6- САБАҚ 1. Тақырыбы: Жасанды тыныс алу аппаратында жатқан науқастардың мейірбикелік күтімі.
2. Мақсаты: ӨЖЖ жатқан науқастың күтіміндегі мейірбикелік емдік шараларды ұйымдастыру және іске асыру; заманауи ӨЖЖ аппараттарын пайдалану бойынша білімі мен іскерлігін қалыптастыру.
3. Тапсырмалар:
заманауи ӨЖЖ (ҚЖЖ) аппараттарымен танысу;
ӨЖЖ (ҚЖЖ) аппараттарын жұмысқа дайындау кезіндегі мейірбике – анестезистканың міндеттерін талдау;
ӨЖЖ жатқан науқастың күту тактикасын талдау;
Интенсивті терапия және анестезияны жүргізу кезіндегі мониторингті қамтамасыз етудегі техникалық құралдардың соңғы жетістіктерімен танысу;
СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттердің таңдауын жүргізу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықпен, оқу әдебиетімен, Интернет мәліметтерімен жұмыс жасау);
Конспект немесе көрнекі материалдармен реферат құру;
Берілген тесттер және ситуациялық тапсырмаларды шешу;
Өз бетінше тақырып бойынша тесттік сұрақтарды немесе ситуациялық тапсырмаларды құру.
4. Орындау түрі (реферат, презентация, тапсырмаларды құру, тесттер, алгоритмдер, ауру тарихын жазу, рөльдік ойындар үшін сценарийлер, рецензиялар және басқалар).
реферат
презентация
кезекшілік
есеп беру
тақырып бойынша өз бетінше тесттерді және ситуациялық есептерді құру
СӨЖ қиылыстық рецензиялауды жүргізу
6. Тапсыру мерзімдері: Тақырыптың жоспар бойынша 15 – ші практикалық сабақтан кешіктірмеуі қажет.
7. Бағалау критерилері: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:
«өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.
«жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.