Жасөспірім кезеңде суицидалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктері болады. Жасөспірімдер арасында ересек балаларға қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына жетеді. Суицидалдық мінез-құлық бұл жаста көп жағдайда демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық сипат алады. А. Е. Личконың көрсеткеніндей, тек қана жасөспірімдердің 10 пайызы ғана шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жанайқай.