234
дінінде жүрді деп айып тағып жүр екен. Абыройлы, сөзі өтімді кісі
болғандықтан, халық арасында осы сөзі тарап кетіпті. Мұны есті
-
ген Әбу Ханифа оны Куфаға іздеп келіп:
– Қыздарыңның біріне құда түсіп келдім, – деді.
– Қош келдіңіз, сіз сияқтылардың сөзі жерде қал майды – деп
жылы қарсы алып:
– Күйеу бала кім? – деп сұрады.
–
Қауымында
байлығы
мен
тектілігімен
таныл -
ған, өзі жомарт, қолы кең, Алла кітабын жатқа білген, түнін намаз
-
бен
өткізген,
Құдайдан қорқып, жылайды...
– Пай-пай, жетер. Бұл айтып отырған кісі – халифаның қызына
лайық екен, – дейді әлгі адасқан кісі.
– Бірақ оның
бір сипаты бар ойлануың керек, – дейді.
– Ол не сипат?
– Ол Яһуди дінінің өкілі.
– Еврей ме? – деп орнынан атып тұрып: «Әбу Ханифа! Маған
қызыңды еврейге бер деп тұрсың ба? Бұрынғылар мен кейін
-
гілердің бүкіл жақсы қасиеттерін бойына жиған болса да бермей
-
мін», – дейді. Әбу Ханифа оған:
– Өзің қызыңды еврейге беруден бас тартасың, ал Алла Елшісі
(с.а.у.) екі бірдей қызын еврейге тұрмысқа берген деп жалған сөз
таратасың, – дейді. Әлгі кісі денесі түршігіп, шошып оянғандай:
– Жаман сөз айтқанымды Алла Тағала кешіре гөр! Бұл – өтірік
сөз, енді қайтып аузыма алмаймын. Тәубемді қабыл ет, Жаратушы
Ием, – деп тәубесіне келіпті.
Әд-Даххак Әш-Шәри деген хауариждер (Әли мен Мұғауияһқа
қарсы шыққандар) көсемдерінің бірі Әбу Ханифаға келіп:
– Тәубе ет,
Әбу Ханифа, – дейді.
– Не үшін тәубе етемін? – деп сұрайды Әбу Ханифа.
– Әли мен Мұғауияһтың арасын бітімге келтірген қазылықты
дұрыс деп айтыпсың? – дейді.
– Осы мәселе бойынша менімен пікір таластырғың кеп тұр ма?
– деп сұрайды.
– Иә.
–
Арамызда қайшылық туса, кім қазылық жа сайды?
– Қалаған адамыңды тағайында.
Әбу Ханифа әлгі Хауариждың бір досына қарап:
– Онда мына кісі бізге қазылық қылсын. Сен келі сесің бе? – дейді.
235
– Иә, – деп жауап береді хауариж.
– Екеуіміздің арамызға қазылық етуді дұрыс деп санайсың да,
екі сахабаның арасындағы қазылыққа рұқсат етпегенің қалай?! –
депті.
Хауариж ешнәрсе дей алмай шығып кетеді.
Тура жолдан тайған, бидғат шығарып жүрген «Жәһми» деген
топтың басшысы Жәһм ибн Сафуан Ислам жерінде бүлік тудырып
жүреді. Бір күні Әбу Ханифаға келіп:
– Көптеген жайларға байланысты, сізбен пікір та лас тыруға кел
-
дім, – депті. Сонда Әбу Ханифа:
– Сізбен әңгіме құру – ұят. Талқылайтын әңгіме леріміз тозаққа
апарады.
– Сіз қалайша мені көрмей, менімен сұхбат құр май тұрып осын
-
дай үкім шығарасыз?!
– Қыбылаға бет бұрған адам айтпайтын сөздерді айтады екенсің.
– Ғайыбтан жорығаның ба?
– Бұл сөзің ел арасына тарап, бәрі айтатын болды. Сен жайында
толассыз айтылған мағлұматтарды бетіңе айтуға болады.
– Әбу Ханифа, сенен тек иман жайында ғана сұрайын деп едім.
– Иманның не екенін осы күнге дейін білмей келдің бе менен
сұрайтындай?
– Жоқ, білемін ғой, бірақ иманның бір түріне шек келтіріп оты
-
рмын.
– Иманға шек келтіру – күфір.
– Күфірлікке апаратын нәрсені естіп, мені күфірлік істегендер
қатарына қосудың қажеті жоқ.
– Сұрай бер!
– Біреу жүрегімен Алланың серігі, теңдесі жоқ, жалғыз деп та
-
ныса, бірақ соны тілімен дауыстап айтпай өмірден өтіп кетсе, мү
-
мин болып өлгені ме, әлде кәфир болып өлгені ме?
– Тілмен айтуға белгілі бір кедергі болмай, жү регімен сезіп, біл
-
генін тілімен ашық айтпаған адам кәфир болып өледі, әрі мәңгі
тозақта жанады.
– Ол қалай мүмин
болмайды, Алланың рас екенін білді ғой?
– Құранға сенемін, Құраннан келтірілген дәлелел дерді қабылдай
-
мын десең Құранмен сөйлейін ал сенбеймін, дәлелі жарамайды де
-
сең Исламға қарсы шыққан дармен сөйлескендей дәлел келтірейін.
–
Құранға сенемін, дәлел келтіре бер.
236
– Алла Тағала иманды екі ағза арқылы келтіруді шарт қылды.
Ол – жүрек пен тіл, осы екеуінің біреуі мен ғана емес. Бұл жай
-
ында Құран аяттары мен Пайғамбар (с.а.у.) хадистері көп. Алла
Тағала былай деді:
Достарыңызбен бөлісу: