Табигиндер



Pdf көрінісі
бет56/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

ӘЛ-ӘХНӘФ ИБН ҚАЙС
Тәмим тайпасының көсемі
 
«Әл-Әхнәф ибн Қайс абырой мен даңққа жеткені сон шалықты оған не 
биліктің пайдасы, не шеттеудің залалы жоқ еді»
(Зияд ибн Әбиһ).
Бау-бақшалары  гүлдеп,  хош  иісі  мұрынды  жарып,  көктем 
күлемсіреп, Дамашық әсемденіп тұр. 
Мұғауияһ ибн Әбу Суфянның сарайы қонақтарды күтіп алуға 
дайын тұр. 
Халифаның  алдына  бірінші  адамның  кіруіне  рұқ сат  етілгенін 
естісе  болғаны,  халифаның  қарын дасы,  яғни  Әбу  Суфянның 
қызы  Үммүл-Хакәм,  шы мыл дығына  тығылып  алып,  мәжілісте 
айтылатын Алла Елшісінің (с.а.у.) хадистерін тыңдауға кірі сетін. 


 216 
Әмирүл-мүмининге айтылып жатқан ғибратты оқи ғаларды, кере
-
мет өлеңдер мен даналық сөздерді жат тап алатын. Бұл ханым өте 
зерек, ойшыл, алдына үлкен мақсаттар қойған нәзік жан еді. Аға
-
сының адамдарды мәртебесі бойынша кіргізетінін жақсы білетін. 
Оның  алдында  бірінші  Пайғамбардың  (с.а.у.)  сахабалары,  кейін 
тәбиғиндердің ірілері, ғалымдар мен текті кісілер кіретін. 
Бірақ бұл жолы жаңылысқан сияқты. Ағасы бірінші болып қа
-
былдаған қонағына онша оң қабақ танытпайтын сияқты. Ол оның,  
былай деп жатқанын естіді:
–  Уаллаһи, ә, Әхнәф, Сифин күнін (Мұғауияһ ты Әли жеңген 
күн) есіме түсірсем болғаны, сенің бізден бұрылып, Әли ибн Әбу 
Талибтың жағына шығып кет кенің жүрегіме өле-өлгенше жазыл
-
майтын дақ қал дырды. Ана кісі былай деп жауап қатты:
–  Уаллаһи, Мұғауияһ, сені жек көрген жүректеріміз әлі көкіре
-
гімізде  тұр,  саған  қарсы  көтерген  қылышымыз  әлі  қолымызда 
тұр, соғысқа бір қадам жақындасаң, біз он қадам жақындаймыз, 
жаяу келсең, шауып барамыз.  уаллаһи, сенен бір нәрсе дәметіп 
немесе  қарсыласудан  қорқып  келіп  тұрған  жоқпыз.  Келуіміздің 
жалғыз мақ саты – араны жақсартып, өткен-кеткенді ұмытып, мұ-
сылмандарды біріктіріп, бір жеңнен қол, бір жаға дан бас шығару, 
– деп тұрып, кетіп қалды. 
Үммүл-Хакәм  шымылдықтың  шетін  ашып,  халифаның  бір 
соққысына екі соққы, жұдырығына екі жұ дырық жасайтын адам
-
ның бет әлпетін көріп қалғысы келді. Қараса, аласа бойлы, арық 
денелі,  басы  таз,  тістері  жарыса  шыққан,  жағы  қисайып  кеткен, 
тіптен адам баласының бар кемшілігін бойына жинаған адам си
-
яқты. Ол ағасына қарап:
– Әмирүл-мүминин халифаты үйінде қор қытып кеткен кім? – 
деп сұрады. Халифа бір күрсініп алып:
– Ол – Әл-Әхнәф ибн Қайс, Тәмим тайпасының кө семі, араб 
кемеңгерлерінің бірі, батырларының батыры, – деп жауап берді.
Осы кісінің кім екенін басынан бастап айтайық.
Һижраттан  үш  жыл  бұрын  Қайс  ибн  Мұғауияһ  Әс-Сағдидың 
үйінде бір нәресте өмірге келіп, атын «Әд-Даххак» деп қойды. 
Бірақ  адамдар  жас  баланың  аяғының  маймақтығы на  қарап, 
Әл-Әхнәф деп атап жүрді. Бұл лақаб ат кейіннен оның шын есіміне 
айналып кетті. Әкесі Қайс руының ақсүйегі емес, орта шаруадағы 
кісі еді. Әл-Әхнәф дүниеге келген кезде, бұл тайпа Нәжд жерлерін
-


 217 
де, Ямаманың батыс жағын мекендейтін. Тәй-тәй басып үлгермей, 
Әл-Әхнәфтың әкесі қаза тауып жетім қалды. Мұрты шықпай жа
-
тып, жүрегіне Ислам нұры түсті. Алланың Елшісі (с.а.у.) Әл-Әх
-
нәф ибн Қайстың әулеті мен руына сахабаларының бірін дағуатшы 
етіп жіберіп, Ислам дініне шақырды. 
Дінге 
үгіттеуші 
қауымының 
ересектерімен 
кезде- 
 
 сіп иманға шақырды, дініне кіруге шақырды. Халық үнсіз тұрды, 
ешкім  тіл  қатқан  жоқ.  Бәрі  бір-біріне  қарасты.  Сонда  Әл-Әхнәф 
шығып:
– Халайық, неге не ары не бері болмай, шешім қа былдай ал
-
май тұрсыңдар?! Мына келген қонағымыз  игілікпен келіп отыр. 
Сендерді  жақсы  мінез-құ лыққа  шақырып,  жаман  істерден  тый
-
ып отыр.  Уаллаһи, аузынан тек жақсылық естідік. Тура жолдың 
шақы ру шысын қабыл алыңдар. Дүние мен ақыретте жеңіске же
-
тесіңдер, – деді.
Көп  ұзамай  барлығы  Исламға  кірді.  Олармен  бірге  біздің 
кейіпкер  жас  жігіт  те  бар  еді.  Тайпаның  бетке  тұтар  кісілері 
Пайғамбармен  (с.а.у.)  жолығуға  жолға  шықты.  Әл-Әхнәф  жас 
болғандықтан  оны  қоспады.  Осы лайша,  сахаба  болудан  қалып 
қойды. Бірақ Пайғамбардың (с.а.у.) разылығын алып, оның дұға
-
сына кенелді. 
***
Әл-Әхнәф былай дейді:
«Омар 
ибн 
Әл-Хаттабтың 
заманында 
көне 
үйді
 
та  уаф қылып жүргенімде, таныс бір кісі келіп, қолымды алды:
– Саған жақсы хабар айтайын ба? – деді.
– Иә, – дедім.
– Мені Алланың Елшісі (с.а.у.) сендердің тайпа ларыңа жіберген 
күн есіңде ме? Сонда мен сендерді Алланың дініне кіруге шақы
-
рған болатынмын. Сонда сен не айтқаныңды білесің бе?
– Иә.
–  Мен  Пайғамбарға  (с.а.у.)  келіп,  сенің  не  айтқа ныңды  жет
-
кіздім. Сонда Ол (с.а.у.): «Алла Тағалам, Әл-Әхнәфты кешіре гөр» 
деп дұға қылды. 
Содан кейін Әл-Әхнәф:  «Пайғамбар (с.а.у.) дұғасы нан артық қи
-
ямет күнінде үміт артар амалым жоқ», – деп айтып жүретін болды.


 218 
***
Ардақты  Пайғамбар  (с.а.у.)  Раббысына  аттанған  кезде, 
адамдарға Кәззәб Мүсәйләмәһ өтірік айтып, теріс үгіт жүргізді. Ол 
– өзін Пайғамбармын деп бүлік тудырған кісі. Оның кесірінен көп 
адам Исламнан шықты. Оны кездестіріп, әңгімелесуге Әл-Әхнәф 
пен әкесінің інісі Мүтәшәммис екеуі барды. 
Сол  кездері  Әл-Әхнәф  жап-жас  жігіт  еді.  Мүсәй ләмәһқа  жо
-
лыққаннан кейін Мүтәшәммис оған:
– Әй, Әхнәф, бұл кісіге не дейсің? – деп сұрады.
– Алла Тағала жайында жалған сөй лейтін өтірікшінің өзі, – деп 
жауап береді. Ағасы оған әзілдеп:
– Оның өтірікші екенін айтып отырғаныңды жет кізіп қояды деп 
менен қорықпайсың ба?
– Қаласаң, оның алдына барып та айтайын. Мен оны өтірікшіге 
санағанымдай, сен де оны өтірікшіге санамадым деп ант ете ала
-
сың ба? – деп, әзілдесеп Исламға берік екендерін көрсетті.
***
Жас  болса  да  үлкен  істерде  парасаттылық  танытқан  Әл-Әх
-
нәфтың нақты берік ұстамдарына таңырқауға болмайды. Сіз оның 
Тәмим тайпасының өткір ойлы, көзқарасы айқын және табиғаты
-
ның тазалығы жағы нан тарихта сирек кездесетін тұлғалардың бірі 
еке нін білгеніңізде, оның тумысынан ерекше жан екеніне көзіңіз 
жетеді. Бала күнінен бастап тайпа көсемдерінің мәжілістері мен 
жиындарынан  қалмай,  даналардың  қолынан  тәлім-тәрбие  алған. 
Ол  жайында  өзі  былай  дейді:  «Қайс  ибн  Асим  Әл-Минқаридың 
мәжілісіне  даналық  үйрену  үшін,  ғұламалар  мәжілістеріне  білім 
алу үшін қатысатын едік».
«Одан қандай даналық алдың?» деп сұрағанда, Қайс былай жа
-
уап береді: «Бір күні келсем үйінің ауласында тайпа көсемдерімен 
әңгіме құрып отыр екен. Сәлем беріп мен де орын алдым. Осылай 
әңгіме  тыңдап  отырғанымда,  үй  сыртынан  шу  көтерілді.  Сонда 
кісілер бір жігіттің қол аяғын байлап, екіншісін өлі күйінде көтеріп 
алып кірді. Қайсқа қарап:
–  Мынау  –  бауырыңның  баласы.  Ол  сенің  ұлың ды  өлтірді,  – 
деді. Сонда қабағын да түймей, сөзін жалғастырып:
– Бауырымның ұлы! Немере бауырыңды өлтіріп, өз ағайының
-


 219 
ды өзің өлтіріп, өзіңе-өзің пышақ сұқтың ба? – деп, тағы бір ұлына 
қарап: 
– Балам, тұр да, немере бауырыңның қол-аяғын босат. Барып, 
бауырларың ды жерлеңдер. Кейін анасына 100 түйе құн төлеңдер, 
арамыздағы бөтен адам сол ғана, – деді. 
***
Әл-Әхнәф көптеген сахабалардың қолы нан дәріс алды. Олар
-
дың ең данасы – Әл-Фаруқ (р.а.) еді. Оның көптеген мәжілістеріне 
қатысып,  уағыздарын  тың дады.  Оның  қазылық  істері  мен  үкім
-
дерін түсініп, Омар мекте бі нің ең үздік шәкірттерінің бірі болды. 
Әл-Фаруқ  (р.а.)  оның  ой-пікірінің  қалыптасуына,  өмірлік  ұста-
ны мының нақ, берік болуына көп әсер етті. Бір күні одан мұндай 
кішіпейілдік пен даналықты қайдан алдың деп сұрағанда: 
–  Омар  ибн  Әл-Хаттабтан  естігендерім  арқылы,  –  деп  жауап 
беріп: 
– Ол былай дейтін еді: «Әзілқойды жұрт басынады. Кім нені 
көп істесе, сонымен танылады. Сөзі көптің қатесі көп. Ұяты аздың 
тақуалығы аз. Тақуалығы аздың жүрегі өлік».
***
Әл-Әхнәф ибн Қайс тайпасына көсем болып сайланды. Оның 
сайлануына не ата-тегі, не әке-шешесі себепші болған емес. Мұ
-
ның құпиясын сұрағандарға:
– Кімде-кім төрт сипатқа ие болса,  сөз жоқ қаумына көсем бо
-
лады.  Олар:  жамандықтан  тыятын  діні,  намысы,  жолға  салатын 
ақылы және кедергі болатын ұяты болуы керек.  
Сонымен  қатар,  Әл-Әхнәф  ұстамдылығы  мен  парасаттылығы 
арқылы бүкіл арабқа танылып, аты аңызға айналған тұлға. Оның 
төзімділігі,  ба йып тылығы  жайында  былай  деп  жазылған:  «Амр 
ибн Әл-Әһтәм бір кісіні Әл-Әхнәфқа қарсы айдап салыпты. Әлгі 
кісі  аузына  келгенін  айтып  балағаттайды.  Бірақ  Әл-Әхнәф  үн 
шығармай,  былқ  етпей  тыңдап  тұра  береді.  Әлгі  кісі  оның  жау
-
ап  бермегеніне  және  көңіл  аудармағанына  қынжылып,  бармағын 
тістеп,  «Әттеген-ай,    уаллаһи,  оның  үн  шығармауы  менің  өзімді 
масқара қылып, оның алдында төмендетті», – деп өкінген екен».
Бір күні Әл-Әхнәф Басраның сыртында жалғыз өзі келе жатса, 
бір  кісі  алдынан  шығып,  бас  салып  балағаттап  бүкіл  кемшілігін 


 220 
бетіне басыпты. Әл-Әхнәф оған қарамай, ілгері жүре беріпті. Екеуі 
адамдарға жақындағанда боқтап келе жатқан кісіге қарап:
–  Бауырым!  Тағы  айтар  сөзің  болса,  айтып  қал,  тайпамның 
кісілері естіп қалса, басыңа бәле тауып аласың, – депті. 
***
Бәрінен бұрын Әл-Әхнәф ғибадатшыл, үнемі ораза ұстайтын, 
түнде  тұрып  намаз  оқитын,  адамдардың  дүние-мүліктеріне  көз 
салмайтын  жан  еді.  Қараңғы  түнде  шырақ  жағып,  михрабына 
тұрып намаз оқитын. Алланың азабы мен қаһарынан қорыққаны 
сонша лық ты,  намаз  оқыған  кезде,  ауру  адамша  дірілдейтін,  жы-
ла ғанда ұлынан айрылған кісідей боздайтын. Өзінің күнәларының 
бірін сезгенде, айып тарының бірі есіне түссе болды, қолын шы
-
раққа жақындатып:
– Отты сез, ә, Әхнәф! Сол күні солай жасауға қалай дәтің бар
-
ды? Қазір осы шырақтың ыстығына шыдай алмай отырсың, ертең 
тозақ  отының  алауына  қалай  шыдап  бақпақсың?  Алла  Тағалам, 
кешірсең, Сен – кешіруге лайықсың. Азаптасаң, азапқа мен лай
-
ықпын, – дейді екен. 
Алла Тағала Әл-Әхнәф ибн Қайстан разы болсын! Заманының 
кемеңгері, адамзаттың ерекше бір тұлғасы еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет