ҚР ҚЖ 4.01-106-2018 12
нормативтік талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
5.1.18 Жер бетіндегі ағынды суларды тазалауға шығару сұлбасын таңдау техникалық
мүмкіндік пен экономикалық орындылығын бағалау негізінде жүзеге асырылуы керек:
- өндірістік сумен жабдықтау жүйелерінде жер үсті ағынды суларды пайдалану;
- жер бетіндегі ағынды суларды өздігінен тазалау.
5.1.19 Нақты жағдайларға (ластану көздеріне, өлшемдерге, су жинау бассейнінің
орналасуы мен рельефіне және т.б.) байланысты беттік ағынды суларды бұру және тазарту
сұлбасын әзірлеу кезінде зиянды заттар түсуі мүмкін өндірістік аумақтың жекелеген
учаскелерін су бұрудың өндірістік желісіне ағызу арқылы немесе алдын ала тазартудан
кейін су бұрудың жаңбырлы желісіне ағызу қажеттілігін ескеру қажет. Бірқатар
жағдайларда аумақтың ластану сипаты мен дәрежесі бойынша ерекшеленетін өндірістік
алаңдардан ағындыларды бөлек тазартудың орындылығын бағалау қажет.
5.1.20 Жер бетіндегі ағынды суларды тазалау үшін пайдалануда қарапайым және
жұмыста сенімді механикалық және физикалық-химиялық тазарту құрылыстарын
қарастыру ұсынылады.
Барлық жағдайларда тұндырғыш құрылыстарды қолдану керек. Тазалау үдерісін
қарқындату және тұндырғыш құрылыстарда қол жеткізілетін тазалаудың неғұрлым терең
дәрежесін қамтамасыз ету үшін сүзуді, коагуляцияны, флотацияны қолдану ұсынылады.