Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау



бет24/35
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#123420
түріНұсқаулар
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
Блисов Экол картограф

Сызықтардың ылдилығың немесе құламалығын, көлбеуліктерін (уклоны) анықтау. Сызықтардың құламалығын графиктік әдіспен анықтауға болады, ол үшін құламалар мен салыным масштабының графигін сызады. Мысалы, көршілес горизонтальдарда орналасқан екі А және В нүктелері берілген дейік (25 сурет), мұнда: h – жер бедері қимасының биіктігіd – салынымы, α – сызықтың көкжиекке еңістік (құлама) бұрышы. Онда А – В сызығының құламалығын мына формуламен анықтауға болады:

i = h/d .
Әртүрлі құламалықтарды бере және жер бедері қимасының биіктігін біле отырып, оларға сәйкесті салынымын: d = h/i анықтауға болады. Мысалы, h = 2,5 м және i = 0,01-ден 0,06-ға дейін болғанда 5 кестеде көрсетілген салынымдарды аламыз.

5 Кесте. Салынымдарды анықтау






i


d, м


i


d, м

0,01

250,0

0,04

62,0

0,02

125,0

0,05

50,0

0,03

83,0

0,06

41,0


Кесте мәліметтері бойынша құламалар масштабының графигін сызамыз (26 сурет).




25 Сурет. Құлама (ылди) бұрышы, 26 Сурет. Құлама графигі


құламалылық және салынымы арасындағы
тәуелділік
Вертикальды сызықта – құламалық мәліметтері (кез келген ұзындықтағы кесінділер), олардың соңына қарсы құламалылық мөлшерлері жазылады. Вертикальды сызықтардағы нүктелерден құламалылықтардың салынымдарына-d тең горизонтальды сызықтарды жүргізіледі. Салынымдарды картаның масштабында сызады, ал салымдардың ақырғы нүктелерін бір қалыпты қисық сызықпен қосады.
График бойынша кез келген көршілес горизонтальдардың құламылығын анықтауға болады. Ол үшін, циркуль-өлшегішпен горизонталь аралығын өлшеп графикке салады да мөлшерін анықтайды.
Біздің сурет бойынша - i = 0,025


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет