Табиғат бұл адамзат қоғамының өмір сүру және іс-әрекетінің қайнар көзі. Өнім өндіру және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру процесінде адамзат табиғи ресурстарының әртүрлі түрлерін пайдаланады



Дата21.05.2020
өлшемі14,34 Kb.
#70419
Байланысты:
Тапсырма


Табиғат — бұл  адамзат  қоғамының  өмір  сүру  және  іс-әрекетінің   қайнар  көзі. Өнім  өндіру  және  өмірлік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  процесінде  адамзат  табиғи  ресурстарының  әртүрлі  түрлерін  пайдаланады. Табиғат  пен  қоғамның  әрекет  ету  мәселелерінің ішінде  жалпы  адамзатқа  неғұрлым  маңызды  міндеттер  қоршаған  ортаны   жақсы  жағдайда  сақтау  қоғамның  бірте  — бірте   көбейіп  келе  жатқан  қажеттіліктерін  әртүрлі  табиғи  ресурстармен   қамтамасыз  ету  болып  табылады. Жоғарыда  аталған  мәселелерге  байланысты   адамды  қоршаған  ортаны  қорғау   және  табиғатты  қорғау  жайлы  пікірлер  туындады. Адамды  қоршаған  орта  адамға  қатысты  сыртқы  болып  табылатын  табиғи , табиғи – антропогендік  және  антропогендік  обьектілер , құбылыстар  мен  процестердің  жиынтығын  қамтиды, адам  олармен  өз іс  әрекетін  жүзеге  асыру  процесінде  өзара  қарым –қатынасқа   түседі. Бұл  ұғымға  адамдар  өмірінің  қамсыздандырылуы   мен  өнім  өндіру   әрекетінің  аясы  кіреді. Қоршаған  ортаның   тұрақты  жағдайы  қамтамасыз  ету ,  оны  антропогендік  әрекеттің   жағымсыз  ықпалдарынан  қорғау  табиғатты  қорғаудың  маңызды  міндеті  болып  табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет