«Кері кластер әдісі». Студенттерге “Лирикалық тек түрлерін” толтыру ассоциограммасы ұсынылады.
Төмендегі ұяшықтарда бірнеше жағдаяттар берілген.Ұяшықтың бірін таңдап, тапсырманы орындаңыз.
1
2
3
4
5
6
Жағдаяттар:
№1 Сіз өз еліңіздің ұлтжанды азаматысыз. Ал бізде бір ғана роман-эпопея бар екені белгілі (М.Әуезов “Абай жолы”). Қазақстанда роман-эпопея жанрын дамытуға арналған өз жоспарыңызды білдірсеңіз.
№2 Сіздің мамандығыңыз – филолог. Әдебиеттанушы ғалымдардың да, жазушылардың да “әңгіме – ең қиын жанр” деуінің себебі неде? Нақты көркемдік детальдар келтіре отырып түсіндіріңіз.
№3 Әдеби жанрларды қазақ тілінде сөйлеткен (повесть – баян, роман – ұлы әңгіме, лирика – толғау т.б.) А.Байтұрсынұлы екені белгілі. Не себепті бүгінге дейін .
№4 Қазіргі дамыған технология дәуірінде жастар мүлде көркем шығарма оқымайды, оқуға құлқы да жоқ. Оларды көркем туындыны оқытуға қалай қызықтыруға болады? Өз бағдарламаңызды ұсыныңыз.
№5 Лирикалық тектің эпиталама (жар-жар), эпитафия (жоқтау), ода (мадақ жыр) ой (философиялық толғау) т.б. көптеген жанрлардың қазақ әдебиетінде де бар екені белгілі. Солардың жанрлық ерекшеліктерін әр елдің әдеби үдерісі тұрғысынан түсіндіріңіз.
№ 6 Драмалық жанрдың төрт түрлі қиындығы бар: уақыты, тілі, тартысқа құрылуы, сахналануы. Осы аталған қиындықтарды өз көзіңізбен көрген бір драмалық қойылымның негізінде ажыратып айтып беріңіз.
Үйге тапсырма:
1. З.Қабдоловтың “Сөз өнері” еңбегін пайдалана отырып, лирикалық тек түрлерін, өзіндік ерекшелігін ажыратып жазыңыз.
2. Шығармашылық тапсырма: өз табиғатыңызға жақын жанрды таңдай отырып, бір көркем шығарма жазыңыз (эпиграмма, элегия, эпитафия, арнау, баллада, ой т.б.)