Студенттің білімін тексеруге арналған тест



бет24/98
Дата23.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#132934
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   98
Байланысты:
umkd po filosofii 2021 na ka yaz
Презентация Microsoft PowerPoint

ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ




1,2–тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы.
Философияның пәні мен әдісі

1.Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия.


2.Философия – даналыққа құштарлық. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері.
3.Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты. Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты.
4.Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық діни бейнелері.
5.Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі.
6.Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.

«Философия» термині гректің «phileо» - махаббат және «sophia» - даналық , яғни, «даналыққа махаббат» сөздерінен шыққан. Аталған ұғымды б.з.д. VII ғасырда ежелгі грек ойшылы Пифагор енгізді. Бұл мағына терминді толық ашып қоймайды, бүгінгі күнде айтылған түсінікке сан қилы ойлар беріліп жүр. Осы ойлар философияны толықтай зерделеуге мүмкіндік туғызды. Философия адам мен дүние жүйесіндегі ортақ заңдылықтар мен қатынастарды зерттейді.
Философия пәні бүкіл әлемді, оның басты салаларын тұтас құбылыс ретінде қарап, болмыс пен танымның ортақ заңдылықтары мен принциптерін болып табылады. Философия әлемді түсініп білуде адамдардың қажетіліктерін қоршаған ортада толықтай және жалпылама көрсететін, өзіндік қасиеттері мен сипаттамасы бар жүйе. Өзінің үш мың жылдық даму тарихында философия барлық ғылымдардың түп негізіне айналды. Философиялық ойлар алғашқы қауымда қозғала бастағанымен, бірақ бүтіндей жүйе ретінде философияның дүниеге көзқарасы ерте ғасырлық қоғамдағы (Үнді, Қытай, Грек, Рим және т.б) ойлардан іріктеле бастады. Философия мазмұны адамның ұтқыр ойлары мен нақты ғылымдарға негізделген.
Философияны қоғамдық сананың формасы ретінде қарастыру барысында философиялық білімнің бөлімдері анықтала бастады. Нақты ойды білдіретін бөлімдері: онтология-болмыс туралы ілім, гносеология-таным туралы ілім, антропология-адам туралы ілім, логика- ойлау заңдылықтары мен ауқымы туралы ілім, этика- адамгершілік пен мораль туралы ілім, эстетика - сұлулық туралы ілім, философия тарихы - философияның тарихының пайда болуы мен дамуын зерттейтін ілім. Сондай-ақ, бүгінгі күнде философиялық білімнің мамандандырылған бөлімдері бар, солардан ғылым философиясы, дін философиясы, мәдениет философиясы және білім философиясы және т.б. пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет