2. Қазақстан экономикасын қайта құрудың сара жолын қалыптастырушы: Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының жүзеге асуы барысында экономиканы модернизациялау орталық әлеуметтік-экономикалық үрдіске айналды. Өндіріс факторларының өзгеруі олардың ақпараттық, интеллектуалды, инновациялық құраушыларының өсуіне байланысты.
Бұл тенденциялар халық шаруашылығында болып жатқан сапалық іргерулермен байланысты. Оның негізінде даму стратегиясы мен тактикасының инновациялық бағытталуы жатыр.
Қазіргі күнгі нарықтық өзгерулер жағдайында ғылыми-техникалық үрдістің жетістіктерін енгізу, өнім, қызмет пен техникаларды жаңарту, нарықтың түрлі сұраныстарына бағытталған экономиканы модернизациялауға бағытталған қаржылық, материалды және адами ресурстарды шоғырландыру маңызды болып келеді.
Модернизация Қазақстан экономикасынан бөлінбейтін сипатқа ие болып келе жатыр. «Қазақстан — 2030» стратегиясының сатылы жүзеге асуы Қазақстанның ары қарай даму үрдісіне сенімді негіз құрды. Қазақстан модернизациясы — елдің дамуының жалғыз дұрыс жолы.
Бір экономикалық жүйенің дамуы көбінесе территориялық-салалық қимада ұлттық экономиканың құрылымымен анықталады. Ол қоғамдық өндірудің бір секторында өндіретін өнімнің үлесіне, халықтық қоғамның пайдалы еңбектерінің нысанына сай.
Әлемдік тәжірибе нарықтың түрлі болатынын және әр кезде тиімді бола бермейтінін көрсетеді (мысалы, төмен дамыған елдер). Сондықтан шаруашылық нарықтың нысандарына өту, әлі табысқа кепілдік бермейді. Еркін баға, тұрақты ақша жүйесі мен мүлікті жекешелендірумен басқа өндірістегі құрылымдық өзгерулерде көрініс табатын басқа экономикалық мәселелерді шешуге байланысты салмақталған, ғылыми- негізделген тәсілдер қажет.
КСРО экономикасы (және Одақтың құрылымдық бірлігі ретінде кеңестік Қазақстанның) кезінде өндірістің ауырлатылған құрылымы мен экспортта өндірумен байланысты салалардың көптігінен, ал оған жауап ретінде импортпен азық-түлік, машина жасау өнімдері мен тұтыну тауарлары әкелінуімен сыналды. Содан бері егер көмірқышқыл газының экспортының өсуін айтпасақ, экономиканың нақты секторындағы құрылымдық жағдай жақсармады, керісінше одан да қиындай түсті.
Бұл ең бірінші, өндірістің, құрылыс пен ауыл шаруашылығының материалды-техникалық базасын индустриализацияламау мен деградациялаумен; көрсетілген салалардың дамыған әлем елдерінен ғылыми-техникалық артта қалуы мен бүкіл кеңестік аймақта, соның ішінде Қазақстанда 15 жылға таяу уақыт бойы жасалмаған, жаңа, заманға сай өндірістердің болмауы көрсетілді.
Өңдеуші өнеркәсіптердің де өз құрылымын оптималды дей алмаймыз, себебі онда мұнайхимиясын дамыту, металллургиядағы жаңа өзгертулер, мұнайгаздық машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі арқылы өндірісті келешекте диверсификациялау үшін үлкен жүзеге аспаған мүмкіндіктер бар.
Ұлттық экономика құрылымын қарастыруда қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Ұлттық экономика құрылымы дегеніміз, сол мерзімде экономикада әр қилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасы. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы және ұдайы өндірістік процестің жеке фазаларының, факторларының, салаларының т.б. арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті сипаттайды.