Реферат даярлау. Реферат А4 бетіне жазылады. Реферат құрылымы: Титулдық беті, Жоспар , реферат 3 бөлімнен тұруы керек: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілуі тиіс.
Курсы бойынша картотека құрастыру
Глоссарий толтыру
Әдістемелердің стимулдық материалдарын дайындау.
1 ОЖСӨЖ тақырыбы: Оқу әрекеті құрылымындағы әрекеттер мен операциялар
Тапсырма: Оқу әрекеті құрылымындағы әрекеттер мен операциялардың сызбасын жасау
Әдістемелік нұсқаулық: Оқу әрекеті құрылымындағы әрекеттер мен операциялардың өзара байланысын талдап, сызба құрастыру. Оқытушымен бірге талқылау
Әдебиеттер:
[2;4;7;10;11]
Тапсыру мерзімі: кестеге сай
ОЖСӨЖ тақырыбы: Проблемалық ситуация
Тапсырма: Проблема, проблемалық ситуация, проблемалық міндет, проблемалық сұрақ, проблемалық тапсырма ұғымдарын сипаттаңыз.
Әдістемелік нұсқаулық: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі
Әдебиеттер:
[3;4;6;15]
Тапсыру мерзімі: кестеге сай
Модуль бойынша бағалау критерийлері:
Оқу әрекеті құрылымындағы әрекеттер мен операциялар туралы білімдерін тәжірибемен байланыстыра алуы;
Әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларының қалыптасуы;
Материалдың мазмұны толық көлемде, дәйекті түрде ашылуы;
Материал сауатты тілде жазылған, терминологияны дәл пайдалана отырып қорытындыларын қисынды жасауы;
Материалды баяндауға немесе талқылауға белсенді қатысуы.
3 ОЖСӨЖ тақырыбы: Оқытушы және білім беруші іс-әрекет
Тапсырма: Оқытушы және білім беруші іс-әрекеті туралы эссе жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |