Субстанция және материя категориялары. Бұл бірлік жайындағы ой пікірлер дүниеде бар барлық нәрселердің бәріне ортақ негіз туралы түсініктің тууына алып келді, ал бұл философияда субстанция категориясын тудырады. Субстанция (латынша substantia - негізінде жатқан мән дегенді білдіреді) толып жатқан нақты заттардың, құбылыстардың, процестер мен оқиғалардың көп түрлілігінің ішкі бірлігін, мәнін білдіреді. Дәлірек айтсақ, субстанция деп дүниедегі барлық нәрселердің бастапқы мәнін, пайда болу негізін түсінеді. Егер түрліше жеке заттар мен құбылыстар пайда болатын және жойылатын болса, ал субстанция жойылмайды да жоқтан пайда болмайды, тек өзінің болмысының формасын ғана өзгертіп, басқа күйге өзгереді. Ол - өзі өзінің себебі және басқа нәрселердің өзгерісінің негізі. Қоғамдық сананың формасы ретінде философияның қалыптасуының өзі ең алдымен осы субстанция идеясының тууынан және айналадағы дүниенің субстандиялық бірлігінің, шындық дүние құбылыстарының заңды байланысының тууынан болды. Дүниенің бірлігін бір субстанция арқылы түсіндіретін ілімдер монизм философиясына жатады. Алайда, негізге алатын субстанция түрліше болады, субстанция ретінде не материяны, не рухты негізге алуға болады. Осыған сәйкес материалистік монизмді (мәселен, Фалестің, Гераклиттің, Спинозаның т.б ілімін) және идеалистік монизмді (мәселен, Платонның, Гегельдің философиясын) айыра білген жөн. Монизмге қарсы дүниенің дуалистік түсінігі бар. Дуализм түсінігі бойынша, дүниенің екі бастапқы негізі - материалдық және идеалдық субстанциялары бар. Оның біріншісі - денесі бар шындық дүние заттары болса, екіншісі - рух дүниесі (Р.Декарт).
Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән – мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан. Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Бірақ бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен пара – пар деп санады. Қысқасы, материя туралы қалыптасқан мұндай біржақты, шектеулі көзқарас ғылымның танымның, қоғамдық практиканың, жалпы мәдениеттің, сондай – ақ, философиялық ой – жүйенің даму деңгеймен байланысты еді. Бұл анықтамада материяның негізгі екі белгісі айқын көрсетілді, біріншіден, материя адамның санасынан тыс тәуелсіз өмір сүреді, екіншіден, ол адамның санасында бейнеленеді. Бірінші белгі материяның санаға қарағанда бірінші, бастапқы екендігін білдірсе, екінші – материалдық дүниені танып – білуге болатындығын көрсетеді. Сөйтіп, материаның бұл анықтамасы философияның негізгі мәселесін тұтасымен материалистік ағымның нақты пайдасына шешеді. Сонымен бірге бұл анықтамада материяның нақты түрлері мен қалыптары, белгілі бір қасиеттері көрсетілмейді. Мұның өзі диалектикалық ойлау әдісінің метафизикадан айырмашылығын көрсетеді. Материаның басты қасиеті – санадан тыс объективті нақтылық ретінде өмір сүруі. Сөйтіп, материя, біріншіден, санаға дейін өмір сүреді; екіншіден, тысқары өмір сүреді; үшіншінден, бейнесі жасалатын құбылыс есебінде санадан тәуелсіз өмір сүреді; төртіншіден, құралы есебінде санадан тыс өмір сүреді. Объективтік дүниеде үнемі қозғалыста болатын материядан басқа ештеңе де жоқ. Қозғалыс – материяның ажырамас, мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді. Материаның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материлдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын. Кез келген материалдық обектінің өмір сүруі оны құрайтын элементтердің қарым – қатынасына байланысты. Философияда өзгерісті қозғалыс деген түсінікпен байланыстырамыз материя қозғалыс дегенді бұл тек механикалық деп түсінбеу керек бұл кез келген объектінің кеңістіктегі өзгеуі қарым қатынасына байланысты. Материя қозғалыссыз өмір сұре алмайды қозғалыз материяның басты атрибуты. Қозғалыстың негізгі екі түрін ажыратамыз бір заттың сапасын сақтау. екінші бір сападан келесі бір сапалық өзгеріске ауысу. Категория (гр.kategoria-пікір, белгі, анықтама) шындық дүниедегі заттардың, құбылыстардың ең жалпы, мәнді қасиеттері мен қатынастарын бейнелендіретін шегіне жеткен, ең жалпы ұғым (предельно общее понятие). Ол нәрселерден олардың ерекше белгілерін дерексізденудің (абстракцияланудың) соңғы нәтижесі ретінде жасалады (құрылады).