Студенттің аты-жөні: Айтмухамедов Қуаныш
Мамандығы, группасы: шет тілі – екі шет тілі, 6 группа
Тапсырма: Жасанды интеллект адам баласына қауіп төндіруі мүмкін бе? Эссе жазу.
Эссе
Сіздің ойыңызға жасанды интеллект сөзі келген кезде, бірінші кезекте не түседі? Жарқын болашақ па әлде өз өміріңізге қауіп-қатер ме? Қазіргі кезде, жасанды интеллект жаппай біздің өмірімізге, жұмыс істейтін көптеген салаларына ену қарқынында. Бұл дегеніміз - белгілі бір саладан үлкен көлемде ақпарат алатын және оны белгілі бір мақсатқа жету үшін шешім қабылдау үшін қолданатын технология болып саналады. Мысалы, жасанды интеллект технологиясын несие берушіге (мақсатқа) пайдасын барынша арттыру үшін адамға несие беру немесе бермеу (шешім) туралы шешім қабылдау үшін адамның қарызын (ақпаратын) өтеу тарихын талдау үшін пайдалануға болады. Осының негізінде, жасанды интеллект адам баласына әлеуметтік және этикалық жағынан қауіп төндіруі мүмкін.
Жалпы, жасанды интеллект - бұл өте ақылды адамдарды көбейту әрекеті болып табылады. Ол адамның бір аспектісін, атап айтқанда ақыл-ойды таңдайды және жасанды түрде оны адамдарға қарағанда әлдеқайда жақсы жасауға мүмкіндік беретін деңгейге дейін арттырады. Жасанды интеллект керемет жадпен, есептеу қуатымен, шешім қабылдау қабілетімен, жоғары жылдамдықпен және т.б. байланысты, сондықтан бұл машиналар супер-өмірге айналады және көптеген супер-тіршілік иелеріне толы қоғам апарар тікелей жол болып табылады. Біріншіден, жасанды интеллект адам баласына әлеуметтік жағынан қауіп төндіруі мүмкін.Бұл дегеніміз не? Бұл дегеніміз, адамзат қоғамдастығындағы өмір салтымызды бұзатын үлкен әлеуметтік өзгерістер болады деген сөз. Егер де, адамзат ақша табу үшін еңбекқор болуы керек болса, жасанды интеллект көмегімен біз машинаны біз үшін бірдеңе жасау үшін, тіпті аспапты көтерместен бағдарламалай аламыз. Осы арқылы, біз өзімізге керекті іс-әрекетті, затты өз күшімізді жұмсаудың орнына, керісінше осы жасанды интеллект, роботтардың көмегімен іске асыра аламыз. Бірақ, осы жерде ескеретін жайт, адамның жақындығы біртіндеп төмендей бастайды, өйткені жасанды интеллект адамдарға идеялармен алмасу үшін бетпе-бет келу қажеттілігін алмастырып, адамзатқа қажетті іс-әрекеттерді тиісінше жеңілдетеді. Яғни, жасанды интеллект адамдар арасында орын алатын болады, өйткені қарым-қатынас жасау үшін болашақта жеке кездесулер қажет болмайды.Тіпті, осының әсерінен, келесі 10 жылдықта, егер де, адамдардың өздеріне қажет іс-әрекеттерді жасанды интеллект немесе ақылды роботтар атқаратын болса, онда адамдардың өздерінің ойлау қабілеттері дамымай, ми функцилары өздігінен жұмыс істемеуі мүмкін. Тағы да айтып кететін жайт, адамдар смартфон, гаджеттарға қазіргі кезде тәуелділіктерін көрсету сияқты, болашақта жасанды интеллектке тікелей тәуелді болып қалу үлкен қауіп бар. Дегенмен де, нағыз қауіп технологияда емес, керісінше оларды қолданатын адамдарда. Мысалы, қару өздігінен адам өлтірмейді, ол тек қана адамдардың қатысуының нәтижесінде өледі. Бұл жерде технология зиянды әрі сонымен қатар пайдалы болатынын есте ұстаған жөн. Яғни, технология әрқашан біздің бақылауымызда болады, сондықтан біз қалаған кезде оны өшіре аламыз немесе ең соңында мүлдем жойып тастай аламыз.
Екіншіден, жасанды интеллект адамзат баласына әлеуметтік жағынан қауіп төңдіруі мүмкін. Яғни, қазіргі кезде, жұмысты автоматтандыру әдетте ең өзекті мәселе ретінде қарастырылуда. Мәселен, енді жасанды интеллект белгілі бір жұмыс түрлерін алмастыра ма, жоқ па, бірақ қаншалықты дәрежеде деген сияқты сұрақтар туындайды. Көптеген салаларда, әсіресе, тек қызметкерлері алдын-ала болжанатын және қайталанатын тапсырмаларды орындайтын салаларда ғана емес, басқа да салаларда түгелдей қирату қызу жүріп жатыр. Осыдан 10 жыл бұрын нарықта болған салалар, қазіргі кезде мүлдем адамзат баласына керек болмай қалды. Осының негізінде айтып кетсек, Брукингтер институтының 2019 жылы жүргізген зерттеуіне сәйкес, шамамен 36 миллион адам автоматтандырудың "жоғары сезімталдығымен" жұмыс істейді екен және де бұл жақын арада олардың міндеттерінің кем дегенде 70 пайызы - бөлшек сауда мен нарықты талдаудан бастап, қонақ үй бизнесі мен қоймаларға дейін жасанды интеллект арқылы жүзеге асырылады. Сәйкесінше, бұл жаңа технологиялардың енгізілуімен "түсіндірілетін" жұмыссыздық-жұмыс орындары ақылды машиналармен немесе жүйелермен алмастырылады. Алдағы жылдары осы жасанды интеллектіні біздің өмірімізге енгізу арқылы біз жұмыс күші мен нарықтардағы елеулі өзгерістердің куәсі боламыз. Келесіде, рөлдер мен жұмыс орындары ескіріп, жұмыс салалары түбегейлі түп-тамырымен өзгеріске ұшырайды және жұмыспен қамту модельдері мен қатынастар, болашақ маман иелеріне жұмыс істеуге деген талаптар қайта қаралатын болады.
Үшіншіден, жаңа проблемалар тек әлеуметтік мағынада ғана емес, сонымен бірге жасанды интеллектінің өзінде де пайда болады. Яғни, адамзатқа этикалық жағынан да өзінің қаупін төңгізуі әбден мүмкін. Яғни, жасанды интеллект толыққанды оқытылып, белгілі бір тапсырманы қалай орындау керектігін біліп, адам басқара алмайтын кезеңге өткен кезде, күтпеген проблемалар мен салдарларды тудыруы мүмкін. Бұл қуатқа қатысты және барлық қажетті алгоритм жүктелгеннен кейін, адам контроллері берген команданы елемей, өздігінен жұмыс істей алады. Осының әсерінен, жасанды интеллект, роботтар өздігінен жұмыс істейтін жағдайға жеткен кезде, оларды өздігінен басқару қиын болады. Ең соңында, олар өзіне қойылған бағдарламаланған функциялар арқылы өзін қоршаған адамдар жайлы мәліметтер алып, роботты жасаған адамға және де сонымен қатар басқа да адамдарға қарсы шығуы мүмкін. Осы роботтар мен жасанды интеллект түрлерінің адамзатқа қаупі туралы 2016 жылы Google басқаратын AlphaGo жасанды интеллект бағдарламасы Ли Седолмен ойыңын айта аламыз. Яғни, аты аңызға айналған ойыншы Ли Седолды жасанды интеллект, ақылды робот жеңген болатын. Қытай тақтасындағы күрделі ойын, ол машиналық интеллект үшін "шешілмеген мәселенің квинтэссенциясы" болып саналады. Осы мысал арқылы, біз қазір жасанды интеллектінің қабілеттерін жоққа шығарғанымызбен, адамзатқа қаупін көрмесекте, болашақта ол адамның ойлау қабілетінен озып, бізді толық болмаса да, жартылай басымдылыққа ие болуы мүмкін.
Қорытындылай келе, жасанды интеллектінің адамзаттың күнделікті өміріне қарқынды түрде еніп, ғалымдар арасында жиі талқыланатын тақырыптарының біріне айналып отыр. Қосып айтып кетсем, жасанды интеллекттің өзі адамзатты құртуға ешқандай өздігінен іс-әрекеттер жасауға мақсаты жоқ. Басты қауіп – ол адамзаттың өзі болып табылады. Бұл жерде, адамзат осы жасанды интеллектіні қаншалықты дамытатын болса, соншалықты, оның адамзатқа қауіп алып келетін болады. Яғни, біз өзімізді жақсарту, жаңа түрлерді құру немесе өмірді жою үшін жасанды интеллектті қолдансақ та, кем дегенде қазіргі уақыт шегінде біз салған нәрсе, құрылғы толығымен біздің қолымызда, бақылауымызда болады.
Сілтемелер:
https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC7605294/
https://becominghuman.ai/artificial-intelligence-can-pose-a-danger-to-humanity-d26fad9fb6ca
https://www.indiatoday.in/education-today/gk-current-affairs/story/is-artificial-intelligence-danger-to-humanity-divd-1604766-2019-09-30
https://medium.com/innovation-machine/artificial-intelligence-risks-concerns-2a19ba21cfd9
https://builtin.com/artificial-intelligence/risks-of-artificial-intelligence
Достарыңызбен бөлісу: |