Студенттерге арналған пән силлабусы 2012-2013 оқу жылы



бет20/44
Дата15.12.2021
өлшемі325 Kb.
#101478
түріПрограмма дисциплины
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Байланысты:
30851425078 117 адист сил

Бақылау сұрақтары:

1 Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері қандай?

2 Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлеріне нелер жатады?

3 Мазмұндама, шығарма, эссе т.б. жазу әдістемелеріне нелер жатады?



Әдебиет: [7,8,9,20,36.]
14-тақырып. Сөз мәдениетін оқыту әдістемесі

Дәрістің мақсаты: Сөз мәдениетінің лингвоәдістемелік мәнімен, сөз мәдениетін қалыптастырудың мақсат-міндеттерімен, сөз мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен түрлерімен таныстыру, қазақ әдеби тілінің нормаларын оқыту мәселелерін сипаттау.
Қарастырылатын мәселелер:

1 Сөз мәдениетінің лингвоәдістемелік мәні.

2 Сөз мәдениетін қалыптастырудың мақсат-міндеттері.

3 Сөз мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен түрлері.

4 Қазақ әдеби тілінің нормаларын оқыту
Тіл, сөйлеу мәдениеті дегендер көп ұғымды қамтиды. Ең алдымен, бұл - адамдардың тілді дұрыс қолдануы деген сөз. Ашып айтсақ, бұған білдірмек ойға сөздерді сай етіп дұрыс, дәл таңдай білу, ой мен сөздің қүр дәлдігін табу емес, сонымен қатар сөздердің тыңдаушыға (оқушыға) әсер ететіндей орынды, көркем варианттарын тауып қолдану жатады. Сондай-ақ сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстыра білу, дұрыс орналастыра білу де, сөйлемдерді тым шұбалаңқы, түсінуге ауыр тиетін етіп те емес, тым қарапайым келте етіп те емес, дұрыс қүрастыра білу де - тіл, сөйлеу мәдениетіне қатысты жайттар. Ғасырлар бойы қалыптасқан фразаларды (тұрақты сөз тіркестерін), мақал-мәтелдерді әрі орынды, әрі бұзбай, мағыналарын дәл түсініп пайдалану да - тіл мәдениетін көтерудің бір шарты.

Оқушыларды стиль тармақтарымен таныстыру үшін әуелі бір-біріне қарама-қарсы қойылатын ауызекі сөйлеу түрі мен кітаби түрі болып ажыратылатынын айту керек. Бұлар қарым-қатынас ауқымды ажырытылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет