Су көздерінен суды шығару әдістері



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі31,19 Kb.
#93745
1   2
Байланысты:
Су көздерінен суды шығару әдістері

- фторсыздандыру – суда фтордың мөлшері көп болған жағдайда, оның мөлшерін азайту;
Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету жүйесі жиі қолданылатын ауылдық елді мекендер үшін жергілікті су көздерінің суын зарарсыздандыру әдістері айырықша өзекті болып табылады.
Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес құдықтарды дезинфекциялау:
- аурудың алдын алу мақсатында (жаңа құдықтар салынғаннан соң немесе бұрынғы құдықтарды тазарту, не жөндеу жұмыстарынан кейін);
-эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша (елді мекенде ішек инфекциялары өршуі кезінде немесе құдық суларына ағынды сулар, нәжіс, жануарлардың өліктері түскенде, т.б.) жүргізіледі.
Аурулардың алдын алу мақсатында, кем дегенде, жылына бір рет құдықтарды (каптаждарды) түбінде жиналған лайдан және жыныстардың шөгінділерінен тазарту, құдық жабдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Жүргізілген әрбір тазарту және жөндеу жұмыстарынан соң, құдықты (каптажды) дезинфекциялау керек.
Құдықтарды эпидемиологиялық көрсетілімі бойынша дезинфекциялау:
- құдықты алдын ала дезинфекциялауды;
- құдықты тазалауды;
- құдықты қайта дезинфекциялауды қамтиды;
Құдықтың суын зарарсыздандыру, құдықтың өзін дезинфекциялағаннан кейін, әр түрлі әдістерді қолдану арқылы, көбінесе, хлорлы препараттармен толтырылған, суға мөлшерлеп хлор бөлетін, патрон көмегімен іске асырылады. Құдықтарды дезинфекциялау үшін, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттарды (мысалы, «Акватабс», т.б.) пайдалану керек. Орталықтандырылмай сумен қамтамасыз ету кезінде суды зарарсыздандырудың арнайы режимі дайындалған, бұл режим белсенді хлордың қажетті мөлшерін, бос күйіндегі қалған хлордың мөлшерін және зарарсыздандыру уақытын ескереді.
Құдықтың суын құрамында хлоры бар препараттармен зарарсыздандыру үрдісінде хлорлағаннан кейін суда қалған (белсенді) хлордың мөлшері 0,5 мг/л деңгейінде болуы керек. Бұл деңгейге жетуі көптеген факторларға байланысты, оның ішінде, негізгісі - су зарарсыздандыруда қолданылатын, суға мөлшерлеп хлор бөлетін патронды толтыру үшін дезинфекциялаушы препараттың қажетті мөлшері болып табылады. Құдық суының хлор сіңіргіштігі зертханада, 1 л зерттелетін суға қосылған белсенді хлордың мөлшерімен, оның суға қосылғаннан соң 30 минут өткеннен кейінгі судағы мөлшерінің арасындағы айырмасымен анықталады.
Егер, құдық суы сапасының микробиологиялық көрсеткіштері бойынша нашарлау себептерін анықтау және /немесе жою мүмкін болмаса, онда суды үнемі зарарсыздандырып отыру қажет. Судың химиялық ластануы тұрақты болса, санитарлық –эпидемиологиялық мекемелер құдықты жою жөнінде шешім қабылдайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет