Студенттеріне патофизиология пәні бойынша емтиханның тесттік тапсырмалары



бет24/29
Дата20.12.2023
өлшемі249,46 Kb.
#197921
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Баылау - лшегік МПД

353.Өспе жасушаларының шексіз өсуінің патогенезінде маңызы бар

  1. онконәруыздардың артық түзілуі және пролиферацияның аутокринді күшейтілуі

  2. өспе жасушаларының бетінде адгезиялық молекулалар санының артуы

  3. апоптоз гендерінің әсерленуі

  4. теломеразаның төмен белсенділігі

  5. жасушалардың бір-бірімен жабысуының жоғарылауы

354. Қатерлі өспелердің инвазиялық (инфилтрациялық) өсуінің патогенезінде маңызы бар

  1. өспе жасушалары арасында жабысу күші төмендеуінің

  2. ангиогенез жайттарының бөлінуі тежелуінің

  3. өспе жасушаларымен гидролиздік ферменттердің тежелуінің

  4. өспе жасушаларының бетіндегі кадгериндердің әсерленуінің

  5. пролиферация тежегіштері түзілуі көбеюінің

355. Қатерлі өспелердің метастаздануын тежейтіні

  1. инфилтрациялық өсу

  2. өспе жасушаларының жоғары протеолиздік белсенділігі

  3. жасуша арасындағы байланыс бұзылуы

  4. өспе жасушаларының белсенді қозғалуы

  5. өспе жасушаларының протеолиздік белсенділігінің тежелуі

356. Өспелердің морфологиялық атипиясына тән

  1. Пастер әрекетінің оң болуы

  2. Варбург әрекеті

  3. ядрошықтардың саны көбеюі

  4. ядролық-цитоплазмалық арақатынастың төмендеуі

  5. цитоплазмада рибосомалар санының азаюы

357. Өспелердің қатерлі қасиетінің үдеуін атайды

  1. иммортализация

  2. өспелік прогрессия

  3. инициация

  4. өспелік трансформация

  5. промоция

358. Өспеалды жағдайларға жатқызуға болады

  1. жіті гастритті

  2. А гепатитін

  3. асқазанның пептидтік жарасын

  4. шырышты қабаттардың лейкоплакиясын

  5. тиреотоксикозды

359. Антибластомдық төзімділіктің трансформацияға қарсы тетіктеріне жатады

  1. Т – киллерлердің цитотоксиндік әсері

  2. лизосомалық ферменттердің әсерленуі

  3. ДНҚ репарациясы гендерінің әсерсізденуі

  4. антионкогендердің әсерленуі

  5. макрофагтармен өспелердің тіршілігін жоятын жайттың өндірілуі

360. Антибластомдық төзімділіктің жасушаларға қарсы тетіктеріне жатады

  1. антиапоптоз гендерінің әсерленуі

  2. канцерогендердің әсерсізденуі

  3. NК лимфоциттердің түрткіленуі

  4. антионкогендердің әсерленуі

  5. ДНК репарациясы гендерінің әсерленуі

361. Өспеге қарсы иммунитетте негізгі рөл атқарады

  1. табиғи жендеттер

  2. сезімталдығы жоғарылаған Т- лимфоциттер

  3. антиденелер

  4. В – лимфоциттер

  5. Макрофагтар

362.Жануарлардағы тәжірибеде зерттеу мүмкін болмайды:

  1. аурудың алғашқы кезеңін

  2. организмге жаңа дәрі-дәрмектердің әсерін

  3. аурудың емделмеген түрін

  4. аурудың тұлғалық белгілерін

  5. ауру дамуына орта жағдайларының ықпалын

363.Патофизиологиялық тәжірибеде міндеттісі

  1. жануарларда адам ауруын үлгілеу

  2. қызметтік көрсеткіштерді зерттеу

  3. морфологиялық көрсеткіштерді зерттеу

  4. биологиялық көрсеткіштерді зерттеу

  5. аурудың клиникалық көріністерін зерттеу

364. Жануарларда үлгілеу мүмкін есем

  1. жандүниелік ауруларды

  2. қантты диабетті

  3. гастритті

  4. невроздарды

  5. сәулесоқ ауруын

365. Клиникаға дейінгі зерттеулер, ҚР ДСМ бұйрығымен қадағаланады

  1. № 523

  2. № 506

  3. № 697

  4. № 582

  5. № 124



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет