Т. Т. Галиев, М. Д. Есекешова, Г. О. Исакова


 Қарастырылатын объект туралы ақпараттарды



Pdf көрінісі
бет35/55
Дата18.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#103119
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55
Байланысты:
Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін
88702, счастливый купон на русс
6.2. Қарастырылатын объект туралы ақпараттарды 
жүйелі құрылымдау, меңгеру және басқа қырынан 
ұсыну
 
 
Ғылыми білімдерді құрылымдау, оқудың мазмұнын іріктеудің
 
және құрудың қағидаларын  және шараларын іздеу оқытудың қойылған 
мақсаттарына  қол  жеткізуді,  білім  алушылардың  белсенді  танымдық 
қызметін,  олардың  шығармашылық  ойлауын  және  т.  б.  қамтамасыз 
ететін 
құрылымда 
оқытылатын 
материалдардың 
қайта 
құру 
сұрақтарымен байланысты. 
Ақпаратты құрылымдау көптеген мақсаттарға ие, соның ішінде: 
1)  ақпаратты  неғұрлым  тиімді  қолдану,  оқу  және  меңгеру 
мақсатымен  қарастырылатын  ақпаратты  (мысалы,  оқу  материалдары) 
түрлендіру; 
2) жаңа ақпараттарды, білімнің жаңа мазмұнын алу
3) мазмұны өзгеріссіз ақпаратты ұсыну формасының өзгеруі; 
4)  қойылған  мақсатқа  қол  жеткізу  тұрғысынан  қарастырылатын 
ақпараттың дамуы; 
5)  оқу  объектісі  жүйесінің  моделін  құрастыру  мақсатында 
анықталған ақпаратты қолдану; 
6) 
ақпаратты 
құрылымдау 
әдістерін, 
шараларын 
және 
технологияларын жетілдіру. 
Оқу  материалдарын  түрлендіру  әдістері  ретінде  келесі  әдістерді 
қарастыруға  болады:  алгоритмизация;  оқу  курсының  әртүрлі 
бөлімдеріндегі  баяндамалар  реттілігінің  өзгеру;  жаңа  ақпараттарды 
енгізу  және  оқу  материалдарының,  жаңа  ғылыми  жетістіктерді  есепке 
алғандағы,  лайықты  құрылымдалуы;  ақпаратты  құраушыларының  
жалпылау  дәрежесі  бойынша  құрылымдау;  білімді  бір  облыстан  басқа 
облысқа көшіру және т.б. 
Тәжірибе көрсеткендей, оқу мазмұнын құрылымдау оны игеріп алу 
тиімділігін  айтарлықтай  жоғарылатады.  Рационалды  құрылымдау  мен 
оқу-танымдық,  зерттеу,  тәжірибелік  және  басқа  да  қызметті  игерудің 
міндеті  маңызды  болып  табылады.  Бұдан  басқа,  оқу  материалдарын 
құрылымдау, таныстыру көрнекілігі және оның формасы оқу субъектісін 
басқарудың әдісі ретінде қарастырылуы мүмкін [142]. 
Оқу  мазмұны  (жүйе  ретінде)  оны  құрылымдаудың  әр  түрлі 
әдістеріне ие болуы мүмкін. Мұндай әдістер қатарына кіреді [135]: 
1) сызықтық құрылым, бұл жағдайда оқу материалының жекелеген 
буындары кезекті тек бір рет пысықталады
2)  шоғырлас  құрылым,  бұл  жағдайда  кезекті  қайталау  үшін 
меңгерілген  материалға  мерзімді  қайта  оралу  орындалады.  Оқудың 
алғашқы  сатыларында  қарапайым  түсінік  беріледі,  ол  өз  кезегінде 
білімнің  жинақталу  және  танымдық  мүмкіндіктердің  өсу  мөлшеріне 
қарай тереңдейді және ұлғаяды; 


126 
 
3)  стиральды  құрылым,  бұл  жағдайда  бастапқы  проблема 
аспектісінде  соған  қатысты  білімнің  біртіндеп  тереңдеуі  мен  ұлғаюы 
орын алады. 
4)  аралас  құрылым,  бұл  сызықтық  шоғырлар  және  стиральды 
құрылымдардың  комбинациясы  ретінде  ұсынылады.  Ол  мазмұнды 
ұйымдастыру  кезінде  бейімделуге,оның  жеке  бөліктерін    әртүрлі 
әдістермен баяндауға мүмкіндік береді. 
Соңғы  уақытта  оқу  материалдарын  құрастырудың  модульді  әдісі 
жиі  қолданылады.  Мұндай  әдіс  кезінде  әр  оқу  тақырып  мазмұнының 
құрылымы  келесі  түрде  құрылады: бағдарлы  (әдістемелік),  мазмұнды  –
сипаттамалық; операционды-қызметтік; бақылау-тексеру бөлімдері. 
Модульдің құрылымына келесілер кіреді: модульдің мақсаты және 
оқу  элементтерінің  дербес  дидактикалық  мақсаттары;  мазмұнды  оқу 
элементтері;  тапсырмалар  жүйесі;  салыстырмалы  диаграммалар, 
кестелер  түріндегі  жалпылама;  демонстрациялық  материал;  кіріс  және 
басқа да бақылау түрлеріне арналған тапсырмалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет