Сулейменов Пиримбек Муханбетович


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет9/44
Дата15.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#197224
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
Байланысты:
Электронный учебник П.М. Сулейменов

 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
 
1.
«Өркениет» ұғымы қалай пайда болды, анықтаңыз. 
2.
Өркениеттің қандай анықтамаларын білесіз, сипаттаңыз. 
3.
Қоғамдық формация мен өркениет арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз. 
4.
Қоғам, мемлекет, өркениеттің өзара байланысын талдаңыз.
5.
Өркениеттер типологиясының принциптерін атаңыз. 
6.
Өркениеттік дүниетаным және өркениеттік менталитет дегенді қалай 
түсінесіз, ашып беріңіз. 


1.6.ҚОҒАМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ОНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ 
 
Мәдениет ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде пайда болды және қоғамда 
ұрпақтан ұрпаққа беріле отырып дамыды. «Мәдениет» терминінің түп негізі 
латын тілінен шыққан. Бастапқыда бұл термин «жер өңдеу» деген мағынаны 
білдірген. Кейіннен мәдениет дегеніміз табиғи жағдайларға байланысты 
туындаған өзгерістер емес, адамның табиғи объектіде өзі жасаған өзгерістері 
деген түсінік қалыптасты. Ақыр соңында, мәдениет ұғымы адамның қарым-
қатынасы мен сананы, техниканы, әлеуметтік институттарды, рухани 
құндылықтарды және тағы да басқа қоғамды ұйымдастырудың ең маңызды 
механизмі деген мағынада қолданыла бастады. Мәдениет адамдарға өздерінің 
табиғи және әлеуметтік орталарында өмір сүруге, басқа қоғамдармен өзара 
әрекеттескен жағдайда өз қоғамының бірлігін сақтауға, өндірістік әрекет етіп, 
адамдардың көбеюіне көмектеседі.Әлеуметтік философия және әлеуметтану 
кең таралған, тұрақты, қайталанатын әлеуметтік қоғамдастықты, әлеуметтік 
институттарды, қоғамдық ұйымдарды, олардың динамикасын зерттейді. 
Бүгінде адамдардың, қоғамдастықтардың, институттар мен қоғамдардың, 
адамзат мәдениетінің күрделі анықтамалары бар. Табиғатта адамдар жасаған 
барлық өзгерістер «мәдени» болып табылады ма деген сұрақ туындады. 
П.Сорокин әлеуметтік-мәдени өзара әрекеттесу құрылымында үш 
аспектіні бөліп көрсетеді:1) тұлға өзара қарым-қатынастың субъектісі 
ретінде;2) қоғам өздерінің әлеуметтік-мәдени қатынастарымен өзара 
әрекеттесетін субъектілер жиынтығы ретінде;3) мәдениет өзара әрекеттесетін 
субъектілердің құндылықтары мен нормаларының жиынтығы және сол 
құндылықтар мен нормалардың көрсеткіштерінің жиынтығы ретінде (музыка, 
бейнелеу өнері және т.б.).Біздің ойымызша, мәдениет, қоғам және қоғам
мәдениеті ұғымдарын ажырата білу қажет.Егер «мәдениет» ұғымы субъектімен 
байланысты болмаса,оның мәні жоғалады, әсіресе мәдени құндылықтарға 
қатысты жағдайда: сурет салу, музыка, сәулет өнері және т.б. Бұл туындылар өз 
бетінше, туындыны жасаушы мен оның тұтынушысына қатысы жоқ болса, 
мәдениет болып есептелмейді. Әрине, осы тарихи кезеңдегі адамзат мәдениеті 
осы қоғамның мәдениетіне қарағанда бай, мәдениет бұл әлеуметтік топтың 
жеке өзара байланысты дәстүрлеріне берілген атау. Қоғам терминінің аясы 
ауқымдырақ, себебі ол мәдениет көріністері мен импульстарын қамтиды. 
Қазіргі кездегі «мәдениет» түсініктері: 1) субъектілердің (адамдар, 
қауымдастықтар, институттар, қоғамдар) қабілеттілігі;2) осы қабілеттерібар 
субъектілердің қызметі;3) адамдар жасаған «екінші табиғатқа» жататын 
материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы, сондай-ақ олардың 
арасындағы 
қарым-қатынастар.«Мәдениет» 
ұғымы, 
айтылып 
өткенге 
байланысты, кең және тар мағынада қолданылады,басты назар кейде бірінші 
немесе екінші бөлікте болады немесе кейде барлық компоненттерді 
қамтиды.Бірақ тек жеке тұлғамен, институтпен, сынып, қоғам формациясы 
және т.б. субъектілермен қарым-қатынас кезінде ғана мәдениет туралы айтуға 
болады. 


Мәдениет субъектісідегеніміз шындықты рухани және практикалық 
игерудің кейбір мәдени мүмкіндіктерін игерген жеке адам, әлеуметтік 
қоғамдастық (студенттер, шаруалар, инженерлер және т.б.), әлеуметтік 
институт (отбасы, мектеп, армия және т.б.), халық (қазақ, орыс, неміс және т.б.) 
болып табылады.Бұлсубъектілерге тән, генетикалық тұрғыдан мұрагерлікпен 
берілмейтін құралдардың, әдістердің, формалардың, қоршаған ортамен өзара 
әрекеттесудің жиынтығы. Қоғамды өз халқының қызметінің процесі мен 
нәтижесі ретінде мәдениет субъектісі етіп қарастыруға бола ма? Біздің 
ойымызша, қоғам мәдениеті алдыңғы және қазіргі ұрпақтардың қызметінің 
нәтижесі болып табылады. 
Теориялық әлеуметтануда тар мағынада «субъект мәдениеті» әлеуметтік 
топтарға және оның мүшелеріне тән құндылықтардың, нанымдардың, жүріс-
тұрыс үлгілері мен нормаларының жүйесімен анықталады. Әлбетте, бірінші 
жағдайда мәдениеттің анықтамасы объективті, сыртқы және екінші жағдайда 
субъективті, ішкі болып табылады. 
Сондай-ақ,мәдениет осы әлеуметтік субъектілерге(жеке тұлға, әлеуметтік 
қоғам, әлеуметтік институт, қоғамдық ұйым, халық) тән құндылықтары, 
нанымдары, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормалары көрініс табатын ойлау тәсілі 
және іс-қимыл тәсілі ретінде анықталады.Осылайша, мәдениет – бұл 
психологияның, сана-сезімнің, мінез-құлық пен символдық құралдардың 
бірлігі.Мәдениет 
табиғи 
шындықтың 
рухани, 
саяси, 
экономикалық, 
демографиялық дамуы ретінде халықтың іс-әрекеттерінде көрініс табады: 
көркем, саяси, өндірістік, отбасылық және т.б.Кез келген істе екі қызмет өзара 
әрекеттеседі - сыртқы (объективті) және ішкі (субъективті). Тек соңғысы 
негізінен қызметтің мәдени компонентіне жатады.Сондықтан адамдардың 
қызметі мен олардың мәдени компоненті сәйкес келмейді. Ішкі іс-әрекет 
барысында (психикалық, саналы, ерікті) себептер, мақсаттар, бағдарламалар 
мен технологиялар қалыптасады және жүзеге асырылады. Мәдени іс-әрекет 
барысында, кез-келген қызметтің тараптары сияқты, белгілі бір іс-әрекеттердің 
және әлеуметтік субъект амалдарының реті орындалады және нақты объект пен 
құралдар ортасында жүзеге асырылады.Қызметтің мәдени құрамдас бөлігінің 
негізгі элементтеріне тіл, білім, наным, құндылықтар, менталитет және т.б. 
жатады. Мәдениет объектілерін құраушы элементтерге бөлуге болады. 
Американдық зерттеуші Э.Хоббельдің анықтамасына сәйкес, «мәдени 
элемент» материалдық өнімнің (қарындаш, машина және т.б.) одан әрі 
бөлінбейтін бірлігі, мінез-құлық үлгісі (кездесу кезінде қолын созу, көлікте қарт 
кісілерге орын беру және т.б.), адам санасы (сенім, идеал және т.б.) болып 
табылады.Бұл мәдениетте көптеген мәдени элементтер бар: қабілеттері бар 
субъектілер, шындықты рухани меңгеру формалары, мәдени игіліктер. Ал 
кейбір мәдени элементтер әртүрлі «мәдени кешендерге» енгізіледі, мысалы, би, 
демонстрация және т.б. Мәдени кешендерден адам өмірінің маңызды түрлерін 
білдіретін, мәдени кешендер сериясы болып табылатын институттар мәдениеті 
(институционалдық мәдениет) туындайды.Мысалы, отбасы, білім беру, 
денсаулық сақтау институттары және т.б.Мәдениеттің бірнеше түрін де бөліп 
көрсетеді: демографиялық, экономикалық, саяси, рухани және т.б.Біріншісі


адамдардың көбеюі мен әлеуметтенуі, ұрпақтар қарым-қатынасы, ауыл мен 
қала арасындағы қарым-қатынас және т.б. қатысты болып табылады.Екіншісі 
экономикалық саламен, «материалдық» субъектілермен, олардың қызметі мен 
нәтижелерімен байланысты.Бұл азық-түлік, киім-кешек, тұрғын үй, көлік, т.б. 
сияқты өндірістік материалдық игіліктер ретінде көрініс табатын басқару, 
өндіріс пен сауданы ұйымдастыру мәдениеті. Саяси мәдениет әртүрлі 
таптардың, әсіресе, мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін адамдардың 
мүдделерін ескере отырып, қоғамды басқарудың тиімділігіне, басқаруды 
демократияландыруға байланысты.Ол сайлауда, саяси жүйенің жұмыс істеуінде 
және т.б. көрініс табады.Рухани мәдениет субъектілермен, іс-әрекеттермен, 
дүниетанымдық (мифология, дін, философия), эстетикалық (бейнелеу өнері, 
музыка, әдебиет және т.б.) және шындықты түсінудің рухани формаларының 
өзге де түрлерімен байланысты. 
Қоғам (елдің) мәдениетінің құраушы бөліктері: 1) қоғамдық сана, 2) 
практикалық және рухани қызмет дағдылары, 3) әлеуметтік (практикалық және 
рухани) құндылықтардың жиынтығы. Осылайша, қоғамға мыналар жатады: 1) 
адамдар, 2) мәдениет, 3) әлеуметтік қызмет (демо-әлеуметтік, практикалық, 
рухани), 4) табиғат (географиялық орта). Қоғамдық іс-әрекеттерде мәдени және 
табиғи орта арасындағы өзара іс-қимыл бар. 
Мәдениет және қоғамның қалыптасуы өзара байланысты. «Қоғамдық 
формация» ұғымы «қоғам мәдениеті» ұғымына қарағанда аясы тар болып 
табылады және қоғамның негізгі органдарының құрылымын, жүйелерін 
сипаттайды. Мәдениет қоғамның қалыптасуын ғана емес, сонымен бірге 
қоғамның өркениетті жағын сипаттайды. Экономиканың, саясаттың, 
руханилықтың, сондай-ақ, қоғам мен жалпы қоғамның қалыптасу мәдениеті 
туралы айтуға болады. Бұл тұрғыда қоғамның мәдениеті әлеуметтік іс-әрекеттің 
негізі болып табылады. Қоғамның мәдениеті оның қызметі мен дамуында 
маңызды рөл атқарады. Бұл оның негізгі функцияларына байланысты. 
• Мәдениеттің институционалдық функциясы қоғамның, институттың, 
ұйымның қызмет етуін қоғам өмірінің және дамуының негізі ретінде сақтау 
болып табылады. 
• Мәдениеттің танымдық функциясы жинақталған тәжірибені сақтау және 
аудару болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, бұл адамзаттың жадысы болып 
саналады. Ол күрделі белгілер жүйесін қамтиды: тілдік, сәулеттік, бейнелеу, 
музыкалық, би және т.б. 
• Мәдениеттің өркениеттік функциясы өз мүшелерінде белгілі бір 
өркениеттік қасиеттерді: мінез-құлқын, дүниетанымын, өмір салтын 
қалыптастыруға негізделген. Бұл функция белгілі бір өркениеттің ішіндегі 
адамдарды анықтайды. 
• Мәдениеттің коммуникативтік функциясы адамдар арасында, қазіргі 
және алдыңғы ұрпақтар арасындағы, түрлі халықтар мен өркениеттер 
арасындағы қарым-қатынасқа мүмкіндік береді. Мәдениеттің бұл функциясы 
адамдармен қарым-қатынас жасауға, бір тілден екінші тілге аударуға және 
мәтіндер мен басқа да мәдени белгілерді түсіндіруге мүмкіндік беретін 
техникалық құралдарды жетілдірумен бірге өсіп келеді. 


• Мәдениеттің нормативтік функциясы адамның, әлеуметтік топтардың 
және институттардыңәрекеттерінқарапайым жағдайлармен қатар, әсіресе, 
креативті шешімдерді қажет ететін стандартты емес жағдайлардағы басқаруға 
қабілеттілігінен көрінеді. Қазір бұндай жағдайға ресейліктер тап болып отыр. 
• Мәдениеттің гуманистік функциясы заманауи техникалық, экономикалық 
және саяси прогрестің қарқынды өзгеретін жағдайында адамдардың мінез-
құлқын, ділін, дүниетанымын және тұрмысын жақсартуда көрініс табады. 
Адамзаттың дамуындағы әрбір дәуірде бұл мәдениет функциясы артады.
 
Мәдениет әлеуметтік феномен ретінде, жоғарыда айтылғандай, күрделі 
құрылымға ие, оның ең маңызды элементі – субъект, оның санасы мен 
психикасы. Сондықтан, субъект мәдениеті мен мәдениеттің әлеуметтік 
құбылыс ретіндегі мағынасын ажырату керек. Соңғысы күрделі болып 
табылады және субъекттен басқа элементтерді, атап айтқанда, көптеген мәдени 
игіліктерді (құндылықтарды) қамтиды. Әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәдениет 
үшін аса маңызды адамдар мәдениетінің кейбір элементтеріне тоқталайық. 
Кез-келген мәдениеттің негізі белгілі бір халық дүниетанымына тән 
тұжырымдамалық-логикалық аппарат – тіл болып табылады. Барлық адамдар 
әлемді, оның элементтерінөз бетінше ерекше түрде түсінеді. Мысалы, аң 
аулаумен, жидектерді жинаумен айналысатын солтүстіктің кішігірім 
халықтарында жидектіңпісіп-жетілубарысындағы әр кезеңінің өз атауы бар. 
Кейбір елдерде зат есімнін жанды категориясы тек адамдарға ғана қатысты, 
қалғандарына «не» деп айтылады (үй жануарларын қоса алғанда). Өзге 
ұлттарда «жанды категориясы» адаммен бірге жануарлар әлемінің өкілдеріне 
қатысты қолданылады. Кейбір халықтар тілдерінде бастауыш тіркестің 
басында, бірінші орында тұруы міндетті, ал басқаларында бастауыш тіркестің 
басында, ортасында және соңында да тұруы мүмкін. 
Мәдени дәстүрлер ым-ишаратта, әдет-ғұрыптарда, мимикада, билерде 
көрініс табады. Ата-бабаларымыз бізге өздерінің дағдыларын, икемділіктерін, 
материалдық формадағы ой құрылымын және т.б. жеткізеді. Бірақ, кез-келген 
нәрсе мәдениеттің ең үлкен, қолжетімді және дәл мәдениет ретрансляторы 
болып табылатын тілмен бәсекелесе алатыны екіталай. Тілді мәдениет 
ретрансляторы ретінде бағалау кезінде екі төтенше жағдай кездеседі. Кейбір 
ғалымдардың пікірінше, ұлттық ерекшелікті көрсетудетілдің рөлі аса маңызды 
емес. Сондықтан ана тілін халықаралық мәртебеге ие тілмен алмастыру 
тәжірибесі ұлттық мәдениеттің дамуына нақты зиян келтірмейтін құбылыс. 
Басқа ғалымдар тілдің рөлін абсолютті түрде мәдениеттің жалғыз 
тасымалдаушысы ретінде қарастырады. Өйткені, әдетте, әсіресе ХХ ғасырда тіл 
тек қарым-қатынас құралы болып саналған. Орыс тілінде белгілі бір деңгейде 
ресейлік емес мәдениетті, ағылшын тілінде ағылшындық емес мәдениетті 
көрсетугеболады. 
Тіл белгілі мәдени-сөйлеу мәртебесіне ие.Бұл мәртебе мәдениет 
жүйесіндегі тілдің белгілі бір орнын білдіреді, ол тілдің негізгі 
функцияларында сөйлеу, ретрансляция және мәдениетті тәрбиелеу құралы 
ретінде көрінеді.Қоғамның әлеуметтік-мәдени кеңістігі халық арасында 
таралған және әдетте мемлекеттік тіл мәртебесіне ие ұлттық тілмен 


сипатталады.Сол себепті, ұлттық өзін-өзі тануына, өзін-өзі билеу құқығына қол 
жеткізген халықтар өз тілін мемлекеттік тіл ретінде қалыптастыруға 
тырысады.Бұл Латвия, Қазақстан және басқа да бұрынғы кеңестік 
республикалардың посткеңестік кеңістігінде болған мәдени және тілдік 
қақтығыстардың маңызды факторларының бірі. 
Тілдің өзіндік деңгейлері бар: әдеби, ауызекі, халықтық, жергілікті, кәсіби 
және т.б. Бұл ерекшеліктер тиісті сөздер, сөз тіркестері, сөз құрылымдары 
арқылы беріледі. Мәселен, матростар компас емес, компас деп, соңғы буынға 
екпін түсіріп айтады. Мәдениет субъектісін талдай отырып, адам мәдениеті 
(білім, наным, ерік және т.б.) және оның мазмұны бар психикалық формаларды 
ажырата білу қажет. Мұндай мәдени мазмұнды, бірінші кезекте, адам 
мәдениетінің анықтамалық элементі (өзегі) болып табылатынқұндылықтар 
(игіліктер) құрайды.Адам объектіге баға беру үшін, не пайдалы, не зиянды, не 
жақсы, не жаман екенін анықтау үшін белгілі бір критерилер мен өлшемдерді 
қолдануы керек. Іс-әрекеттерді, заттарды, идеяларды, пікірлерді бағалау 
критерилері мәдениеттегі басты нәрсе болып табылады. Олар құндылықтар деп 
аталады. Осыған байланысты критерий ретінде мінсіз, қиял-ғажайып құндылық 
затты адам үшін құнды деп танылған нысанмен шатастырмау керек. 
Құндылықтар 
тұрғысынан 
қарастырылған 
мәдениет 
қоғамдағы 
құндылықтарды айқындайтын, үйлестіретін, бағыттайтын, қайта жасап 
шығаратын, сақтайтын, қорғайтын, дамытатын және тарататын әлеуметтік 
механизм. Құндылықтарбелгілі бір әлеуметтік субъектіге (жеке тұлға, 
әлеуметтік қоғам, әлеуметтік институт, қоғамдық ұйым, халық) жағымды, 
ұнамды әлеуметтік қарым-қатынас, идеялардың мазмұны, көркемдік формасы 
және т.б.,нақты құбылыстарды бағалау өлшемі мақсатты бағытталған қызметтің 
мәнін анықтайды, әлеуметтік өзара әрекеттестікті реттейді, әрекетке 
итермелейді. Басқаша айтқанда, құндылықтар адамға дүниеде бағдар береді 
және нақты әрекеттерге ынталандырады. 
Экономикалық және моральдық құндылықтарды, саяси және эстетикалық 
құндылықтарды ажырата білу қажет. Белгілі бір мәдениет ішіндегі бұл 
құндылықтар ерікті комбинация емес, жүйені қалыптастырады. Менталитет – 
солбіркелкіліктің көрінісі. Бұл құндылықтар жүйесінің жалпы ұғымында да 
(оның ұжымдық идеясына бағынуы немесе жеке бостандық пен 
жауапкершілікте), сондай-ақ құндылықтар жиынтығының ерекшеліктерінде, 
олардың иерархиясында, дәйектілігі менбірізділігінде көрінеді. 
Әрбір құндылықтар жүйесі бір негізге ие. Бұндай негізді адамдар 
арасындағы жағымды, ұнамды қарым-қатынас нұсқалары, олардың өзара 
байланыстары, адамның өзіне бағытталған қоғамда жақсылық пен жамандық, 
парыз бен жауапкершілік, ар-намыс пен бақыт деген құндылықтар құрайды. 
Моральдық құндылықтар, құндылықтардың бүкіл жүйесіне еніп, адамның 
ерікті таңдауына, адамның ішкі, терең басқару формаларына (ар-намыс, ұят, 
өкіну және т.б.) жүгінеді. Қоғамның мәдениеті оның мүшелерінің көпшілігі 
үшін жағымды, қоғамда ортақ, танылған, бекітілген құндылықтарды сақтау, 
көбейту және дамыту механизмі болып табылады. Сонымен қатар, құндылық 
жүйесінің тұтастығы, біркелкілігі оның ішіндеқақтығыстар туындауы мүмкін 


емес дегенді білдірмейді. Құндылықтардың қақтығыстары әртүрлі формаларда 
көрінеді.Оларды жеңу бірінші кезекте адамгершілік құндылықтар негізінде 
жүзеге асырылады.Егер қоғамда еркіндік, жеке тұлғаның тәуелсіздігі емес, 
адамдардың арасындағы теңдік идеясы басым болса, онда әлеуметтік қорғау 
басымдыққа ие болады, содан кейін тиісті саяси құндылықтар тиімділікке, 
кірістілікке 
бағытталған 
экономикалық 
құндылықтардан 
басым 
болады.Құндылықтар адамның санасы мен психикасында білім, наным, ерік 
және т.б. формалардакөрініс табады.Бірақ адамдардың шын мәнінде не нәрсеге 
берілгендіктері, күнделікті өмірде нені басшылыққа алып, әрекет ететіндері, 
мінез-құлық үлгілерінің көрінісін анықтайды.
Наным – интеллектуалдықрационалдық, сезімдікэмоционалдық және ерікті 
компоненттерінің генетикалық бөлінбейтіндігі арқылы сипатталатын белгілі бір 
психикалық күй. Ол білімді құнды, маңызды, сенімді, энергияға толы ерік 
ретінде меңгеру болып табылады.Нанымдар табиғат объектілерімен де, 
әлеуметтік объектілермен де байланысты болған кезде, сол құбылыстар туралы, 
мінез-құлық нормалары мен принциптері туралы белгілі бір ақпаратты 
қамтиды.Әлеуметтік 
объектілерге 
қатысты 
нанымдарға 
этникалық, 
экономикалық, саяси, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, мінез-құлық эталоны, нақты 
бір мәдениет аясында ненің қалаулы не қалаулы емес, ненің әділетті не 
әділетсіз екендігі жайлы білімдер жатады. 
Қоғамда адамдар арасында қалыптасқан білімдер мен наным-сенімдер 
арасындағы қарым-қатынас қиын және біркелкі емес қалыптасады.Білім мен 
наным арасындағы айырмашылықтың себептері әртүрлі.Егер білім адамның 
мұқтаждықтарына қайшы келсе, бірақ үстемдік мәртебесіне ие болса, онда 
адамдар 
ерте 
ме, 
кеш 
пе 
олардың 
орындалуына 
қарсы 
тұра 
бастайды.Нәтижесінде, 
адамдардың 
бір 
жағынан 
рухани 
әлемінде, 
мәдениетінде, таратылған білімнің, сөздердің арасындағы алшақтық, екінші 
жағынан, нанымдар мен әрекеттер арасындағы алшақтық пайда болады. Білім 
тәжірибеден озып кетуі мүмкін. Онда әлемді жақсартуға қабілетті идеялар 
болуы мүмкін. Бұл жағдайда идеялар мен нанымдардың қақтығысы табиғи 
жайт болып табылады. Мұндай білімді белсенді түрде тарату арқылы 
қақтығысты жеңу қоғамның прогресі үшін маңызды шарт болып табылады. 
Нанымдар білімнің, сезімнің және еріктің бірлігі ретінде әртүрлі нақты 
формалардакөрініс табады: құндылық бағдарлары, әлеуметтік принциптер, 
нормалар, мінез-құлық қағидалары, әрекеттердің себептері. Олардың 
кейбіреулері адамның қызметінің стратегиялық бағытын анықтайды, екіншілері 
оны нормативтік түрде реттейді, ал басқалары адамдарың мінез-құлқын 
ситуациялық түрде анықтайды.Рухани мәдениеттің бұл құбылыстары 
иерархиялық жүйені қалыптастырады, оның маңызды элементі құндылықтарға 
бағдарболып табылады.Бір жағынан, білім, наным, әдеттерді біріктіретін, 
екінші жағынан, мінез-құлықты, жүріс-тұрысты қамтитын мәдениеттің 
синтетикалық формасына салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар жатады. 
Рәсім, ғұрыптар белгілі бір ұжымдық идеяларды, ұғымдарды, нормаларды, 
құндылықтарды бейнелейтін және тиісті ұжымдық сезімді тудыратын 
стереотиптік ұжымдық әрекеттердің жиынтығы.Рәсімдер барысында белгілі бір 


нормаларды, құндылықтарды, идеалдарды рационалды игеру ғана емес, 
сонымен қатар олардың қатысушыларына қатысты эмпатиятуындайды, 
кейіннен ол нанымға айналады.
Әдет-ғұрыптар мүшелерді топқа біріктіретін,бұрындары қабылданған және 
қазіргі уақытта қолданылатын адамның жүріс-тұрыстары мен қарым-
қатынастарынәлеуметтік реттеудің 
формасы. Әдет-ғұрыптар бұрынғы 
кездерден қабылданған дәстүрлерді, мерекелерді, еңбек дағдыларын және т.б. 
қамтиды. Дәстүрлер – ұрпақтан ұрпаққа берілетін наным-сенімдер, салт-
дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, мерекелер, еңбек дағдылары және т.б. Дәстүрлер 
мәдениет сабақтастығы мен әлеуметтік топтардың өздеріне тән ерекшеліктер 
негізі болып табылады. 
Қоғамда әлеуметтік топтардың, таптардың құндылықтары жүйелерді 
құрайды, олардың элементтері белгілі бір байланыста болады. Бұл 
құндылықтар жүйесі, практикалық өмірден көрінетіндей, айтарлықтай 
айырмашылықтармен ерекшеленеді.Құндылықтар арасындағы мүмкін болатын 
қақтығыстар, содан кейін топтар арасындағы әлеуметтік қақтығыстар 
бейбітшілік, адам өмірі сияқты адамзаттың жалпыға ортақ құндылықтары, 
сондай-ақ, ұлттың бірлігін сақтау, мемлекеттің тұтастығы және т.б. қоғамдық 
(жалпыұлттық, жалпыхалықтық) құндылықтар негізінде реттелуі тиіс. 
Нақты мәдениетте қақтығыс қандай формада болады, тараптар ымыраға 
келеді ме деген мәселелер:ашық қарулы қарсыластыққа айналып,шиеленіскен 
қақтығыс формасында даулы мәселелерді шешуге қолдануға бола ма, 
мәдениетте қақтығысқа түскен әлеуметтік күштер қанша, бүкіл қоғам 
адамгершілік құндылықтарды қаншалықты құрметтейді,қоғамда халықтың 
бірлігін, мемлекетті сақтау, азамат соғысын болдырмауды ең жоғары 
құндылықтарының бірі ретінде барлық топтар арасында мойындау бар ма деген 
сияқты әлеуметтік-мәдени факторларға тәуелді болады.Бұл, сондай-ақ, 
ұрпақтар 
арасындағы 
әлеуметтік-мәдени 
айырмашылықтардың, 
субмәдениеттердің болуымен де байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет