Суицидального поведения детей методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет2/37
Дата18.12.2021
өлшемі393,42 Kb.
#102767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Суицид Әдістемелік

 




Кіріспе  

 

Қазақстан  Республикасы  білім  беру  жүйесінде  тәрбиені  дамыту  соңғы 



жылдары  шын  мәнінде  өзекті  бағыттардың  бірі  болып  отыр.  Білімді, 

адамгершілікті,  таңдау  жасау  жағдайында  өздігімен  шешім  қабылдауға 

қабілетті,  елінің  тағдыры  үшін  жауапкершілік  сезімі  бар  адам  тәрбиелеудегі 

мемлекеттің  тапсырысы  –  Қазақстан  Республикасының  Президентінің  жыл 

сайынғы  халыққа  Жолдауларында,  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының 

патриоттық  тәрбиесі  бағдарламасында  және  т.б.  маңызды  құжаттарда  көрініс 

тапқан.  

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  әр  адамға,  соның  ішінде 

балаларға,  өмір  сүру  құқығын,  қадір-қасиетін  құрметтеуді,  денсаулықты 

қорғауға және білім алуға кепілдік береді.  

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2014 жылғы 19 қыркүйекте «Мерейлі 

отбасы» Ұлттық сайысының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында сөйлеген 

сөзінде балалардың құқығын қамтамасыз ету және олардың сапалы білім алуы 

– 

болашақтың маңызды инвестициясы деп атады.  



Мемлекет  пен  баланың  жақындасуында  оқу  мекемелері  маңызды  орын 

болып табылатынын ескере отырып, әлеуметтік саясаттың осы бөлімін жүзеге 

асыруда білім беру мекемелері басты рөл атқарады.  

Баланың  бойындағы  ең  басты,  ең  маңыздылар  балалық  шақта  қаланады, 

сондықтан да адамның алдағы өмірі мен тағдыры көбінесе осыған байланысты 

болады.  Одан  кейінгі  уақытта,  мектеп  қабырғасында  болатын,  шартты  түрде 

алдын алу, түзету деп аталады, себебі жұмыс бала санасының деңгейінде ғана 

емес, түйсік бағдарламаларымен жүргізілуімен де маңызды.  

Суицид мәселесі (латын сөзінен 

sui caedere – 

өзін өлтіру– өзін-өзі өлтіру 

акті)  қазіргі  қоғамды  алаңдатпай  қоймайды.  Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау 

ұйымы 10 қыркүйек – Дүниежүзілік суицидті болдырмау күні деп белгіледі.  

ДДСҰ-ның  2010  жылғы  бүкіл  әлемдегі  денсаулықты  сақтау  жағдайы 

туралы  баяндамасында  «суицид  мәселесі  –  қоғамдық  денсаулықты  сақтаудың 

басты мәселелерінің бірі» деп айтылған.  

ДДСҰ деректері бойынша әлемдегі суицидтің 20% балалардың жеткіншек 

және  жасөспірім  шағына  қатысты  келеді.  Суицид  фактілері  мен  әрекеттерінің 

саны едәуір жоғары көрсеткішке жетіп отыр.  

ЮНИСЕФ  пен  ДДСҰ  деректері  бойынша  Қазақстан  2012  және  2013 

жылдары  өзіне  қол  жұмсау  фактілері  бойынша  ер  балалардың  өлім  санымен 

екінші  орынды,  ал,  қыз  балалар  өлімі  бойынша  бірінші  орынды  иеленген. 

Қазақстан  10-14  жастағы  ер  балалар  мен  қыз  балалардың  қайтыс  болу 

коэффициент деңгейі бойынша бірінші орында [1].  

Әлемдік  статистика  көрсеткендей,  соңғы  30  жылда  өзіне  қол  жұмсау  10 

жастан  14  жастағы  балалар  арасында  8  есеге  өсті.  Ер  балалар  арасында  өзіне 

қол  жұмсау  «шыңы»  11-14  жасқа,  ал  қыздар  арасында  15-18  жасқа  келеді. 

Зерттеулер балалардың 27,4% өз-өздерін бұрын-соңды жарақаттағанын, немесе 

өзіне қол жұмсауға әрекет еткенін көрсетеді. Суицид әрекетінің деңгейі 75,3 % 

құрайды.  



«Өзіне  өзі  қол  жұмсаудың  бірқатарының  алдын  алуға  болады.  Суицид 

бойынша,  халықаралық  сарапшы  профессор  М.  Саркьяпоне  балалар 

арасындағы  өзіне  қол  жұмсағандардың  24,3%  соңынан  қол  жұмсауға  түрткі 

болған  қоштасу  хаттарын  қалдырған,  бірақ  олар  өкілетті  органдармен,  яғни, 

ұстаздар мен психологтардың талдауынсыз қалған» деп қорытындылады [2].  

Психологтардың  пікірінше,  балалардың  өзін-өзі  өлтіруі  –  дер  кезінде 

олардың  жан  айқайын,  яғни  осы  арқылы  бала  өзіне  көңіл  аудару  ниетін 

естімеудің нәтижесі.  

Жасөспірім  шақ  көбіне  жанжалмен,  жабығуды,  шиеленісті,  мектептегі 

және үйдегі проблемаларды сезінуімен сипатталады.  

Жасөспірімдер,  әдетте,  өте  сезімтал,  олар  басқа  топтағы  балалармен 

салыстырғанда  болып  атқан  жағдайға  қызбалықпен  әрекет  етеді.  Олардың 

иланғыштығы  және  өзгелерге,  оның  ішінде  өзін  өзі  өлтіруге  талап 

жасаушыларға еліктеушілігі суицидке баруына негіз болуы мүмкін.  

Балалардың  суицидтік  мінез-құлқының  алдын  алуда  отбасы,  мектеп, 

педагог,  психолог,  әлеуметтік  педагог  басты  рөл  атқарады,  олар 

жасөспірімдерді  суицидтік  әрекетке  жеткізетін  көңіл-күймен  күресуде  ата-

аналармен  жұмыс  атқарады  және  оларға  көмек  береді.  Ата-аналарды  өз 

баласына  сауатты  көмек  көрсетуі  үшін,  оны  түсінуі  мен  қолдау  көрсетуінде 

қажет  жеткілікті  біліммен  қаруландыру  керек.  Ата-аналардың  педагогикалық 

мәдениеті неғұрлым мол болған сайын, олар өз балаларына жалпыадамзаттық 

және адамгершілік құндылықтарды соғұрлым көп меңгертеді.  

Тұлға  қауіпсіздігі  –  қазақстандық  қоғамда  басты  құндылықтардың  бірі 

болуы тиіс.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет