Жер беті су көздерінен су алу орындарына қойылатын санитарлық қорғау аймақтары:
белдеу – қатаң режимдегі аймақ шекарасы, су алатын жерден ағыстың жоғары жағында 100 метр, төменгі жағында 50 метр, судың жер бетімен қйылысқан жерінен кем дегенде 100 метр,қарсы жатқан жағаның 50 метр жеріне қойылады.
белдеу – шектеулі аймақ, судың бактериалдық өзін-өзі тазартуын қамтамасыз ететін жағдайға байланысты бекітіледі. Ағыстың жоғарғы жағынан 30-60 км, ағыстың төменгі жағынан 250 метрден кем болмауы керек.
Екі су көзінде де 1 - белдеуге су алатын жер және суды өңдейтің, залалсыздандыратын қондырғылар жатады. Ол жер толығымен қоршалады, ол жердің қарауылы болады. Ол жерде суға түсуге, қалдық су жіберуге, кір жууға, тұрғын үй салуға, мал жаюға, дәретхана орналастыруға, құрылыс жұмыстарын жүргізуге,қоймалар орнатуға тыйым салынады.
Ол жерге тек сол жерде жұмыс істейтін адамдар ғана кіре алады,бөтен адамдар кіруіне тыйым салынады.
2 белдеу немесе шектеулі аймақ деп те атайды, бұл жерде елді мекен, сауықтыру мекемелерін, өндірістік және ауылшаруашылық нысандарын орналастыруға болмайды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |