Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы. Ауыз суға қойылатын талаптар. Су көздерінің санитарлық қорғау аймақтары


Су көздерінің санитарлық қорғау аймақтары. Суды залалсыздандыру әдістері



бет2/4
Дата17.02.2022
өлшемі24,27 Kb.
#132249
түріЛекции
1   2   3   4
Байланысты:
Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы

Су көздерінің санитарлық қорғау аймақтары. Суды залалсыздандыру әдістері.
Сумен қамтамасыз ету көздерін сақтық санитарлық бақылау - санитарлық қорғау аймақтарын (СҚА) ұйымдастыруға негізделген. Санитарлық қорғау аймақтары деп сумен қамтамасыз ету көздерін және су тазалау стансасы айналасындағы аймақты айтады. Бұл жерде арнайы тәртіп бекітіледі, оның мақсаты халыққа берілетін су сапасының нашарлауының алдын алу. Бұл тәртіп аймақтың санитарлық жағдайын жақсарту шараларын жүргізуде ғана емес, қоршаған ортаның жаңа ластау көздерінің пайда болу мүмкіндігінің алдын алу болып табылады.
Жер асты су көздерінің санитарлық қорғау аймағы 3 белдеуден тұрады:

  1. белдеу – қатаң режимдегі аймақ,оған су алатын жер,жағаның біраз бөлігі,су тазалау стансасы және таза судың қоры жиналатынрезервуарлар жатады.

  2. белдеу – шектеулі аймақ,сумен қамтамасыз ету көздерін қорғау үшін орнатылады.

Жер асты су көздерінен су алу орны қатаң режимдегі аймақтың радиусы скважинаның тереңдігіне байланысты болады, скважина терең 100 метрге дейін болса, қатаң режимдегі аймақ радиусы 50 метрге, ал скважина тереңдігі 100 метрден көп болса, 30 метрге қойылады. Санитарлық қорғау аймағының екінші белдеуі су алу орнын тұрақсыз микробтық ластанудан қорғау үшін орнатылады. Оның көлемі скважинаның тереңдігіне және қуаттылығына байланысты.

  1. белдеу – жер асты суларын тұрақты химиялық ластанудан қорғау үшін орнатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет