3 4 2 1 5 13 14 12 11 15 8 9 7 6 10 Экологтердің пайымдауынша, бұл қала еліміздегі ауа кеңістігі ең көп ластанған қала болып саналады. Ауа кеңістігінің адам ағзасына аса зиянды ауыр түсті металлдармен ластануына қаладағы қорғасын - мырыш, полиметалл комбинаттары тікелей қатысты деп есептеледі. Қала орналасқан тұстағы түсті металл қорлары мен су энергиясы өнеркәсіптің бұл түрін дамытуға мүмкіндік береді.
Ертіс маңы ауданында бірқатар химия және мұнай - химия кәсіпорындары орналасқан. Бұған осы ауданда көптеген маңызды факторлардың тоғысуы себеп болды. Бұл жерде әр алуан минералды шикізат бар, аудан сумен жақсы қамтамасыз етілген, көмір мен электр энергиясының қоры мол, ауданның экономикалық - географиялық орны аса ыңғайлы. Бұл қалада минерал отын, жоғарғы сатыдағы май өндіріледі. Алайда осы аталғандар табиғатқа кері әсерін тигізеді.
Бұл өңірде экологиялық ахуал барған сайын ушығуда. Мұнда қоршаған ортаны бүлдіретін 2000-ға жуық кәсіп орын бар, облыс бойынша жылына ауаға 112 млн 5 мың тонна зиянды қалдық таратады. Оның 2 млн 275 мың тоннасы радиоактивті екені анық. Бұл қала шығыста орналасқан.
Бұл қалада пайдалы кен орны пайдаланады. 140 млн м³ тақырланған, ал бұндай тақырланған жерлер жылына 7 млн м³ ұлғаяды. Бұл қала Орталық Қазақстан орналасқан, ауаға зиянды заттарды шығарудан республика бойынша 5 орынды алады. Облыс бойынша 3 орындағы, жасы жарты ғасырға тең қала.
Қазіргі адамдардың жер бетінде өмір сүріп келе жатқанына 40 мыңдай жыл болған. Ал мал өсірумен және егіншілікпен осыдан тек 10 мың жыл шамасында ғана шұғылдана бастаған. Сондықтан да қалған 30 мың жыл бойына тамақ пен киімнің көзі тек аңшылық болды. 20 жыл ішінде жер бетінде жануарлардың 110 түрі жойылып кетті. Сұрақ:
Отыра алмас ұл шыдап, Қызың шыдап, Жоғалғандар тізімі ұзын шұбақ. Мезгілсіз кеткендердің Бастарына қойылған қызыл шырақ. Бұл не?
Қызыл кітап
Өткен ғасырда Қазақстанда ең кең таралған жануар. Дәмді еті үшін есепсіз аулаудың салдарынан 30 - жылдары жерімізден жойылып кетті. 1953 жылы бұл аңды Барсакелмес жерсіндіру ісі қолға алынды. Сырт пішіні жылқы тектес, құлағының үлкен, басының салмақты келіп, кекілінің болмауы және есекті елестетсе, жеңіл қимылы мен ептілігі жылқыға ұқсас. Екеуіне ұқсамайтын ерекшелігі - басын көтеріп жүгіруі, ұшқырлығы, мықтылығы, төзімділігі.
Бұл қандай Қызыл кітапқа енген аң?
Расул Ғамзатов былай деп жазады: «Ғалым басын шайқады назаланып, Ақын күрті, жазушы мазаңды алып, Қашып барады жағалаудан Етек жеңін қусырып, азаланып. Бұның бәрі, меніңше, құр байбалам, Кәрі..... аралар тозаңданып»
Ақын өз өлеңінде еліміздің қай теңізі туралы уайымдап отыр?
Бұл облыс қатты ластануға ұшыраған, мұнаймен ластанған қара топырақ 3 - 15 жылға дейін өнім бермейді. Қазіргі кезде мұнайлы ластанушылардың 66% теңізге өзен арқылы түсетін болса, 24% қалалық өндіріс қалдықтарымен түседі. Бұл қай облыс?
Су бармайтын жөнді Көлге қауіп төнді Ластанудан тағы Қорғау керек көлді. Сұрақ: Қазақстан суларының бүйрегі мен жүрегі болып табылатын екі көлді атаңыз.
Айтыңдаршы, жасыл бақтан не көркем! Көз тойғандай көркейіпті кең өлкем, Отанымның өрлей түскен өркені, Сол ғана тек көркемдердің көркемі! Орманды шабу минутына 20 га жылдамдықпен жүріп жатыр.
Сұрақ: осы жағдайды қолға алатын бағдарламаны атаңыз.
Бір машина сағатына ауаға 60 - 70 м³ жуық улы газ бөліп шығарады. Олай болса, Қазақстанның ірі қалаларында қаншама машиналар күндіз - түні жүріп жатыр. Сұрақ: Ең машинасы көп Қазақстанның бір кездері астанасы болған қала.
Ауа бәрімізге ортақ, сондықтан республикада шығарылатын зиянды заттардың жартысы осы облысқа тиесілі: 1 млн 142 мың тонна. Көлемі бойынша ең үлкен облыс.
Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын пайдалануда ысырапшылдыққа жол берілуінің зардабы қай теңізге әсер етті?
Ғалымдар бұл қала туралы кездесетін әр түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын "бау-бақшалы қала", "жасыл қала", "шыммен қоршалған қала" - деп түсіндіреді. Басқа түсіндірмеде қала атауы соғдының (иранның) "чиминь-чемень" яғни, көгалды, гүлденген алқап деген мағынаны береді. Бұл қай қала?
Бұл қала атауының шығуы жайлы түрлі аңыз-әңгімелер көп. Солардың бірі, Тобыл жағалауында Қос және Тана есімді егіз қыздың өмір сүргені жайлы айтылады. Яғни, қала атауы ақылына көркі сай қыздардың есімдеріне байланысты болса керек. Осыған орай, жуырда қаланың кіреберіс қақпасына аңызға арқау болған егіз қыздың мүсіні де орнатылған. Бұл қай қала?