Студенттерге арналған пән силлабусы 2012-2013 оқу жылы



бет19/44
Дата15.12.2021
өлшемі325 Kb.
#101478
түріПрограмма дисциплины
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
30851425078 117 адист сил

Бақылау сұрақтары:

1 Мәтінді оқыту әдістемесі деген не?

2 Мәтінді талдау әдістемесі деген не?

3 Мәтінді фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, сөз тіркесі, сойлеммен байланыстыра оқыту әдістемесі қандай?

4Орфографияны оқыту әдістемесін сипаттаңыз

5 Пунктуацияны оқыту әдістемесін сипаттаңыз



Әдебиет: [7,8,9,20,33,36.]
13-тақырып. Тіл дамыту әдістемесі

Дәрістің мақсаты: Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттерімен, тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлерімен, мазмұндама, шығарма, эссе т.б. жазу әдістемелерімен таныстыру.

Қарастырылатын мәселелер:

1 Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері.

2 Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлері.

3 Мазмұндама, шығарма, эссе т.б. жазу әдістемелері


Мектепте тіл дамыту жұмысы І-ХІ кластарда үзбей жүргізіледі. Мүғалімнің айтқанына түсіну, өз ойын ауызша да, жазбаша да жеткізе білу - сол мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жткысы-мен, тіл үйренумен тығыз байланысты.

Белгілі педагог К.Д.Ушинский тілдің мәніне, әр сөздің мағынасына түсінбеген я шала түсінген оқушы тіл үйрену сабағы тұрмақ, басқа пәндерді оқығанда да әр сөздің байыбына барып түсіне алмайтын болады деген. Сондықтан оқушылармен тіл дамыту жұмысы барлық пәнде жан-жақты жүргізіледі.

Жалпы тілді дамыту баланың тілі алғаш шыға бастағаннан басталады. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, баланың сөйлеу, жазу тілімен жүйелі түрде жұмыс жүргізіледі. Тіл дамыту - барлық сабақта жүргізіп отыратын процесс. Соның ішінде тіл сабағында оның алатын орны ерекше, өйткені оқушы сауатты жазып, сөйлемді дұрыс құра білуді, оқыған тілінің байлығын меңгерудің негізін осы тіл сабағынан бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет