Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет86/212
Дата16.04.2022
өлшемі3,63 Mb.
#139584
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   212
Байланысты:
СП РК 4.01-106-2018 (1)

ҚР ҚЖ 4.01-106-2018
58 
6.9.12 Алдын ала тығыздалған және (немесе) қоюландырылған шлам механикалық 
сусыздандыру қондырғыларына жіберіледі. Өнімділігі орташа және үлкен құрылыстарда 
механикалық сусыздандыру процесін таспалы, камералық немесе шнек үлгісіндегі сүзгі-
престерде жүзеге асыру ұсынылады. Механикалық сусыздандыру процесі шламға 
флокулянт ерітіндісін алдын ала енгізумен жүргізіледі. Сусыздандыру жабдығының түрі 
нақты тазарту құрылыстары үшін жеке анықталады. Сусыздандырылған шламдардың 
ылғалдылығы 15% - дан аспауы тиіс. Механикалық сусыздандыру кезінде тұнбаның 
құрғақ затын ұстау тиімділігі тұнбаның су қайтарғыш қасиеттеріне және 
сусыздандыратын жабдықтың түріне байланысты қабылданады. 
Шағын көлемді шламды сусыздандыру үшін қап сүзгілері бар қондырғыларды 
қолдануға болады. 
6.9.13 Механикалық сусыздандыру және қоюландыру сатыларында шламдардың су 
беру қасиеттерін арттыру мақсатында синтетикалық флокулянттарды қолдану қажет. 
Флокулянттардың жұмыс ерітінділерін дайындау ағынды немесе жинақтау түріндегі 
өнеркәсіптік қондырғыларда жүргізіледі. Жұмыс дозалары мен флокулянт түрін анықтау 
эксперименталды түрде жүргізіледі. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда минералды 
коагулянттарды, сілтілік реагенттерді және тұндыру материалдарын бөлек де, 
флокулянтпен біріктіріп де қолдануға жол беріледі. 
6.9.14 Шламдарды тығыздау, қоюландыру және сусыздандыру процестері өз 
технологиялық ағындарының - сүзгіштің, сүзгіш беттердің регенерациясынан судың, 
шлам үстіндегі судың пайда болуымен сүйемелденеді. Шламдарды өңдеу үдерістерінен 
технологиялық ағындар жинақтау резервуарына жіберіледі. Шламдарды өңдеу 
үдерістерінен ағындылардың құрамы мен көлемі материалдық балансты есептеу негізінде 
анықталады. 
6.9.15 Шламдарды механикалық сусыздандыру құрылыстарын жобалау кезінде 
резервтік жабдықты қарастыру қажет: 
- 3-тен кем сусыздандыру қондырғыларының жұмыс саны кезінде 1 резервтік 
сусыздандыру қондырғысы көзделеді
- сусыздандыру қондырғыларының жұмыс саны кезінде 4 және одан көп 2 резервтік 
сусыздандыру қондырғысы көзделеді (шламдардың жылдық санының 20% - ын 
қабылдауға есептелген тұнба алаңдары болған жағдайда). 
Техникалық-экономикалық негіздеме кезінде тазалау құрылыстарының кемінде 2 
тәулік жұмыс кезеңінде бастапқы шламды қабылдауды қамтамасыз ететін көлеммен шлам 
жинағыш-резервуарын қолдану және барлық қосалқы технологиялық жабдықтарды 
резервте сақтай отырып, резервтік сусыздандыратын жабдықтың санын кемінде бір 
қондырғыға ұлғайту шартымен тұнба алаңдарын резервтік пайдаланудан бас тартуға жол 
беріледі (реагенттер ерітіндісін дайындау қондырғылары, компрессор, сорғылар
транспортерлер және құрғаған тұнба бункерлері және т.б.). 
6.9.16 Шламдарды санитарлық зарарсыздандырудың орындылығы тазалауға 
берілетін ағынды сулардың құрамына байланысты жеке анықталады. Қоқыстарды 
санитарлық зарарсыздандыру келесі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін: 
- сұйық (қоюлатылмаған) шламды кемінде 60°С температураға дейін ыстық бумен 
жылытумен; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет