1. Стакандағы суды 1 с-қа қыздыру үшін 200 кал қажет. Стакандағы судың 1/4 бөлігін 1 с-қа қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет?
2. Судың белгілі массасын 1 с-қа, одан соң 45 с-қа дейін қыздырады. Қай жағдайда жылу көп жұмсалады, қанша есе?
3. Массалары және температуралары бірдей алюмиий және күміс қасықтарды қайнаған суға батырады. Бұл қасықтар судан бірдей жылу мөлшерін ала ма?
4. Массалары және ішіндегі судың температуралары бірдей екі ыдыстың ішіне қорғасын және қалайы шарын салды. Қалайы шар салынған ыдыстағы судың температурасы қорғасын шар салынған ыдыстағы суға қарағанда артығырақ көтеріледі, сонда шарлардың әрбіреуі ыдыс пен суға бірдей жылу мөлшерін бере ме?
5. Күндіз көл бетіндегі мұз ериді. Мұз ерігенде бөлінетін жылу атмосферадағы ауаға бере ме әлде одан ала ма?