ЖАУАП: А) 1,2,3
Б) 1,4,5
В) 2,3,4
Г) барлығы дұрыс
Д) 3,4,5
5 сабақ
1. Тақырыбы: Жүрек жетімсіздігі кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері.
2. Мақсаты: жүрек жетіспеушілігі кезіндегі мейірбикелік процесті ұйымдастыру және іске асыру бойынша білім мен дағдылар қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты: Студент білуі тиіс:
Жүрек жетіспеушілігі синдромын анықтауды, жіктелуін;
ЖЖЖ әкелетін ауруларды;
ЖЖЖ даму себептері және патогенезін;
ЖЖЖ клиникалық және гемодинамикалық белгілерін;
жүрек жетіспеушілігі интенсивті терапиясының белгілерін;
ЖЖЖ инвазивті емес мониторлеу көлемін;
ЖЖЖ интенсивті терапия мақсаттарын;
ЖЖЖ емдеу кезіндегі жалпы терапевтік көзқарастарын.
Студент істей алуы тиіс:
ЖЖЖ кезіндегі клиникалық күйін бағалауды;
ЖЖЖ кезіндегі нивахивті емес оксигенотерапияны жүргізуді (оттегіні оттегі жастығы арқылы, бет – перде арқылы, мұрын катетері арқылы беруді);
Бобров аппараты арқылы оттегіні ылғалдандыруды;
Оттегімен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігін сақтауды;
Манипуляциядан кейін құрал – саймандарды тазалауды;
«Ауыздан ауызға», «ауыздан мұрынға» жеңіл әдісімен жасанды желдетудіжүргізуді;
Жүрекке жанама массаж жасауды;
ЖЖЖ бойынша науқастарды инвазивті емес мониторлеуді жүргізуді.
4. Өткізу түрі:
Тур әдісі;
Кіші топтарда (3 – 4 адамнан құралған топ қанды құю техникасын талдап, оған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді шығарып қан тобын және стандартты сарысу бойынша резус – факторды анықтауды өткізуді, аудиториядағы жеке және биологиялық үйлесімділікті басқа топтарға презентация түрінде көрсетеді) рольдік ойындар түрінде жұмыс істеу.
ТСО-дан қолдану (ПК, мултимедиалық проектор) сабақ тақырыбын презентациялау.