Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің іс-жоспарына сәйкес 2014 жылғы 13 қазан күнгі №825 бұйрығы негізінде 2014 жылдың 20-27 қазан аралығында Р



Дата12.04.2017
өлшемі67,46 Kb.
#13694
Аудан мектептеріндегі оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарының орындалуын зерделеу бойынша

АНЫҚТАМА
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің іс-жоспарына сәйкес 2014 жылғы 13 қазан күнгі № 825 бұйрығы негізінде 2014 жылдың 20-27 қазан аралығында Р.Смаилов о/м, Жамбыл о/м, Бірлес о/м, Алғабас о/м, Қызылту о/м, Шынасилов о/м, Малдыбай о/м, Ы.Алтынсарин о/м, Гагарин н/м, Құлан о/м, № 1 мектеп-лицей, Ш.Уалиханов о/м, № 2 о/м, Октябрь-шаруа о/м, Абай о/м, М.Ауезов р/м, Қ.Сәтбаев о/м, Ақбұлақ о/м, Қызыл-шаруа орта мектептерінің оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарының орындалуы зерделенді.

Зерделеуге қамтылған барлық мектептердің 2014 -2015 оқу жылына арналған жылдық тәрбие жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 873 қаулысымен бекітілген үлгілік кешенді жоспардағы 6 бағытты басшылыққа ала отырып, оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспары әзірленіп, бекітілген. Дегенменде жоспарды әзірлеу кезінде бірқатар кемшіліктерге жол берген. Атап айтар болсақ: Ю.Гагарин негізгі мектебінің жылдық тәрбие жоспарын жүйелеп жасау керек болса, Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебінің, Қызыл шаруа шағын орталықты орта мектебінің жылдық тәрбие жоспарында жоғарыдағы ҚР үкіметінің №873 қаулысымен бекітілген үлгілік кешенді жоспардағы 6 бағытқа ыңғайластырып жасау керектігі анықталып отыр. Сонымен қатар жылдық тәрбие жоспарын әзірлеуде айлық, апталық жоспарын әзірлеу керек болса, Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебінің, № 2 шағын орталықты орта мектебінің айлық, апталық жоспарлары жасалғанымен, мектеп директорының тарапынан бекітілмеген.

Құлан шағын орталықты орта мектебінде, М.Әуезов атындағы тірек мектебінің, Октябрь шаруа шағын орталықты орта мектебінің апталық жоспарын әзірлеу кезінде де кемшіліктер кеткен, яғни апталық жоспарда жоспарланғанымен, айлық және жылдық жоспарға енгізілмеген.

Сонымен қоса зерделенген мектептердегі оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарындағы жоспарланған іс – шаралардың өткізілуімен, өткізілген іс –шаралардың хаттамаларымен, анықтамалары зерделенді. Нәтижесінде төмендегі кемшіліктер анықталып отыр. Алғабас шағын орталықты орта мектебінде іс – шаралар жоспарында жоспарланған іс – шаралардың бағдарламалары бар болғанымен, қорытынды анықтамаларымен, хаттамалары жазылмаған болса, Р.Смаилов атындағы орта мектебінің хаттамалары уақытылы жазылмаған, ал Абай шағын орталықты орта мектебінің, Қ.Сатбаев атындағы шағын орталықты орта мектебінің, А.Шынасилов атындағы шағын орталықты орта мектебінің, М.Әуезов атындағы тірек мектебінің, Алтынсарин орта мектебінің, Бірлес орта мектебінің өтізілген іс – шаралардың қорытынды анықтамаларымен, хаттамаларын толықтыру қажет екендігі анықталды.

Зерделеуге қамтылған барлық мектептерде тәрбиеде қиындық тудыратын балалар мен жұмыс жоспары жасалынған, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілген. Алайда зерделеу барысында келесідей кемшіліктер анықталып отыр. Құлан шағын орталықты орта мектебі, М. Әуезов атындағы тірек мектебінің тәрбиеде қиындық тудыратын балалармен атқарылатын аудандық ішкі-істер бөлімімен біріккен іс-шара жоспары бекітілмеген. Алғабас шағын орталықты орта мектебінің тәрбиеде қиындық тудыратын балалармен атқарылатын іс – шаралар жоспарын жүйелеу керек болса, Қызылту орта мектебінің атқарылған іс – шаралардың хаттамаларымен, анықтамаларын толықтыру керек екендігі анықталды.

Жалпы орта білім беретін мектептерде тәрбиелік маңызы бар іс-шаралармен, сынып сағаттарын бақылау мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының тікелей міндеті болғанымен, зерделенген мектептерде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының іс –шараларға қатысқаны аздық етіп отыр.

Қ.Сатпаев атындағы шағын орталықты орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 36 сабаққа қатысқан, № 1 мектеп-лицейінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 24 сабаққа қатысқан, Октябрь шаруа о/м, Малдыбай о/м, Бірлес о/м, Жамбыл о/м, № 2 о/м, Қызыл- шаруа орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары 12-13 сабаққа қатысқан, Абай шағын орталықты орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 6 сабаққа қатысқан, Алтынсарин орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 2 сабаққа қатысқан, Р.Смаилов атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 7 сабаққа қатысқан, Қызылту орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 8 сабаққа қатысқан.

Зерделеуге қамтылған барлық мектептерде сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестіктері құрылып, жыл бойы атқарылатын іс – шаралар жоспары әзірленіп, өткізілген отырыстардың хаттамалары жазылған. Дегенменде зерделеу барысында Алғабас шағын орталықты орта мектебінің сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестіктің отырысының іс – шаралар жоспарын жүйелеу керек болса, жазылған хаттамаларды талапқа сай әзірлеу қажет. Октябрь- шаруа о/м, Қызыл-шаруа шағын орталықты орта мектебінің сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестіктің жоспарланған іс –шаралардың анықтамаларымен, хаттамаларын толықтыруды қажет екендігі анықталды.

Білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында білім бөлімі тарапынан мекемелерде, сынып кабинеттерінде рәміздерді орналастыру тапсырылған. Зерделеуге қатысқан мектептердің барлығында Мемлекеттік рәміздермен жабдықталған. Оқушылар арасында насихаттау жоспары жасалынған, жоспар бойынша жұмыстар жинақталған. Дегенменде № 2 шағын орталықты орта мектебіндегі кейбір сынып бөлмелеріндегі Мемлекеттік рәміздер скотчпен жапсырылған, ауыстыруды қажет етеді. Р.Смаилов атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің орналасуы эстетикалық талапқа сай емес. Қисық, кейбір жерлерінің желімдері ашылып кеткен оны жөндемеген. Қызыл шаруа шағын орталықты орта мектебінде Мемлекеттік рәміздер стенді түрінде жабдықталған, арнайы бұрыш жабдықталмаған.

Зерделеу барысында мектептегі сынып оқушыларының күнделіктерінің толтырылуы зерделенді. Зерделеу барысында төмендегі кемшіліктер анықталды.

№1 мектеп – лицейінің, Шынасилов о/м, Қ.Сатпаев атындағы шағын орталықты орта мектебінің, Жамбыл шағын орталықты орта мектебінің, № 2 шағын орталықты орта мектебінің, сынып оқушыларының күнделіктерінде баға қоры аз. Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебіндегі 9 «а» сыныпта жалпы саны 21 оқушы болса, 8 оқушыда күнделік жоқ болса, 6 сыныпта жалпы саны 24 оқушы болса, 8 оқушыда күнделік жоқ болды, Тоқтасынова Ақерке, Садыралиева Маяның күнделіктерін сынып жетекші тексермеген. Ю.Гагарин негізгі мектебінің 3 «б» сыныбындағы Абдыхалық Тоғжан, Берікбай Эльмира, Базыкеева Дамираның, 5 «а» сынып оқушысы Бералиев Айқынның күнделіктері сынып жетекшілер тарапынан мүлдем тексерілмеген. Октябрь шаруа шағын орталықты орта мектебінің 5 сынып оқушыларының күнделіктері 13 қазаннан бері сынып жетекшісі тарапынан тексерілмеген. Алғабас шағын орталықты орта мектебіндегі 10 сынып оқушылары Кеңсебек Санжардың, Қырғызбай Бекарыстың, Маханбетқұл Үміттің күнделіктері 22-ші қыркүйектен бері күнделіктері тексерілмеген. 11 сынып Рысқұл Нұржігіттің күнделігі 15-ші қыркүйектен бері сынып жетекшісі тарапынан мүлдем тексерілмеген.

Мектептердегі ұлдар мен қыздар жұмысы зерделенді. Нәтижесінде Ш.Уалиханов атындағы шағын орталықты орта мектебіндегі ұлдар мен қыздар жұмысы бойынша арнайы бұйрық шығарылып, жоспар жасалып, бекітілген. Дегенмен жоспар бойынша өткізілген іс- шаралардың анықтама, хаттамалары жазылмаған. Октябрь шаруа шағын орталықты орта мектебінде ұлдар мен қыздармен жұмыс жоспары жоқ. Жауапты адамдар белгіленбеген. М.Әуезов атындағы тірек мектебінде, Абай шағын орталықты орта мектебіндегі ұлдар мен қыздармен жұмыс жүйесін жинақтау керек. Р.Смаилов атындағы орта мектебінің ұлдармен, қыздармен өткізілетін жұмыс жоспары бар болғанымен, жоспар бойынша өткізілген іс-шаралардың бағдарламалары мен анықтамалары толық емес. Алғабас шағын орталықты орта мектебіндегі ұлдармен, қыздармен жүргізілетін жұмыс жоспары жасалынған, іс-шаралар толық емес. Қызыл шаруа шағын орталықты орта мектебінде ұлдармен және қыздармен жоспар жасалғанымен, жауапты тұлғаларды бекіту туралы бұйрық жоқ.

Зерделеу барысында мектептегі наркологиялық бекеттердің атқарылған жұмыстары зерделенді. Нәтижесінде мектептерде наркологиялық бекеттің жоспары жасалып, мүшелері арнайы бұйрықпен бекітілген. Жоспар бойынша жұмыстар атқарылған. Дегенмен де Р.Смаилов атындағы орта мектебінде, Қызылту орта мектебінде, Қ.Сатпаев атындағы шағын орталықты орта мектебінде, А.Шынасилов атындағы шағын орталықты орта мектебінде, Ш.Уалиханов атындағы шағын орталықты орта мектебінде наркологиялық бекеттің жоспары жасалып, мүшелері арнайы бұйрықпен бекітілген, алайда жоспар бойынша жұмыстарды жүйелеуді, толықтыруды қажет етеді. №2 шағын орталықты орта мектебіндегі, Октябрь шаруа шағын орталықты орта мектебіндегі наркологиялық бекеттің жылдық жоспары жасалынғанымен, жоспар бойынша іс-шаралар өткізілмеген. М.Әуезов атындағы тірек мектебіндегі, Алғабас шағын орталықты орта мектебінде , Қызыл шаруа шағын орталықты орта мектебінде наркологиялық бекеттің жұмысын зерделеу барысында мүлдем көрсетілген жоқ.

Сонымен қатар зерделеу кезінде бірқатар мектептерде мектеп тәлімгерлерінің жоспары қаралды. Зерделеу кезінде №1 мектеп – лицейінің тәлімгерінің жылдық жоспары жасалып бекітілгенімен, өткізілген іс-шаралардың бағдарламалары, анықтамалары жоқ. Р.Смаилов атындағы орта мектебінің тәлімгерінің жылдық жоспары бекітілмеген. Бекітілмеген жоспардағы 2014 жылғы 18 қыркүйектегі «Ұланбасшысын сайлау», 2014 жылдың 17,22 қыркүйектегі «Тіл- татулық тірегі» апталығы, 2014 жылғы 01 қазандағы «Қарттарым асыл- қазынам» қарттармен кездесуі, 2014 жылғы 06 қазандағы «Ұстазым- биік тұлға» меркелік кеші, 2014 жылғы 20 қазандағы «Алтын күз» мерекелік шарасы осы аталған шаралар өткізілмеген.


Анықтаманы жазған: Б.Самылтыров



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет