Студенттің білімін тексеруге арналған тест


Адам философиясы және құндылықтар әлемі



бет42/98
Дата23.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#132934
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98
Байланысты:
umkd po filosofii 2021 na ka yaz

7. Адам философиясы және құндылықтар әлемі

Қазақ халқының философиялық дүииетаннмының басты категориясы өмір. Адам өмір кешіп жатқан дүние -құндылыктар дүниесі. Материалдық және руханилық болып бөлінетін осы құндылықтардың ең бастысы - өмір. Ол өзінен басқа құндылықтардың өмір сүруіне қажетті бірден-бір шарт және өлшем, өмір болмаса, құндылықтар да жоқ. Осы тұрғыдан талдасақ, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы нәрсе -өмір. Қазақ халқы өмір мен өлімді салыстыра келіп. "Мың күнгі тамұқтан бір күнгі жарық", "Өлі арыстаннан тірі тышқан" немесе "Тірі адам тіршілігін жасайды" деп, өмірді жоғары бағалайды.' Қазақтың түсінігінше, адам тіршілікте өзінің өмірін барлық бағыттарда мүмкіндігінше өміршең етіп жаюы керек, өмір туралы көбірек ойланып, оның әр күнін бағалап, мандайға жазылған өмірді гүлдендіруге, жандандыруға, мәнді өткізуге ұмтылуы тиіс. Бұл іс адамның өз қолында. Өмірге мән беретін адамның өзі, оның іс-әрекеті. Дүниеге екі келмек жоқ, өмірден өз таба білуге адамның өзі жауапты. Қазақ халқы өмірді бейнелеу үшін "дүние" ұғымын да қолданады. ("Дүние" ұғымы болмысты, материалдық байлықты, бүкіл әлемді бейнелеу үшін де қолданылатынын ескерте кеткен дұрыс). Дүние-өмірдің ерек-шеліктерінің бірі - оның өткіншілігі, "дүние- жалған", "сүм дүние", "өттің дүние", "дүние-арман" сөз тіркестері осыны жеткізеді, өмірдің шолақтығын, көзді ашып-жұмғанша өте шығатынын ескертіп, оны бағалап, қадірлеуге шақырады. Қазақтың қара өлеңдерінен мысалдар келтірсек:


Ойлап тұрсам дүние бір қызғалдақ,
Дүние үшін біз жүрміз жанды жалдап.
Оралыңның барында ойна да күл,
Өте шығар бұл дүние аз күн алдап.
Жанып тұрған жастық шақ алқызыл гүл,
Сипаттауға сымбатын жетпейді тіл.
Өміріңнің қадірін біле білсең,
Өкінішпен дүние өтпейді құр немесе,
Бұл дүние жеткізбейтін арман дүние,
Бұрынғы бабалардан қалған дүние.
Бірақ қазақ өмірді "желдей есіп өте шығар", "қамшының сабындай қысқа" ,"дүние арман" деп түсінумен шектелмейді. "Дүние-арманға" мән беретін нәрселер ретінде қазақ халқы еңбекті, сүйікті жарды, жақсы досты, басқалармен сыйласып өмір сүруді және тағы басқа асыл қасиеттерді атайды: Дариға, дүниеге неге келдім,
Келдім де бір жемтіктің соңына ердім. Сене алмай, сендім деуге дос таба алмай, Екенін фәни-жалған енді білдім, - дейді.
Өмірдің құндылығын және оның мәнін анықтаушы - өмірмен диа- лектикалық бірлікті құрайтын өлім. Ол өмірден тыс нәрсе емес, үнемі қатар жүріп отырады, өмір бар жерде өлім міндетті түрде бар, ол өмірдің екінші жағы. Философия ғылымында өлім мәселесі өмірдің мәні секілді "мәңгілік", шешімі қиын мәселелер қатарында. Қазақ қашанда өлімді өткінші өмірдің заңды нүктесі деп философиялық сабырлылықпен қабылдады. Өлім бар екен деп өмірді жоққа шығару, өлімнен қорқу қазақи дүниеде көп кездеспейді. Өлім алдындағы субъективтік үрей мен күйзелісті қазақ халқы мәселенің жан- жағына терең үңіліп, байыпты көзқарас қалыптастыру арқылы жеңіп отырды. Қазақтың түсінігінде өлімді жеңетін мәнді, адамшылыққа, өзіңе ғана емес, айналаңа, халқыңа жасаған жақсылыққа толы өмір. "Қайда барсаң да Қорқыттың көрі" деп шектеулі өмірмен күрескен Қорқыттың, сүйікті ұлы Әбдірахманнан айрылып, қайғыға шөккен Абайдың:
Ұзақ өмір не берер, Көрген, білген болмаса? Жатқан надан не білер, Көңілге сәуле толмаса? деп, немесе:
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым өкінбен,
Толғамалы балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен,
Тобыршығы биік жай салып
Дүспан аттым, өкінбен,
Бүгін сонды өкінбен,
Өкінбестей болғанмын,
Ер Мамайдың алдында,
Шаһид кештім, өкінбен! - деп, өмірін ел тәуелсіздігі үшін құрбан еткен батырлардың өлімге көзқарасы осы ойымыздың дәлелі.Араласу категориясы қазақ дүниетанымында адам мен қоғамның, адам мен адамның арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді. Адам болмысының өзі үнемі дамып, өзгеріп және жаңарып отыратын араласу процесі, ол адамның мәндік ерекшелігі. Адам өз болмысының құпияларын өзін қоршаған ортадан оқшау, тұйық жағдайда толық ашуы, көрсете алуы мүмкін емес, адам қоғамда ғана толық қалыптасады. Адам болмысы араласу арқылы, оның өзіндік "Менінің" "Басқамен" үздіксіз жүріп отыратын диалогында ғана айқындалады. Адам өзін қоршаған ортамен: табиғатпен, қоғаммен, басқа адамдармен араласуға мәжбүр деуге болады.
Ежелден араласуға құмар қазақ халқы оны жоғары бағалады. Араласу - қазақ халқы үшін өмірдің мәні, басты құндылықтардың бірі және қазірге дейін солай болып қалып отыр. Бұл категорияны белгілі қазақ философы Қ.Ш.Нұрланова өте жақсы талдап, оның бес деңгейін көрсетті: қарым- қатынас, келіп-кету сіз-біздесу, араласу іштесу. Араласу қазақ үшін терең мазмұнға ие, ол емір кеңістігінде өзінің туысқандарымен, отандастарымен, адамзаттың басқа өкілдерімен бірге өмір сүру тәсілі. Қазақ араласуға неге құштар деп ойлансақ, оның негізінде малдың қамымен ұзақ уақыт бойы табиғат аясында оқшау өмір кешу жатыр. Сол себепті қазақ халқы басқалармен кездесудің, жүздесудің әрбір сәтін қастерледі. өз ұрпағын "кісікиік" болып, жалғыз өмір сүрмей, араласу арқылы адам қоғамында бақытты өмір сүруге шақырды деуге болады.
Адам болмысы екіге бөлінеді: 1) рухани болмыс - сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет - тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.
Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар - кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б. 2) әлеуметтік болмыс - екіге бөлінеді: тарих процесінде жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс - ол жалпы ұғым, оның даму заңдары болады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстылығын байқаймыз.
Болмыс - санаға тәуелсіз өмір сүретін дүниені, материяны адамдардың материалдық өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым. Философияның негізгі мәселесі ойлау жүйесінің болмысқа көзқарасы туралы мәселе болғандықтан, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. «болмыс» категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы күндер - ақ дүниеге әкеліп, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. Болмыс категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы күндері-ақ дүниеге әкеліп, оның көптеген ілімдеріне негіз болды. Материалистік философияда ол сезім - түйсікпен қабылданатын материяны, материалдық объектілердің өмір сүруін, олардың пайда болуын және жойылуын білдірді. Ал идеалистік философияда болмыс идеяларының жалпы мәні, ұшы - қиырсыз жиынтығы түрінде логикалық категориямен жалаң қызмет ретінде көрінеді, сөйтіп материализмде болмыс-табиғат болмысы, ал идеализмде - табиғаттан бөліп қаралатын дербес ұғым. Философия болмыс ретінде ең алдымен материяның, жекелеген мәселелердің, процестердің, адамдардың түпкілікті, тиянақты болмысында қашан да санадан тәуелсіз өмір сүруін көрсетеді. Бұл орайда болмыстың болмауы абсолютті түрде жоғалып кету емес, материяның бір күйден екінші күйге, яғни болмыстын ескі формасынан жаңасына ауысуы. Сондықтан өзінің болмысында дүние материяның ғана емес, соңдай-ақ сананың жиынтық ақиқаты ретінде көрінеді: «сана ешқашанда танылған болмыстан басқа нәрсе болмақшы емес, ал адамдардың болмысы-олардың тіршілігінің нақты процесі». Адам болмысын адамдардың, олардың мекемелерінің, мұраттарының, принциптерінің, теориялары мен идеяларының арақатынасынсыз елестету мүмкін емес. Табиғат, қоғам, адам және оның ақыл- ойы ұшы - қиырсыз, тоқтаусыз дүниесінде өмір сүреді және бұл оның материалдық бірлігінің алғышарты болып табылады. Бұдан: болмыс материалдық негіздің алғышарты болып табылады және материя мен болмыс ұғымдары толық үйлеседі деген кері түсінік тумауы керек. Бұл салыстырмалы үйлесім ғана, дүниенің субстанциясы болмыс емес, материя болып табылады: дүниенің бірлігі оның болмысында емес, оның материалдық негізінде; сананы болмыс емес материя оятады. Болмыс категориясының аса маңызды жағы дүниенің өмір сүретіндігін танып білуде, дүниенің біртұтас кейінде болғанын, болып отырғанын және болатынын көрсететіндігінде. Бұл орайда әңгіме болмыстың мынадай негізгі формалары жайында болып отыр: а) біртұтас ұғым ретінде табиғаттың, табиғи және адам жасаған заттармен процестердің болмысы; ә) адам болмысы; б) жеке және нақты сипат берілген рухани ұғымның болмысы және в) адамның қоғамдағы және жалпы қоғамның әлеуметтік болмысы. Табиғат болмысы; объективтілігімен - адам санасына дейін, одан тыс және тәуелсіз өмір сүруімен - кеңістік пен уақытта мәңгі - бақи болуымен - ол барлық жерде және әрқашан болуымен, болып отыруымен және болатынымен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет