жиі кездесетін қате.
Тыныс белгісін дұрыс қою үшін, жеке сөйлемнің, сондай-ақ тұтас мәтіннің мағынасын дәл және дұрыс түсіну, сонымен қатар әр сөйлемнің құрылу жолдарын жақсы білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |