ЕРЕСИ (гр. hairesis – ерекше діни ілім) – дінге қарсылығы бар діни ілім. ЖАЛҒАН-белгілі бір іс-әрекет немесе құбылыс мәнінің шындықтан алшақтатылып, бұрмаланған көрінісі, ақиқатқа қарама-қарсы ұғым. Адам баласының ақиқатты тану жолындағы шындыққа сай келмейтін, бірақ ақиқатқа баланатын адасуы тәрізді жалғандық та қоғамдық сананың жемісі.
ЖАТСЫНУ – әлеуметтік процесс, адамның іс-әрекеті мен оның нәтижелерінің ерекше, дербес күшке айналуын бейнелейтін философиялық категория. Белгілі жағдайларда бұл күштер өзін тудырған адамға қас болып, оған үстемдік ету дәрежесіне жетеді. Соның салдарынан адам белсенді субъекті болудан қалып, қоғамдық процестің объектісіне айналады.
ЗАТ – материалды дүниенің бөлімі, салыстырмалы түрде басқа нәрседен тәуелсіз, орнықты жеке бір нәрсе, дене, адам іс-әрекетінің құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |