Сулейменов Пиримбек Муханбетович


 ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет5/44
Дата15.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#197224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Электронный учебник П.М. Сулейменов

 
1.2. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ 
БІР БӨЛІГІ РЕТІНДЕ 
 
Тарих, әлеуметтану, саясаттану, философия, экономика сияқты 
әлеуметтік ғылымдардың әрқайсысы бір объект – қоғамды әртүрлі қырларынан 
зерттейді, және әр білім саласы өз тақырыбымен айналысады, өз құралдары 
және таным әдістеріне ие болады. Егер тарих қоғам өміріндегі барлық өткен 
маңызды нәрселерді оқиғалардың жеке қасиеттерін сақтау, едәуір қоғамдық 


процестер (революциялар, соғыстар, көтерілістер, экономикалық және саяси 
реформалар), көрнекті тұлғалардың әрекеті және т.б. туралы бейнелейтін болса, 
онда әлеуметтану өткенге терең үңілмей, басқа жағынан қарастырады – ішкі 
процестерді, әлеуметтік мекемелердің өзара әрекеттесу жүйесі ретінде қоғам 
жағдайын, әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалардың әрекеттерін зерттейді.
Егер 
психология 
қоғамға 
әлеуметтік-психологиялық 
процестер 
тұрғысынан түсінік берсе, ал заң ғылымдары реттеуші механизмдер 
заңдылықтарын, атап айтқанда әлеуметтік нормалардың арнайы жүйесі ретінде 
құқықты, ұйымдардың құқықтық формаларын және қоғамның мемлекеттік 
және саяси жүйесіндегі қызметін зерттесе, онда философия адамдарды табиғат, 
қоғам, адам және оның ойлауы тұрғысынан тұтас зерттейді. Философия 
атомдардың қозғалыс заңдылықтарын ашпайды, бірақ қалай болғанда да 
олардың санының шексіздігі мәселесін шешеді. Философия шексіз кіші 
шамалар туралы теоремалар тұжырымдамайды. Бұл математика ғылымының 
міндеті. Бірақ философия адамды «жаман шексіздіктен» сақтайды. Философия 
жанды табиғаттың дамуы туралы нақты білім бермейді, бірақ жанды және 
жансыз арасындағы ажырамас байланысты көрсетеді және т.б. Философия 
шындық құбылыстарын сипаттамай, олардың болмысын таниды.
Барлық гуманитарлық ғылымдар әрдайым өнімді болмаса да, өзара 
байланыста болып әрекеттесетіні белгілі. Себебі, философия экономикалық 
теориядан, әлеуметтанудан, тарихтан оқшауланып оқытылады, экономикалық 
теория әлеуметтік психология негіздерін ескермейді және т.б. Қазіргі жағдайда 
қоғамтануда барған сайын қоғамның гуманитарлық адами танымының 
бірыңғай жүйесіне қоғам туралы ғылымдарды біріктіру тенденциясы дамып 
келеді. Барлық қоғамдық ғылымдар үшін танымның бірыңғай объектісі ретінде 
дәл қоғамның өзі осы тенденция негізін құрайды. Әлеуметтік философия 
пәнінің негізгі ерекшелігі –қоғам өмірінің жеке бөлігін емес, қоғамды тұтас 
дамыған жүйе ретінде зерттеу. Егер тарих қоғам дамуының тарихи 
ерекшеліктерін, психология тіршілік әрекетінің ерекше формасы ретінде 
психика қызметінің заңдылықтарын, ал әлеуметтану қазіргі қоғамды зерттесе, 
онда әлеуметтік философия қоғамның сапалы өзіндік бейнелілігін, мемлекетке, 
дін, моральға деген қарым-қатынасын, рухани мәдениет, оның мақсаты, 
әлеуметтік идеалдарды және т.б. зерттейді.
Әлеуметтік философия қоғам туралы нақты білімді жалпылауды жүзеге 
асырады және қоғамды тұтас жүйе ретінде қарастыратын деңгейге жетіп, 
адамдардың 
өркениеттік 
өмірінің 
әмбебап 
қағидаттарының 
мәнін 
шоғырландырады. Бірақ нақты әлеуметтік ғылымдардың бірде біреуі білімнің 
осындай жалпылануы мен интеграциясын бермейді және қоғам дамуының 
ақталған жалпы заңдарын жүзеге асырмайды. Бұны әлеуметтік философия 
жүзеге асырып, пәннің қыр-сырын анықтайды.
Әлеуметтік философия қоғам дамуының қайшылықтары мен шешілуі тиіс 
мәселелерін адами факторлардың ондағы орны мен рөлін, білімнің адамға 
қарым-қатынасы және кері байланысын анықтау арқылы зерттейді. Әлеуметтік 
философияның іргелі мәселесі ол адам мәселесі: оның өмірінің, әлемдегі 
болмысының мәні, тіршілік әрекетінің мақсаты. Әлеуметтік философияда адам 


әлеуметтік пәлсапа жүргізудің ең басты мақсаты. Адам –философиялық 
ойлардың басы, олардың принципі және соңғы нәтижесі. Әлеуметтік саладағы 
адамның мәселесі көзге көрінбейтін болса, егер өзіндік құндылық ретінде адам 
қоғам, әлеуметтік қоғам, саяси партия, мемлекетпен алмасатын болса, онда нақ 
әлеуметтік философия жоғалады, ал әлеуметтік философиясы ғылымының өзі 
қандай да бір идеологиялық салаға айналып, шынайы білімнің орнына 
иллюзияны бейнелейді. Дәл сондай метаморфоза адамзат тағдыры туралы 
философиялық толғанулар мен ойларда, қоғамның қалыптасуында адамның 
орнына рух, Құдай туралы ой-пікірлер кіріскенде, әлеуметтік философия 
теологияға айналып, білімге негізделуі, шындық арқылы өлшенуі, фактіге 
негізделуі тоқталады.
Әлеуметтік философия – дүниетанымдық ғылым. Бұл әлеуметтік 
философия қоғам дамуының қайшылықтары мен проблемаларын ондағы адами 
факторлардың орны мен рөлін, адам туралы білімді анықтау арқылы зерттейді 
деген сөз. Әлеуметтік философияның басты мәселесі – адам мәселесі, оның 
әлемдегі болмыс мәні, тіршілік әрекетінің мақсаты. Әлеуметтік философия – 
тарихи кеңістікте адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі факторларының өзара 
байланыс тұрғысынан, адам және қоғамдық басымдылықтар тұрғысынан 
алғанда өркениетті өмірдің және қоғам дамуының жалпы адамдық негіздерін 
зерттейтін ғылым.
Философия әлеуметтік сананың дүниетанымдық нысаны ретінде төрт 
бөліктен тұрады: философия тарихы, табиғат философиясы (натурфилософия), 
қоғам 
философиясы 
(әлеуметтік 
философия), 
адам 
философиясы 
(философиялық 
антропология). 
Әлеуметтік 
философия 
табиғат 
философиясындағы негізгі мәселелерді нақтылай келе, оларды сана мен 
табиғаттың қарым-қатынасы туралы сұрақтар ретінде жалпы пішінде 
қарастырады. Дүниетаным әлемнің қоғамдық өзіндік санасының формасы 
болып табылады. Дүниетаным – табиғат, қоғам, адам, сондай-ақ адамдардың 
таным тәсілдері мен құндылықтары туралы кең тараған көзқарастар жиынтығы. 
Адам дүниетанымының үш түрі бар: мифология, дін, философия. Әлеуметтік 
философия – бұл дүниетанымның әлеуметтік бөлігі . 
Философияның басты мәселесі – адам мен табиғаттың (әлемнің) қарым-
қатынасы болып табылады. Мұнда бір жағынан материя турінде табиғат (өзіне 
қоғам мен адам денесінқосатын), басқа жағынан абстрактылы жаратылыс 
түрінде тәжірибелік әрекетшілдік, сана-сезім және біліммен қамтылған адам 
тұрады. Натурфилософияның ең маңызды мәселелері табиғат, сана, таным және 
т.б. туралы жалпы түсінік.
Әлеуметтік философия (қоғам философиясы) натурфилософиядан 
әлдеқайда кейінірек дамыды. Бұл адамның табиғатқа тәуелділігіне, бастапқыда 
оның заңдарын білу қажеттілігіне байланысты болды. Сонымен қатар, қоғамды 
тану қиын, себебі ол – қоғам дамуын бір немесе басқа жолға бағыттай алатын,
санасы және ерік-жігері бар көптеген адамдардың іс-әрекеттерінің нәтижесі. Ал 
адам сол қоғамның ішінде болады. Қоғам адамға жақын, бірақ адам оны 
сырттан көре алмайды. Әлеуметтік философияның басты мәселесі әрқашан, 
қоғамдық адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынас. Бұл мәселенің шешімі: 


1) жалпы қоғамның, 2) қоғамдық адамның, 3) қоғам адамының қоғамды тануы, 
4) қоғамдық адам қажеттіліктерінің (материалдық, әлеуметтік, рухани) дамуына 
сәйкес қоғамның практикалық өзгеруінің анализімен байланысты. Және бұл, ең 
алдымен, субъективтілік пен объективтіліктің бірлігін көрсететін қоғамды 
қандай да бір дамушы тұтастылық ретінде қарастыруды болжайды. 
«Әлеуметтік философия мәселесі – қоғам дегеніміз не, оның адам 
өміріндегі маңызы қандай, шынайы мәні неде және ол бізді неге міндеттейтіні 
туралы сұрақ болып табылады», - деп C.Л. Франк жазған (Барулин B.C. 
Социальная философия. Ч. 1. - М.: МГУ..1993. - С. 3). Әлеуметтік философия 
аясында қоғам – қоғамдық болмыс, бірлескен өмір, әлеуметті мекемелер (тіл, 
отбасы, ақша, мемлекет және т.б.), әлеуметтік қоғамдастықтар (жас бойынша, 
этникалық, кәсіптік және т.б.) түрінде адамдар арасындағы күрделі және көзге 
түспейтін байланыстар жүйесін білдіретін қоғамдық өндіріс тәсілі формасында 
болады. Бірақ қоғамдық болмысы – бұл объективті (және материалдық) және 
субъективтінің (саналы) бірлігі болып табылады. Бұл адамзат қоғамы мен 
қоғамдық адам арасындағы қарым-қатынас мәселелерін қиындатады. Қоғамдық 
адам – жеке тұлға емес, белгілі бір қауымдастық құрамындағы адам: отбасы, 
ауыл, этнос, мемлекет, ел. Сонымен қатар, ол жоғарыда аталған қандай да бір 
әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік мекемелер және әлеуметтік салалар 
элементі болып танылады. Қоғамдық адам әлеуметтік философияда қоғамның 
әртүрлі әлеуметтік салаларында (демо-әлеуметтік, экономикалық, саяси, 
рухани) көрініс табады.
Сондықтан, әлеуметтік философия туралы сөз қозғалғанда біз 
натурфилософиялық адамнан (жалпы адамнан) және антропологиялық адамнан 
(индивидтен) да алшақтанып, біз қоғамдық сана мен тәжірибелік қызметпен 
бөленген адамдар қоғамдастығын қарастырамыз. Қоғамдық адамдар санасы 
(қоғамдық сана) натурфилософиялық сана, сезімдік және логикалық, 
эмпирикалық және теориялық формалар мәселелерінен алшақтайды. 
Әлеуметтік философия қоғамның қалыптасуы, қызмет етуі мен дамуындағы 
қоғамдық адам рөлін зерттейді. Объективтілік және субъективтіліктің бірлігі 
ретіндегі адамзат қоғамының және қоғамдық адамның диалектика мәселесі – 
әлеуметтік-философиялық танымның басты мәселесі. Қоғамдық сана мен 
қоғамдық болмыс арасындағы қарым-қатынас мәселесі философияның негізгі 
мәселесінің нақтылануы болып табылады. Бір жағынан, адамзат қоғамы 
әлеуметтік өндіріс әдісі ретінде жаңа адамзат ұрпақтарын әлеуметтендіруге, 
оларды өз заңдары мен өлшемдеріне сәйкес қалыптастыруға зор ықпал етеді. 
Екінші жағынан, жаңа адамзат ұрпақтары өздерінің санасы мен тәжірибелік 
дағдыларын дамыта отырып, өз әлеуметтік болмысын өзгертіп, болашақ 
ұрпақтарды әлеуметтендіру үшін жаңа әлеуметтік ортаны қалыптастырады. 
Әлеуметтік 
философия натурфилософия мәселелерін әлеуметтік 
(қоғамдық) 
деңгейде 
нақтылайды. 
Натурфилософия 
мен 
әлеуметтік 
философияның арақатынасы – бұл жалпы мен ерекшенің арақатынасы. 
Жалпыға тән барлық нәрсе (адам және табиғаттың қарым-қатынасы) ерекшеге 
де (әлеуметтік сана мен әлеуметтік болмысқа) тән. Бірақ жалпы ерекшенің 
ішінде, оның табиғатына толықтай сәйкес болып көрініс табады. Әлеуметтік-


философиялық мәселелер, оларды шешу әдістері мен нәтижелері жалпы 
(натурфилософиялық) ғана емес, сондай-ақ сапалы жаңадан тұрады. Мысалы, 
адам санасында, қоғамдық санамен салыстырғанда, қоғамдық мүдделер жоқ, 
материяда өндіргіш күштер мен адамдар арасындағы өндірістік қарым-қатынас 
жоқ және т.б. Осылайша, натурфилософиядан әлеуметтік-философиялық 
мәселелерге көшу қарапайым және абстрактылыдан күрделі және нақтыға көшу 
үдерісі 
болып 
табылады. 
Әлеуметтік 
философия 
– 
табиғаттың 
натурфилософиясы және адам философиясымен салыстырғанда орта деңгейдегі 
теория деп танылады. Натурфилософия қағидаларын автоматты түрде 
әлеуметтік-философияға ауыстыруға болмайды. Бұл, негізінде, әлеуметтік 
болмыс объективті және субъективтінің бірлігін, табиғи және саналының 
нәтижесін білдіретіндікпен ескертіледі. Әлеуметтік-философиялық мәселелерді 
ұғыну кезінде натурфилософияда бұрын болмаған жаңа түсініктер қажеттілігі 
туындайды: қоғам, қоғамдық болмыс, қоғамдық сана, адами қызмет, объективті 
және субъективті факторлар, идеология және т.б. түсініктері.
Бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік философия – бір жағынан, дүниетаным 
ретіндегі философия бөлігі, басқа жағынан – ол салыстырмалы түрде тәуелсіз 
философиялық 
дүниетаным 
болып 
табылады. 
Адам 
философиясы 
(философиялық антропология) – жеке адам және жеке болмыс арасындағы 
қарым-қатынас зерттелетін философияның бір бөлігі. Осы деңгейде 
натурфилософиялық және әлеуметтік-философиялық мәселелерді одан әрі 
нақтылауға мүмкіндік беретін жаңа сұрақтар туындайды: денесі мен рухының 
тұтастығындағы индивид дегеніміз не; жеке сана дегеніміз не; индивидтің өмірі 
мен өлімінің мәні қандай; өзін-өзі тану процесі дегеніміз не; бейсаналық, 
сезімтал, рухани деген не; Құдай және оның жердегі түрлі уәкілдері (Будда, 
Христос, Мұхаммед және басқалары) идеясы не үшін жасалды және т.б. 
Ясперстің жазуы бойынша, адам болмысты тұтастай, өзін-өзі және өз 
шекарасын сезінеді. Оның алдында әлем қорқынышы және өз дәрменсіздігі 
ашылады. Адам ажал алдында тұрып, бостандық пен құтқаруды талап ететін 
сұрақтар қояды...(Ясперс К. Смысл и назначение истории. - М., 1991. - С. 33). 
Әлеуметтік философия адам философиясында көрініс тауып қана қоймай, 
сонымен қатар, одан әлеуметтік-философиялық мәселелерді қарастыру 
мотивтерінен елеулі кері әсерін сезінеді. Осы мотивтерге жеке болмыс пен жеке 
сана арақатынасының әртүрлі аспектілері мен мәселелері, олардың қарама-
қайшылықтары мен даму перспективалары жатады. Жеке болмыс және жеке 
сананың өзара байланысы, философиялық антропология мәселелері – қоғамдық 
болмыс пен қоғамдық сананың, адамзат қоғамының және қоғамдық адамның 
өзара байланысын бағалау критерийлері болып табылады. Олар, сондай-ақ, 
әлеуметтік-философиялық зерттеулерді де басқарады.
Бұл қоғамға әлеуметтік-философиялық көзқарастың мотивтерінде 
(дәуірдің мүддесі), әлеуметтік болмыс пен әлеуметтік сананың диалектикасы 
арқылы көрініс табады. Сонымен қатар, әлеуметтік философия, қоғамды табиғи 
және әлеуметтік тұтастық ретінде қарастырып, оның мәселелерін талдау 
кезінде, индивидті ескеру керек: ол әрқашан әлеуметтік-философиялық ойлау 
негізінде болады. Әлеуметтік философия қоғамды адам қызметінің, олардың 


қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін бүгінгі нақты тарихи жағдайларда жүзеге 
асыру үдерісі мен нәтижесі ретінде қарастырады. Бұл көбінесе әлеуметтік 
философиядағы 
әлеуметтік-философиялық 
және 
философиялық-
антропологиялық мәселелердің бірігуіне әкеледі. Осылайша, философия, 
қоғамдық сананың дүниетанымдық түрі ретінде, философиялық таным мен 
сананың тығыз өзара байланысқан үш негізгі деңгейін және бөлімдерін ашады. 
Философияны жалпы зерттеу ойшыл адамға әлем, қоғам, адам және оның 
өмірінің мәні туралы жеткілікті түрде тұтас көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. Сондай-ақ, философияның маңызды бөлігі және салыстырмалы түрде 
тәуелсіз бөлімі – әлеуметтік философия болып табылады. Ғасырлар 
аралығында, әлеуметтік философия, табиғат философиясын екінші орынға 
шегіндіретін, философияның басты құрамдас бөлігі деп танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет