балл қойылады, егер: әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларының қалыптасқан; материалдың мазмұны толық көлемде, дәйекті түрде аша алады; материалдары сауатты тілде жазылған, «Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша терминологияны дәл пайдалана отырып қорытындыларын қисынды жасайды; практикалық материалды жинақтау және жүйелеу біледі; қолданыстағы әдістемелер негізінде мәселені өз бетінше зерделей алады.
70-89 балл қойылады, егер:әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларының қалыптасқан; материалдары жазылған, негізгі терминдерді пайдалана отырып қорытындыларын жасайды; практикалық материалды жинақтау біледі; қолданыстағы әдістемелер негізінде мәселені оқытушының көмегімен зерделей алады.
50-69 балл қойылады, егер:әдебиеттермен жұмыс жасау дағдылары дұрыс қалыптаспаған; материалдары жазылған, бірақ терминдерді пайдалана отырып қорытындылар жасауда қиналады; практикалық материалды жинақтауда қателері бар; қолданыстағы әдістемелер негізінде мәселені оқытушының көмегімен таниды.
0-49 балл қойылады, егер:әдебиеттермен жұмыс жасау дағдылары қалыптаспаған; материалдары толық емес, терминдерді пайдаланбайды, практикалық материалды жинақтауда өрескел қателері бар.
9. Білім алушының өзіндік жұмысына арналған нұсқаулықтар мен материалдар 1-2 аралық бақылау материалдары Оқытудың мәні, құрылымы.
Оқытудың қозғаушы күштері.
Оқыту мен дамудың өзара қатыстылығы ретіндегі Л.С.Выготскийдің оқыту теориясы.
Оқыту үрдісіндегі білімнің игерілуінің тиімділігі жағдайлары.
Дамыта отырып, оқыту жүйесіндегі оқыту нәтижелерінің негізгі сипаттамалары.
Психологияны оқыту әдістемесі үшін дамыта оқыту тұжырымдамасының маңызы.
Жоғары оқу орнында дамытып оқытудың жағдайлары, оқу материалының мазмұны және оның ойлауды дамытудағы рөлі.
Теориялық білімнің негізгі сипаттамалары.
Жоғары оқу орнындағы қазіргі тұжырымдамалар.
Оқып-білім алушының белсенді танымдық іс-әрекеті оқытудың психологиялық теориясының негізі ретінде
Ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясы бағдарламалы оқытудың негізі ретінде.
Бағдарламалы оқытудың әдістемелік шаралары.
Проблемалық оқытудың мәні.
Проблемалы ситуацияларды құрудың психологиялық шарттары