Студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



бет82/111
Дата24.11.2023
өлшемі308,2 Kb.
#193330
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   111
Байланысты:
метод-СРС-СД-анест-реан-каз

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР
Таңып байлау бөлмесінің мейірбикесі операциядан кейінгі науқастарды таңып байлауға мынадай кезекпен шақырды: іріңді жаралары бар науқасты, сосын таза жараның жібін шешті, сосын опенрациядан екі күн өткен таза операциялық жарасы бар науқасты таңып байлады. Таңып байлау бөлмесінің мейірбикесінің іс - әрекетін бағалаңыз.
Таңып байлау бөлмесінің лампасының плафоны сынды, лампа ашық қалды. Таңып байлау бөлмесінің мейірбикесі 2 күн бойы ашық лампамен жұмыс істеді, күрделі тазалау кезінде лампаны өңдемеді. Осы жағдайда таңып байлау бөлмесінің мейірбикесінің іс - әрекетін бағалаңыз.
Хирургиялық бөлімше палаталырнда қыс кезінде температура 24 градус болды. Осы температура хирургиялық науқастарға сәйкес пе? Бұл жағдайда не ісету керек?
Таңып байлау бөлмесінің мейірбикесі күрделі тазалауды мынадай кезектілікте орындады: беткейлерді 1% гипохлоридпен 30 мин. өңдеді, сосын сабынды –содалы ерітіндімен, бөлмені 1 сағатқа жапты, сосын бәрін жуып бактерицидті лампаны қосты. Таңып байлау бөлмесінің мейірбикесінің іс - әрекетін бағалаңыз.
Таңып байлау бөлмесінің күрделі тазалауы қандай кезектілкте жүргізіледі?

7 сабақ
1. Тақырыбы: Анестезиологиялық қамтамасыз ету кезінде науқас және мед.персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін бақылау, асептика және антисептиканың ережелерін сақтау.
2. Мақсаты: Студенттерді құрал – саймандармен жұмыс істеу және тазалау дәрежелеріндегі мейірбике – анестезистканың инфекциялық бақылауының негізгі принциптерімен таныстыру. Наркоз қондырғысымен, медициналық құрал –саймандармен жұмыс кезіндегі сақтану шараларын үйрету. Мейірбикені жеке техника қауіпсіздігіне үйретү.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
Инфекциялық бақылауды ұйымдастыру қағидаларын;
Анестезиологиялық қамтамасыз ету кезіндегі асептика және антисептика ережелерін;
Наркозды аппараттарымен, жабдықтармен, құрал – саймандармен жұмыс кезіндегі сақтық шараларын;
Мейірбике –анестезистканың жеке қорғанысының кедергілерін;
Мейірбикенің киіміне және терісіне қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі шұғыл көмекті көрсетуді;
Көздің сілемейлігіне қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі шұғыл көмекті көрсетуді;
Бет терісіне және ерінге қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі шұғыл көмекті көрсетуді;
Мұрынның шырышты қабатына қанның немесе биологиялық сұйықтықтың түсуіндегі шұғыл көмекті көрсетуді;
Құрал – саймандарды тазарту барысында қол саусақтарының жарақаты кезінде көрсетілетін көмекті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет