Сулейменов Пиримбек Муханбетович


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет25/44
Дата15.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#197224
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
Байланысты:
Электронный учебник П.М. Сулейменов

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Әлеуметтік қақтығыс дегеніміз не, анықтаңыз. 
2. Әлеуметтік жанжалдың даму кезеңдерін атаңыз. 
3. Әлеуметтік жанжалдар типологиясы туралы айтып беріңіз. 
4. Әлеуметтік қақтығыстарды қоғам дамуының механизмі ретінде сипаттаңыз. 
5. Әлеуметтік эволюция мен әлеуметтік төңкеріс арасындағы айырмашылық 
қандай, талдаңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Қорыта келе, жалпы әлеуметтік философия қоғам мен адам туралы 
философиялық принциптер мен заңдылықтар туралы мәселені қарастырады. 
Әлеуметтік философияның зерттейтін пәні адам және адам туған қоғамдық 
болмыс болып табылады. Оның басқа ғылымдардан айырмашылығы қоғамды 
зерттейтін түсініктерге көбірек назар аударады.Мемлекет құқық пен заң 
негізінде ұйымдасқан өмір нысаны, халық және ұлт адам өркениетінің тарихи 
азығы. Бұл барлық түсініктер өзара байланысты және бір-бірінің түсінігі 
толықтырып отырады. 
Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой
-
пікірлер, идеялар мен 
ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде
-
ақ қалыптаса бастады. 
Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болды, ол қалай дамиды, 
дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде, қоғамдық құбылыстар мен 
процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеп, қарым
-
қатынастар 
заңдылықтары бар ма, тағы басқа көптеген сұрақтар, ой
-
пікірлер және идеялар 
туады. Ал мұндай ой
-
пікірлер мен идеялар адамдардың қоғамға бірігуінен және 
осының негізінде өздерінің тіршілігін сақтау, күн көру, одан әрі дамыту 
қажеттілігінен, олардың тікелей тәжірибелік өмірімен байланысты туады. 
Оқу құралында осы мәселелер теориялық жағынан жан-жақты терең 
қарастырылған. Қоғам өмірінің аса күрделі саласы - рухани өмір. Ол қоғамдық 
сананың түрлі формалары мен деңгейлерін: саяси және құқықтық сананы, 
моральдық және эстетикалық сананы, дін мен ғылымды, қоғамдық және жеке 
адам психологиясын т.б. қамтиды. Қоғамдық сананың бұл формаларын рухани 
мәдениет деп аталады. 
«Қоғам өмірінің саласы» деген ұғым алуан түрлі, өзара күрделі 
байланыстағы қоғам өмірін терең зерттеу мақсатында біртұтас қоғамдық 
субъектінің іс-әрекетінің жеке салаларын бөліп алып қарастыру үшін 
қолданылатын абстракция, яғни бұл ұғым әлеуметтік философияның 
категориясы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ол қоғамды танып 
білудің методологиялық «аспабы» десе де болады. Олай болса, қоғамдық өмір 
салаларының ішінен негізгі, экономикалық, саланы бөліп алып, адамның 
біртұтас нақты іс-әрекетінің ішкі мәнін, сырын ашуға болады. 
Қоғамдық экономикалық формацияны құратын құбылыстар өзара табиғи 
байланысты, біріне - бірі тікелей немесе жанама әсер етеді, солардың 
нәтижесінде формация күрделі, дамушы әлеуметтік организм ретінде, біртұтас 
жүйе түрінде әрекет етеді.
 
Қоғам дамудың қандай жоғары деңгейіне жетпесін, адамдар азық
түліксіз, киім кешексіз, баспанасыз, т.б. материалдық игіліксіз өмір сүре 
алмайды. Бұл игіліктерді табиғат дайын күйінде бере ал
м
айды. Ол игіліктерге 
ие болу үшін адам еңбек етуі тиіс. Еңбек адамның табиғи қажеті, қоғам өмірінің 
негізі. Сол себепті де материалдық игіліктер өндірісі қоғамдық дамудың басты, 
шешуші күші болып табылады. 


Өндіріс процесінде адамдар табиғатпен және өзара қарым-қатынас 
орнатады. Осы екі түрлі қатынастар кез
-
келген нақты өндіріс тәсілінің бір-
бірінен айырғысыз байланысты екі жағын өндіргіш күштерді және өндірістік 
қатынастарды құрады. Өндіргіш күштер дегеніміз қоғам жасаған өндіріс 
құралдары, ең алдымен еңбек құралдары және тіршілік үшін қажетті өнімді 
жасаушы — адам. 
Өндіріс процесінде адамдардың арасында қажетті түрде өндірістік 
қатынастар деп аталатын белгілі бір қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар 
адамдардың өндірістік іс
-
әрекетінің ажырағысыз жағы болып табылады, 
өйткені адамдар жеке-дара өндіре алмайды, бір-бірімен қатынаса, қауымдаса 
отырып қана өндіре алады.
Өндірістік қатынастар
-
экономикалық қатынастар. Түрліше әлеуметтік 
топтардың өндірістегі үстемдік немесе бағыныштылық жағдайы, олардың 
өндіріс процесіндегі қатынастары меншіктік формадан туындайтыны анық. 
Өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің дамуына ілесе алмай, кейін 
қала береді де олардың дамуына кедергі бола бастайды, олармен қайшылыққа 
келеді. Өндіргіш күштер әрі қарай дамыған сайын өндірістік қатынастардың 
кедергілік рөлі арта түседі де, олардың арасындағы қайшылық ақыр соңында 
жанжал деңгейіне жетеді. Сонда ескі өндірістік қатынастарды жойып, дамыған 
өндіргіш күштердің сипатына сәйкес келетін жаңа қатынастар орнататын 
әлеуметтік революцияның қажеттігі туады. 
Адамдардың өндіріс процесіндегі қайсыбір қатынастары олар сәйкес 
келетін өндіргіш күштер дамып жетілген жағдайда ғана пайда болады. 
Өндірісті дамытуқоғам өмірінің объективтік қажеттілігі, заңы. Қоғамның 
тарихи, осы тұрғыдан алғанда, ең алдымен қоғамдық өндірістің төменгі 
тәсілінен жоғарғы тәсіліне қажетті түрде өту тарихы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет