Табиғи ресурстарды қорғау



Дата02.06.2022
өлшемі14,76 Kb.
#145744
Байланысты:
табиғи ресурстар


Табиғи ресурстарды қорғау

Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығы мен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті.


Соңғы жылдары жер шарында барлық табиғат қорлары бұрын-соңды болмаған антропогендік өзгерістерге ұшырап отыр. Олардың ең бастысы- әлемдік климаттағы өзгерістер. Күн мен жел энергиясы сарқылмайтын қор болғанымен, өнеркәсіптің қарқындап дамуына байланысты ауаға зиянды газдар, шаңдар көтеріп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруде. Бұл апатты құбылыстар өнеркәсібі шоғырланған ірі қалаларда өріс алып отыр. Ауа кеңістігінің ластануы Дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерге де өз ықпалын тигізуде.
Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғат қорғауға көп көңіл бөлініп отыр. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау туралы заң қабылданған. Заңның негізгі мақсаты еліміздің табиғатын қорғау мен оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ ұрпақтардың салтанатты өмір сүруі үшін сақтау.
Табиғатты ресурстарын қорғау үшін өндіріс қалдықтарын қысқартып, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қажет деп ойлаймын. Табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, бүліну, ластану жолдарынан сақтау және қорғауды жүзеге асыру керек. 
Қазіргі таңда табиғатты қорғау ерекше назарға алыну керек деп есептеймін. Себебі, табиғат ол - ЖЕР АНА. Жер ананы қадірлеу адамзаттың парызы емес пе? Табиғат ана бізді қоршаған орта бізден кейінгі ұрпаққа да өте қажет! Жер ананы, Табиғат ананы қадірлейік!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет