Жалпы, тіл білімінде, түркітануда үлкен орын алатын – типология, түбір мәселелері ыңғайында Ахмет Байтұрсынов өте нақты, ғылыми маңызын әлі күнге жоймаған ойларын келтіруге болады. Ол әлем тілдерінің типологиялық ерекшеліктеріне қарай бөлінген терминді қазақша былай атайды: - Жалпы, тіл білімінде, түркітануда үлкен орын алатын – типология, түбір мәселелері ыңғайында Ахмет Байтұрсынов өте нақты, ғылыми маңызын әлі күнге жоймаған ойларын келтіруге болады. Ол әлем тілдерінің типологиялық ерекшеліктеріне қарай бөлінген терминді қазақша былай атайды:
- 1Түбіршік тіл (түбір)
- 2)Жалғамалы тіл
- 3)Қопармалы тіл. Түбіршік тіл түпкі қалпынан өзгермей жұмсалады. Мәселен, қытай һәм жапон тілдері. Жалғамалы тіл - сөздің аяғына жалғау қосылып өзгертілетін тіл, мәселен, түрік, фин тілдері. Қопармалы тіл – сөз түбірімен қопарылып өзгерілетін тіл. Мәселен, орыс тілі, араб тілі. Біздің қазақ тілі түркі тілдің бір тарауы болғандықтан жалғамалы. Қазақ сөзінің түбірі өзгермей аяғына жалғау қосылып өзгереді. Жалғау екі түрлі: бірі сөздің тұлғасын өзгертсе де, ішкі мағынасын өзгертпейді,екіншісі сөздің тұлғасын да, мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқысы тысқарғы, соңғысы ішкергі жалғау деп аталады. «Құлақ» деген сөзге «тың» деген жалғау қоссақ, «құлақтың» дегенде бастың мүшесінің атын көрсетеді. Егер «құлақ» деген сөзге «шын» деген жалғау қоссақ, «құлақшын» болады. Мұнда тұлғасы да, мағынасы да өзгеріледі. «Құлақ» бастың мүшесін көрсетуші еді, «құлақшын» болған соң, басқа киетін киімнің атын көрсетіп тұр. Міне, сондықтан «тың» тысқарғы, «шын» ішкергі жалғау болады. Ұлттық терминолологияны қалыптастыруда, ұлттық термин жасам принциптерінде қазіргі заман лингвист- ғалымдары өз зерттеулерінде ғалымның ойларын кеңінен сөз етіп, оған арқа да сүйеп келеді. Ахмет Байтұрсынов тұсындағы тіл білімін, қазақ тілін зерттеу сипаты және олардың даму деңгейі мен қазіргі заман лингвистика ғылымы жеткен биіктік арасында 70 жыл мен өлщенетін үлкен кезең, толық бір дәуір жатыр екен. Бірақ, тіл біліміндегі, Ахмет Байтұрсынов айтқан ойлар, ол бастаған ғылыми дәстүр бір сәтке де үзілген емес. Өзінің үлесімді сабақтастығы, кейінгі маман қазақ лингвист ғалымдарының еңбектерімен жалғасты.
Достарыңызбен бөлісу: |