5 БЕТТІК АҒЫНДЫ СУЛАРЫН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ҚҰРЫЛЫС ШЕШІМДЕРІ 5.1 Жалпы нұсқаулар 5.1.1 Тазарту құрылыстарына жаңбыр жауу, қар еру кезеңінде және жол
жабындарын жуудан түзілетін, қоныстанған аумақтар мен оларға ластануы бойынша
жақын кәсіпорындардың алаңдарына арналған ағынның жылдық көлемінің кемінде 70% -
ы және аумағы уытты қасиеттері бар немесе органикалық заттардың едәуір мөлшері бар
ерекше заттармен ластануы мүмкін кәсіпорындар алаңдарынан ағынның барлық көлемі
болатын беттік ағыстың барынша ластанған бөлігі бөлінуі керек.