Студенттерге арналған пәнді оқыту бағдарламасының Ұйым стандарты


тақырып. Педагогика мамандығына кіріспе



бет4/7
Дата25.09.2024
өлшемі235 Kb.
#205097
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
5 тақырып. Педагогика мамандығына кіріспе.
Педагогиканың жалпы негіздері.
Педагогика мамандыгына кіріспе курсының мақсат, міндеттері. Педагогика мамандығына кіріспе пәні бойынша университеттерге арналған типтік бағдарлама. Болашақ педагогтарды даярлаудағы курстың маңызы. Негізгі тақырыптарға әдістемелік сипаттама: «Педагогикалық кәсіптің шығуы», «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі», «Педагогикалық әрекет теориясы», «Педагогикалық әрекет құрылымы». Өзіндік жұмыстардың ерекшеліктері. Студенттердің білім мен білігін бақылау формалары мен түрлері.
6 тақырып. «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімінің әдістемелік ерекшеліктері.
Бөлімнің мәні. Курстың мақсат, міндеттері. Пән бойынша университеттерге арналған типтік және оқу-жұмыс бағдарламалары. Тақырыптарға әдістемелік сипаттама: «Педагогика пәнін, «Жеке тұлғаны дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру», «Педагогикадағы мақсатын анықтау». Курс бойынша практикалық тапсырмалардың өзгешеліктері.
7 тақырып. «Дидактика» бөліміне әдістемелік сипаттама.
Болашақ мұғалімдерді жалпы педагогикалық дайындаудағы бөлімнің маңызы. Бөлімнің мақсаты, міндеттері. Мемлекеттік стандартта көрсетілген кәсіби жоғары білім берудің аз ғана мазмұны. Тақырыптарға әдістемелік сипаттама: «Білім беру мазмұнының, «Оқыту процесінің мәнін, «Оқыту процесінін заңдылықтары, принциптері». Лабораториялық-практикалық сабақтардың ерекшеліктері. Студенттердін дидактика бойынша білім, білік дағдыларын бақылау және есепке алу ерекшеліктері.
8 тақырып. «Тәрбие теориясы» бөліміне әдістемелік сипаттама.
Болашақ мұғалімдерді жалпы педагогикалық дайындаудағы бөлімнің маңызы. Бөлімнің мақсат, міндеттері. Мемлекеттік стандартта көрсетілген кәсіптік жоғары білім берудің аз ғана мазмұны. Тәрбие теориясы мен әдістерінің мәселелері. Ұжымды қалыптастыру, оның әлеуметтік, педагогикалық теориясын зерттеу проблемалары. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды зерттеу проблемасы. Тақырыптарға әдістемелік сипаттама: «Адамгершілік тәрбиесі», «Азаматтық-патриоттық тәрбие», «Экономикалық тәрбие», «Экологиядық тәрбие», «Эстетикалық тәрбие», «Отбасы педагогикасының» негіздерін зерттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет