ПІКІР – заттар, белгілер немесе зет пен оның белгілері арасындағы қарым қатынаста (терістеу не қостау) түрінде бейнелейтін ойлау формасы.
РАЦИОНАЛИЗМ - болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім.
РЕАЛИЗМ - (лат. realis шындық, заттық), - әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеуметтік қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.
РЕАЛДЫЛЫҚ- заттылық, шындық. Объективті реалдылық– адам еркінен тәуелсіз өмір сүретін объктивті дүние. Субъективті реалдылық - керісінше.
РЕЛЯТИВИЗМ - дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар өзара тек салыстырмалы қарым-қатынаста болады деген методологиялық қағида. Релятивизм заттардың, құбылыстардың, ғылыми теорияның, адамгершілік құндылықтардың, моральдық нормалардың, т.б. баяндылығын, тұрақтылығын, абсолютті мәнін жоққа шығарады.