«қанағаттанарлық» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, тапсырманы орындау барысында оқытушының көмегін мұқтажданғанын, тапсырманы орындап өз мерзімінде тапсырғанын білдіреді. Жауап беру кезінде принципиальді емес қателіктерді және дәлсіздіктерді жібергенін, белсенділік танытпағанын, оқытушы көрсеткен оқу әдебиеті мен ғана шектелгенін және материалды жүйелендіруде қиындықтарды сезінгенін білдіреді.
«қанағаттанарлықсыз»баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен деңгейде меңгергенін көрсетеді, тақырыпты меңгеру барысында өз білімі бойынша туындаған мәселелерді анықтағанын, қойылған сұрақтарға жауап беру мерзімінде принципиальді қателіктерді жібергенін, өз бетінше орындауға берілген тапсырманы орындамағанын, өз уақытында тапсырмағандығын және әдістемелік нұсқауда көрсетілген негізгі әдебиеттердің барлығыменен таныспағандығын білдіреді.
Студент істей алуы керек:
Анестезия кезінде заманауимониторингті жүзеге асыруды;
Анестезиологиялық бригаданың жұмыс орнын дайындауды,
Анестезиологиялық көмектің есепке алу – есептен шығару құжаттарын рәсімдеуді;
ӨЖЖ кезінде тыныс алуконтурының герметикалық жағдайын қадағалауды;
Тыныс алу қоспасындағы оттегі концентрациясын қадағалауды;
Диурез және қан жоғалту көлемін анықтауды.
Жүректің, қантамырлардың кедергісіне қанайналымына баға беру;
АРИТ тіркеу, есеп беру құжаттары.
Анестезия кезіндегі минималді мониториг стандарты;
Капнография, пульсоксиметрия, плетизмография,акцелометрияны дұрыс пайдалану ережесі.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: - Мейірбике - анестезисттің анестезиологиялық бригаданың жұмыс орнын және техникалық құралдарды дайындауда ролі қандай?
- Анестезиологиялық бригаданың жұмыс орнын дайындау тәртібі қандай?
- Мониторингке техникалық құралдарды дайындауда мейірбикенің міндетіне не жатады?
-Наркозды –тыныс алу аппаратының жұмысқа жарамдылығын қалай тексереді?
-Анестезиологиялық көмектің есеп құжаттарына не жатады?