Табиғат ресурстары қоғамдық өндірістің энергетикалық және шикізат базасы болып табылады



Дата14.12.2021
өлшемі19,9 Kb.
#100727
Байланысты:
Қазақстанның табиғат жағдайы


Қазақстанның Табиғат жағдайы. Тіршілік үшін табиғаттын ролі зор.аумақ бойынша табиғат жағдайының өзгеріп отыруы да заңды құбылыс.Табиғат жағдайы дегеніміз-табиғат күштерімен обьектілері,оның сапасы.Табиғат жағдайының өндірістік күштерді дамытуда,қоғамдық өмірде маңызы зор.Бірақ табиғат жағдайы шаруашылықта,адамның өндірістік жөне өндірістік емес іс-әрекеттерінде тікелей пайдаланылмайды.

Табиғат жағдайына-белгілі бір жердің шаруашылыққа әсер ету тұрғысынан алып жатқан аумағы,материктегі орны және көлемі,жер бедері,климаты мен су режимі,топырақ жамылғысы жатады.

Табиғат жағдайының алуан түрлілігіне қарай адамның шаруашылық іс әрекеттеріде түрліше.Қазақстан аумағының көпшілік бөлігі жазық болғандықтан,егін шаруашылығын,өнеркәсіп орындарын,жол құрылыстарын салуға қолайлы.Жауын-шашын көп түсетін жаз айларында солтүстік аудандарда және оңтүстіктегі тау бөктерінде,сонымен қатар ірі өзендер аңғарларында егіншілікпен айналысқан тиіьді.Республика аумағындағы мақта,қант қызылшасы,күріш сиақты ауыл шаруашылық дақылдарының пісіп жетілуіне қажетті жылу жеткілікті.

Табиғат ресурстары-бұл шаруашылықтың дамуына қажетті табиғи қор.Табиғат ресурстары шаруашылықты дамытуда тікелей қолданылады.Пайдалы қазбалар,жер,су,уа,жел,топырақ,өсімдік және жануарлар дүниесі-табиғат ресурстарын құрайды.

Табиғат ресурстары қоғамдық өндірістің энергетикалық және шикізат базасы болып табылады.

Минералды ресурстар.Республикамыздағы минералды ресурстардың ерекшелігі- олар көбіне жер бетіне және бір-біріне жақын орналасқан.Сондықтан да минералды ресурстарды арзанашық әдіспен өндіріп,кешенді түрде пайдаланады.

Еліміз пайдалы қазблардың аса бай қорына ие. Жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 109 элементтің 99-ы ашылып,оның 60-қа жуығы зертеліп,өндіріске таратылған.Еліміз дүниежүзі бойынша вольфрам қорынан бірінші,хромит,уран,фосфор кендерінен екінші,марганец қорынан үшінші,қорғасын мен молибденнен төртінші,ал темір бойынша сегізінші орында.Қазақстан мұнай мен газ қоры бойынша да көптеген елдерден алда тұр.

Жер ресурсы. Қзақстанның жер ресурсы орасан зор,оның жалпы көлемі 270,1млн га млн га-ды құрайды.Мұндағы жер көлемінің 82-ы ауыл шаруашылығына жарамды жер.Оның жайылым мен шабындыққа жарамдысы-190млн га,ал жыртылған жер көлемі -36млн га.Бірақ еліміздің рыноктық эканомикаға көшіуінің қиындықтарымен байланысты жыртылған жердің көлемі біртіндеп азаюда.Қазақстан дүниежүзі бойынша жыртылған жер көлемі жөнінен алтыншы орында,ал жайылым мен шабындықтан төртінші орында тұр.Республиканың әрбір тұрғынына 15га ауыл шаруашылығы жерінен,соның ішінде,2 Ресейде бұл көрсеткіш 0,87-га,Канадада 1,7 –га ,АҚШ-та 0,54-га,Жапонияда 0,03а,-ға тең.

Су ресурстары.Қазақстан су ресурсына онша бай емес және олар біркелкі таралмаған.Жалпы климаттық ерекшеліктерге байланысты су қоры өзгеріп отырады.Климат жағдайының құрғақтығына байланысты егістікті суландыру үшін өзен суының маңызы зор.Республикада су ауыл шаруашылығында (80) егістік суаруға,өндірістік және коммуналдық қажеттіліктерге пайдаланылады.Елімізде ішкі суресурсы 115,3млрд м3 –ты құрайды.Оның 60,4млрд м 3 су қоры республика аумағында, ал 54.9 млрд.м3су қоры көршілес аумақтардан келеді. Су қорының жиналуы еліміздің географиялық жағдайымен тығыз байланысты.Қазақстан аумағындағы ішкі су қорының 62% –ы Оңтүстік Қазақстанға,30%-ы Солт. Қазақстанға, ал қалғаны басқа аймақтарға тиесілі.

Қазақстанда жалпы саны 85 мыңға жуық өзен,48 мыңнан астам көл бар.Көптеген өзендер сортаңдар мен құмдарға сіңіп, ізін жоғалтады.Көлдердің жалпы ауданы-45мың км.2, оның 94%-ның ауданы 1км.2 –ден аспайды.Балқаш,Зайсан, Алакөл, Теңіз, Сілеті теңізі, Сасықкөл,Құсмұрын,Марқакөл, т.б. ірі көлдерге жатады.

Елімізде 4мыңнан астам тоған мен су қоймалары бар.Тоған мен су қоймларындағы суларды жер суару үшін, электр энергиясын өндіру үшін, сондайақ өндірісте пайдаланады.

Биологиялық ресурстар.Қазақстан аумағы өсімдіктерінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Еліміздегі өсімдіктердің 5700 дей түрі кездеседі,оның 14%тек Қазақстанға тән. Осы өсімдіктердің 279 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Республика аумағы орманға өте тапшы.Орман алқабы бар болғаны- 13 млн. Га.Бұл барлық аумақтың 4% ғана құрайды.Қазақстан орманының басым бөлігі- Сексеуіл ағашы. Ол көбіне шөлді аумақтарда өседі.Қылқан жапырақты ормандар Тянь- Шань,Жонғар Алатауы,Алтай тауларында кездеседі.

Жануарлар дүниесінде сүтқоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 49 түрі, балықтардың 150 түрі бар.Биологиялық ресурстардың ішіндегі негізгісі-балық ресурсы. Каспий теңізінен қымбат бағаланатын қызыл балықтың 90% ауланады.



Қазақстанның табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі өте жоғары және шаруашылықтың өзінің ресурсы негізінде дамытуға мүмкіндік зор.

Табиғат ресурстарына жауапкершілікпен қарау, еліміздің табиғат байлықтарын сақтау, яғни табиғи ортаны қорғау, оның ресурстарын ұтымды пайдалану әрбір азаматтың міндеті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет